Тақырыбы: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау / Өсімдіктер әлемі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
3-сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.
3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.
|
Кейбір оқушылар:
|
Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру.
|
Көпшілік оқушылар:
|
Көптаңбалы сандарға өзінің графикалық моделін ұсыну.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын дамыту:
1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санауды біледі.
Пәндік лексика және терминология:
Мың, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Бірліктер класының разрядтарын ата.
Мыңдықтар класының разрядтарын ата.
Көптаңбалы санды қалай дұрыс оқу керек?
|
Жазылым:
|
Көптаңбалы сандарды жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Үш таңбалы сандардың нумерациясы. Разрядтар. Кластар.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Қоры
|
0-3
|
Ынталандыру.
Мұғалім өсімдік әлемінің көптүрлілігі жайында әңгіме жүргізеді. Біздің ғаламшардың өсімдік әлемі алуан түрлі. Түрлі өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері бар. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім де қажет. Өз біліміңізді толықтыруға дайынсыз ба?
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Оқулықтан 1-тапсырманы орындау ұсынылады.
Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.
Оқулықтан 2-тапсырманы орындау ұсынылады.
Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды.
|
Оқулық.
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
3-тапсырмада оқушы мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді:
– Мәтінде қандай сандар кездесті?
– Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес?
|
Оқулық
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Топтық жұмыс. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап, орындайды. Мұғалім оқушыларды мыңдықтармен санау үйлесімді болады дейді. Оқушылар мыңдықтар класымен, көптаңбалы сандарды оқу ережесімен, көптаңбалы сандарды оқу ережесін есте сақтауды жеңілдететін тәсілмен танысады.
Жұппен жұмыс. 5-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды оқиды.
6-тапсырмада оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін тұжырымдайды, тапсырмадағы берілген санды салыстырады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар үлгі бойынша сандар моделін құрастырады.
Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек:
– санның барлық цифларының астын сызамыз – бұл бірліктердің саны;
– бірліктен басқа цифрлардың барлығының астын сызамыз – бұл ондықтардың саны;
– бірліктер мен ондықтардан басқа барлық цифрлардың астын сызамыз – бұл жүздіктер саны.
|
Оқулық, разрядтар кестесі.
|
30-36
|
Өзіндік жұмыс
8-тапсырма оқушылар уақытқа орындайды, қажетті амал таңбаларын теңсіздік дұрыс болатындай етіп қояды.
9-тапсырма зерттеушілік қасиетті қажет етеді, оқушыларға қанша өсімдік, қанша саңырауқұлақ түрлері, тағы басқа қандай өсімдік түрлерінің Қызыл кітапқа енгізілгенін білу керек болады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы материалды түсіну деңгейіне жеткізіп орындауды тапсырады.
Мен:
1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды, разрядтар мен кластар кестесін пайдалана отырып, көптаңбалы сандардың графикалық үлгілерін құрауды үйрендім.
Өткенді қолдану.
Мұғалім дәптердің тиісті бөлімінен жеке тапсырма береді.
|
Оқулық, дәптер.
|
37-40
|
Рефлексия.
«Көңіл-күй картасы».
Сабақ соңында балалар өз көңіл-күй жағдайын, сабаққа деген өзінің көзқарасын, сабақтың өздеріне ұнаған (ұнамаған) сәттерін суреттеп үлестірмелі қима қағаздарды толтырады.
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 7(б)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.
Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.
|
|