Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет484/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
№16 кешен 
(шеңбермен) 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Шеңбер төменде, екі қапталынан ұстайды. 
Шеңберді алға шығарады, жоғары көтереді, оған қарайды, түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)     
2. Б.қ.: шеңбер ішінде, қолын төмен түсіріп тұрады. Отырады, шеңберді алады, белге 
дейін көтереді. Отырады, шеңберді еденге қояды. Б.қ. (4-5 рет)      
3. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады. Шеңбер – оң қолда. 
Қолдарын қапталға көтереді, арқасына қояды, шеңберді екінші қолына алады. Қолдарын 
қапталға созады. Б.қ. (5-6 рет)   
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, шеңберді кеуде тұсына шығарып ұстайды. Шеңберді 
жоғары көтереді, шетін аяқтың арасындағы еденге тигізеді, бойын тіктейді, шеңберді 
жоғары көтереді. Бастапқы қалыпқа оралады. (5-6 рет)    


198 
 
5. Б.қ.: шалқасынан жатады. Шеңберді бастан асырып ұстайды. Тізесін бүгеді, шеңбердің 
шетін тізесіне тигізеді. Б.қ. (5-6 рет)    
6. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, шеңберде тұрады. Шеңбердің ішінде қос аяқтап 
секіреді, сегізінші рет санағанда шеңберден секіріп шығады (жүрумен кезектестіріп 4 рет). 
 
№17 кешен 
1.Б.қ: аяқтарының арасын сәл ашып, қолын белге қойып тұрады. Қолдарын қапталға, 
жоғары көтереді, бастан асыра шапалақтайды, бастапқы қалыпқа оралады. (5–6 рет) 
2. Б.қ.: н.т.: қолын төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын алға созып, шапалақтайды. 
(5-6 рет) 
3. Б.қ: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын бастан асырып жоғары көтеріп тұрады. 
Оңға (солға) еңкейеді, аяқтарын шапалақтайды, бастапқы қалыпқа оралады. (Әр жағына 3 
реттен) 
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады. Қолдарын артта ұстайды. Қолдарын қапталға 
созады, саусақтарын аяқтың ұшына тигізеді (оң және сол), қолдарын қапталға созады. Б.қ. 
(5–6 рет)             
5.Б.қ.: шалқасынан жатады, қолдарын тіктеп, басынан асыра созады. Аяқтарын тіктеп 
көтереді, қолдарымен тізесін шапалақтайды, аяқтарын түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)              
6. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын белге қойып тұрады. Өзін айналып қос 
аяқтап секіреді, бір орында жүреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды (3-4 рет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет