Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет399/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Құралдар мен материалдар: 
бала санына қарай диаметрі – 20 см доптар, толтырма 
доптар – 12 дана, орындықтар (орындықтың ұзындығы 35 см, ені 20 см) – 4 дана, 
бетперде, кесілген картиналар (орындық, доп), күліп тұрған карточка. 
Денсаулық сақтау технологиялары: 
тыныс алу гимнастикасы,  көзге арналған 
гимнастика: «Сәуле». 
Билингвалды компонент: 
шашырап жүгіру – бег «врассыпную», сәлеметсіз бе – 
здравствуйте, сау болыңыз – до свидания 
 
 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Карточканы құрастыр». 
Балаларды қаншалық өсіп, өз бетінше әрекет етуге үйренгендерін көрсетуге шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
Қатарға тұру. Залдың бір шетінен қарама-қарсы жағына қарай жүру,  «шашырап» жүгіру, 
қатарға тұру. 
 Тыныс алу гимнастикасы: «Демді тазартатын «ха». 
Ауаны жеңіл жұтуға тырысу қажет.   
Жаттығуды орындайды. 
Б.қ. – аяқтарының арасын ашып тұрады. 
1 – еркін терең дем алады, қолдарын алға қарай жоғары көтереді. 
2  –  мүмкін  болғанша  демін  іште  ұстайды.  Ауызды  ашып,  өңешін  бос  ұстайды,  демді 
аузынан тез шығарады, алға қарай еңкейіп, қолдарын түсіреді («ха»). 
3 – бойын ақырын тіктейді және демалады. 
Демді  шығарған  кезде  ауаны  ауыз  арқылы  шығрады.  «С»  дыбысын  шығарған  сияқты 
қатты ысқырған дыбыс шығарады.  Шығып жатқан ауаға тілмен кедергі жасау қажет. 
 
Негізгі қимылдарды орындайды. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Кім алысқа секіреді?». 
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.  
Екі аяқпен бір уақытта итеріліп секіруге назар аударады. 


165 
 
 
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолдап қағып алу.
 
Нұсқау: допты алдына шығарып ұстайды, алға-жоғары лақтырады; допты саусақтарының 
арасын ашып ұстайды және өзіне қарай қыспайды. 
 Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қуаласпақ-қуыспақ». Нұсқау: жақын тұрған орындықтардың 
үстіне тұру қажет.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет