II. Негізгі кезең.
Кегельдерді алдын ала шеңбер бойына қойып шығады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез ал, тез көтер». Балаларды ынталандыру.
Кегельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Жаттығулар кешенін орындау барысында дене сымбатының бұзылмауын қадағалау.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындайды: Жүгіріп келіп 4-адымнан қос
аяқтап жоғары секіру. Ойын: «Қоңырауды сыңғырлат». Түсіндіру – жіпке дейін 4 адым
жасап, еденнен екпінмен итерілу, қолын қоңырауға тигізу.
Тепе-теңдік – иректеп тасталған жіптің бойымен жүру.
Жаттығудың қалай орындалатынын еске салу және көрсету: қолды қапталға созып,
дене мен басымызды тік ұстаймыз, алға қарап, табанымызды жіптің үстіне қоямыз.
Тізбекте жұппен жүру және жүгіру – адымдардың ырғағын сақтау, бір қарқынмен
қозғалу қабілетіне назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түрлі түсті автокөліктер»
Ойынның ережесін еске салу, автокөліктерді түсіне сай келетін гараждарға бөліп
орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |