Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет2/98
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#94821
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
матем ҚМЖ1 бөлім

Жұмыс дәптері (4 бөлім – оқу тоқсандарының әрқайсысына арналған) – балалардың әрқайсысына арналған жеке құрал. Дәптер бөлімдер бойынша құрылған. Алдымен өтілген материалды игеруге тапсырмалар берілген, кейін қалыптастырушы бағалауға арналған сабақ бойынша тапсырмалар берілген. Критерийлер (дескрипторлар) бағдарламаның мақсаттарына сәйкес таңдалған. Әрбір бөлімнің соңында жиынтық жұмыстар берілген.
Оқулыққа берілген әдістемелік нұсқау күнтізбелік-тақырыптық (ұзақмерзімді) жоспар және сабақ жоспарларына арналған дайындамалардан (қысқамерзімді жоспар) тұрады. Әдістемелік нұсқау мұғалімге бірінші кезекте сабақтың мақсаттарын айқындауға көмектеседі. Біз берген конспектілерде мақсаттар бағдарламаға сәйкес және жіктеуді (барлығына, кейбіреулерге және көпшілікке арналған) сақтай отырып қойылған. Тоқсандар бойынша оқыту реттілігінде ұсыныстар лексикалық тақырыптардың ішінде да сақталды. Лексикалық тақырыптар аясындағы сабақтар тақырыбы баланың жас ерекшелігіне сәйкес іріктелді.
Сабақтың әрқайсысында мәселеге кезігу, одан кейін ол арқылы жаңа білімді ашу қамтылған. Сондықтан әр сабақ іс-әрекеттік технологияда құрылды деп айтуға болады. Оқушыларды математика сабағында білім алу білігіне үйрету мұғалімнің маңызды міндеті болып табылады. Сондықтан сабақ картасы (атап айтқанда іс-әрекет кезеңдерін сақтау), әр сабақтағы өзіндік жұмыс және бақылау сабақтары (өзін-өзі бағалауға, өз қателіктерін түзетуге үйрету) және басқа да маңызды іс-әрекеттік біліктер мұғалімнің назарынан тыс қалмауы тиіс.
Әдістемелік нұсқауда интербелсенді оқытудың кейбір тәсілдері мен стратегияларына сипаттама берілген. Мұғалім берілген стратегияларды сабақтың әртүрлі кезеңдеріне мақсатты қолдануы мүмкін. Әдістемелік нұсқаудың соңында мұғалімге ыңғайлы болуы үшін оқушылардың рефлексивті тәсілдерінің мысалдары келтірілген.
ОӘК-де оқу материалын берудің мазмұны деңгейінде, сондай-ақ оқу іс-әрекетін басқару деңгейінде де жалпы жүйелілік жүзеге асырылған. Әрбір келесі ұғым алдыңғы ұғымнан шығады және оқылған материалды қарастырады, бұл жалпылау және себеп-салдар байланысын орнату үшін жағдай жасайды. Уақытылы бөлінген тұрақты қайталау білімді меңгерудің беріктігіне мүмкіндік береді.
Осылайша, ұсынылған ОӘК сәтті және тиімді оқыту үшін барлық қажетті компоненттерден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет