«Ә д ебиет т ік о қ у»



бет5/8
Дата11.05.2022
өлшемі1,93 Mb.
#141774
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
zhb debiettk-ou 2kl kaz

Балл қою кестесі



Тапсырма №


Жауап


Балл


Қосымша ақпарат

1

D)

1




С)

1




12







Білім алушының ықтимал жауабы: Арманның әкесі - наубайшы. Оның
пісірген ыстық нанын мектептің асханасына да әкеледі. Бүгін ол кісі ауырып қалды. Мектептің асханасына ыстық нан әкелінбеді. Түсте оқушылар асханаға келді. Олар үстелдегі қатып қалған нан тіліктерін көрді. Оның себебін сұрады.
- Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.
Балалар қатқан нанды жерге түсіріп алмауға тырысып жеді.

1

Оқиғаның желісін сақтай отырып, мәтінді жоспарға сай жүйелі мазмұндайды.

1

Лексикалық нормаларды (сөздерді қайталамау, диалект сөздерді қолданбау, сөздерді мағынасына қарай қолдану) сақтайды.

1

Грамматикалық нормаларды (жалғаулар, сөйлемнің құрылымы) сақтайды.



Барлығы


5





Оқылым

2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап, қызықтайды.


Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:
- Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.

1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз. • Балалар қайда тұрады?


• Тоғайда нелер көп?
• Бозторғай қандай құс?

2) Мәтінге ат қой ____________________________________

3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________ _____________________________________________________________________

[5]

13

Балл қою кестесі



Жазылым
3. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.

Тірек сөздер:

шығамыз біргеміз аулаймыз жүреміз күлеміз


Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, ______________________. Бірге балық __________________________,


Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа _____________________ . Тату-тәтті ____________________ , Бөлінбейді іргеміз,


Әрқашанда __________ !

[5] Балл қою кестесі




Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Бірге ойнаймыз, (күлеміз)

1




Бірге балық (аулаймыз)

1

Саяхатқа (шығамыз)

1

Тату-тәтті (жүреміз)

1

Әрқашанда (біргеміз)

1




Барлығы

5



14


5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет