Бұл бөлімнің басты мақсаты – оқушыларға төмендегілерді үйрету:
Шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін атау және ажырату (центр, радиус, диаметр)/ симметриялық және симметриялы емес жазық фигураларды ажырату, қоршаған ортаның заттарымен арақатынасын белгілеуді;
Шаршы мен тіктөртбұрыш салу (берілген қабырғалары бойынша), циркульдің көмегімен шеңбер сызуды;
Тіктөртбұрыштың (S=a·b), шаршының ( S=a2), тік бұрышты үшбұрыштың (S=(ab):2) ауданын табуға арналған формуланы және қоршаған орта нысандарын қолдануды және құрастыруды;
мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеуді;
Қоршаған ортадағы жазық фигуралар, суретте бейнеленген аралас фигуралардың периметрін анықтауды;
Берілген тапсырма бойынша торкөз бетіне жазық фигуралар салуды, фигураның пішіні өзгеруіне байланысты ауданының өзгеруін түсіндіруді;
Қиылысатын және параллель түзулер сызуды, нүктелі қағазға қиылысатын жазық фигуралар сызуды және бірігу және қиылысу ауданын табуды;
тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен қабырғаларының ұзындығын табуға берілген есептерді талдауды және шығаруды.