ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қимыл-қозғалыс жасайтын алаңның үлгісін жасау: массажға арналған төсеніштерді екі
қатарға жаяды. Балалардың назарын төсеніштерге аударады. Сиқырлы төсеніштердің
балаларға епті болуға көмектесетінін айтады.
II. Негізгі кезең. Тізбекте бір-бірден тез адымдап жүру және жүгіру, екеуін кезекпен орындау. Тізбекте бір-
бірден өкшемен жүру (арқадағы бұлшық еттерді дамытады), аяқтың ұшымен жүру
(жалпақтабанның алдын алады).
Аяқтың ұшымен жүгіру.
Кәдімгі жүріс.
Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (
массаж жасайтын төсенішпен )
1. Бастапқы қалып: аяқтың арасын сәл ашып, қолды төмен түсіріп тұрамыз.
П.: қолды алға, кеуденің деңгейіне, жоғары көтереміз, түсіреміз, бұрынғы қалпына
қоямыз.
2. Б.қ.: сол қалып. Қолды белге қоямыз.
П.: отырамыз, қолдарымызбен еденді ұстап, тұрамыз, бастапқы қалпымызға қайтып
ораламыз.
3. Б.қ.: қолды белге қойып, тізерлеп тұрамыз.
П: алға қарай еңкейеміз (солға).
4. Б.қ.: отырамыз, аяғымызды тік ұстаймыз, қолдарымызды артқа қойып тірейміз.
П.: тіземізді бүгіп, ішімізге қарай көтереміз.
5. Б.қ.: аяқтарымыз ды қосып, қолымызды белге қоямыз.
П.: екі аяқтап секіреміз, жүреміз (екеуін кезекпен орындаймыз.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде лек-лекпен орындау, балалардың назарын
тапсырманы орындағанда арақашықтықтарын сақтауға аударады.