Күтілетін нәтижелер
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту мен бөлуді орындау
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.
|
Кейбір оқушылар үшін:
100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды түсіндіру
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
Көбейту мен бөлу тәсілдері.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай көбейтуге (бөлуге) болады?
|
Жазу:
|
Өрнектер
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім саябақтар мен шағын бақтар туралы, осы жерлерде қыдырған уақытта тазалық сақтау ержелерін ұстану жайлы әңгімелейді.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Ауызша есептеу.
Ұқсас өрнектерді тауып, оларды топ бойынша жазу керек.
40×2 30×3 4×2
200×3 400×2 2×3
20×3 3×3 300×2
Тексеру: 2×3 20×3 200×3
3×3 30×3 300×3
4×2 40×3 400×2
- Ондықтарды бір таңбалы сандарға қалай көбейтуге болатынын түсіндіріңдер.
|
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз.
|
|
12–29
|
Өзіндік жұмыс
Оқушылар 2 мен 3-ші тапсырманы орындау нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
Толық сандарды ауызша көбейту алгоритмін қолданамын;
|
Дәптер, оқулық,
|
30–40
|
Өткенмен жұмыс
Баланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.
|
Дәптер, оқулық
|
41–45
|
Рефлексия.
Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.
|
Жетістік сызғышы
|