Оқу мақсаты
1
Менің мектебім
2
5
туған
2
Оқылым
1
5
Жазылым
1
5
22
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Әңгімеле.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді. Қасынан өтіп бара жатқан бір қария:
- Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді. Қарияның сөзіне таң қалған Бейбіт:
- Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
- Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп кете берді қария. Бейбіт ештеңе түсінбей қалды. Ол ....
2. Сұрақтарға жауап бер.
• Анасы Бейбітке не айтады деп ойлайсың? • Жерді қорлау дегенді қалай түсінесің?
• Адамдар жерді неліктен анаға теңейді? • Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Бейбіт үйіне жүгіріп келді. Ол анасынан сұрады. Анасы қарияның сөзін түсіндіріп берді. Бейбіт енді жерді қазып ойнамайтын болды.
|
1
|
Сұрақтың мазмұнына сәйкес болатын басқа да жауаптар қабылданады. Мазмұнын сақтай отырып, мәтіннің соңын болжап айтады – 1 балл; Тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады – 1 балл; Сұрақтарға дұрыс жауап береді – 1 балл;
Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды – 1 балл;
Сөйлеу барысында лексикалық нормаларды сақтайды – 1 балл қойылады.
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Иә, қария дұрыс айтады. Жерді біздің анамыз деуге болады. Жерді бостан босқа қорлауға болмайды.
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Жерді бостан босқа қазу/ топырақты шашу/ топырақты ластау
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Жер де ана сияқты адамдарға барын береді. Адамдарға қамқорлық жасайды
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Топырақтың пайдасы көп. Оны бостан босқа шашуға, ластауға болмайды. Жерді қорламау керек.
|
1
|
Барлығы
|
5
|
|
23
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерлік жасаған екеу
Бақыт пен Қазбек есік алдында әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып, жан-жағына қарады. Қазбек көрші үйдің ескі қорасы өртене бастағанын байқады. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті. Үлкендер Бақыт пен Қазбектің ісіне риза болды.
1) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ()
ертегі өлең әңгіме жұмбақ
2) Мәтінге қатысты 3 дұрыс ақпаратты анықтап, белгіле ().
Үлкендер балалардың ісіне риза болды.
Өрттің шығуына Бақыт пен Қазбек кінәлі.
Көрші үйдің ескі қорасы өртене бастады.
Өрттің шығуына кішкентай балалар кінәлі.
3) Мәтіннен кейіпкерлердің жасаған ерлігін сипаттайтын сөйлемді тауып, көшіріп жаз. ________________________________________________________________
[5] Балл қою кестесі
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
Әңгіме
|
1
|
|
Үлкендер балалардың ісіне риза болды.
|
1
|
|
Көрші үйдің қорасы өртене бастады.
|
1
|
Өрттің шығуына кішкентай балалар кінәлі.
|
1
|
|
Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
|
1
|
|
Барлығы
|
5
|
|
24
Жазылым
4. Сызықшаның орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Керекті сөздер:
пайда ал орамал қойма бар
Бөбектерім, оқы, ойна!
Оқу-білім саған __________________________________, Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп __________________________________. Қолыңды жу, тырнағыңды ________________________, Болсын таза бет __________________________________, Мұнтаздай боп мектепке __________________________.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
4
|
Оқу-білім саған (пайда)
|
1
|
|
Сияменен бояп (қойма)
|
1
|
Қолыңды жу, тырнағыңды (ал)
|
1
|
Болсын таза бет (орамал)
|
1
|
Мұнтаздай боп мектепке (бар)
|
1
|
Барлығы
|
5
|
|
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
25
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
26
Достарыңызбен бөлісу: |