Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет183/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Педагог балалардың назарын залдың периметрін бойлай тасталған түрлі түсті орамалдарға 
аударады. Ойын түріндегі жаттығу: «Кім зейінді?» 
 
II. Негізгі кезең. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Жасырынбақ».    
Жан-жақта «шашырап» жүру, қолдарына орамал ұстап аяқтың ұшымен жүру. 
Шеңберге тұрады. Орамалмен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау 
(беторамалдарды саусақтардың ұшымен ұстайды, шынтақтарын түзу ұстау керек).  
 
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды

 
8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген сырықтың астымен 
еңбектеп өту жаттығуларымен кезектестіріп орындайды. Тапсырма – орамалды залдың 
қарсы бетіне алып өту – орамалды басына қойып еңбектеп өту. Балаларға берілетін 
команда: «Маған қарай еңбектеп кел!». 
Тепе-теңдік сақтау – төбесіне құм толтырылған қапшық қойып, жіп бойымен жүру.
 
«Түсіріп алмай, алып кел!» ойыны. Нұсқау: тапсырманың дұрыс орындалуы дене мен 
басты дұрыс ұстауға тікелей тәуелді (егер бас сәл алға қарай еңкейсе, қапшық түсіп кетеді; 
тепе-теңдік сақтау және табанды жіптің үстіне қою.  
 
Бір орында оңға және солға бұрылып секіру. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Секір-бұрыл». 
 
Ойын: «Шарлар мен бағандар»  
Ойын шарттарын еске салу. Нұсқау – шарды асықпай, жаймен домалату қажет. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет