«Ә д ебиет т ік о қ у»



бет8/8
Дата11.05.2022
өлшемі1,93 Mb.
#141774
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
zhb debiettk-ou 2kl kaz

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Тыңдалым және айтылым

2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
• Берілген тақырып пен үзіндіге сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды

Білу және түсіну Қолдану

20-минут



Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда.
Самат ұйқысынан кеш оянды. Таңертеңгі асын апыл-ғұпыл ішті де, мектепке жинала бастады. Баласының бұл ісін көрген анасы:
- Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді? - деді.
- Тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар? – деп, Самат анасына таңдана қарады.

Сұрақтарға жауап бер.


• Самат неліктен асықты? • Анасы не деді?
• Самат анасына қандай сұрақ қойды?
• Қай кейіпкердің ойымен келісесің? Неліктен?

2. Анасы Саматқа қалай жауап береді деп ойлайсың? Оқиға қалай аяқталуы мүмкін? Осы сұрақтарды басшылыққа алып, әңгімені ары қарай жалғастыр.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

1

кейіпкерлердің ойына қатысты дәлелді пікір айтады;

1

Берілген тақырып пен үзіндіге сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды

2

мәтіндегі оқиғаның соңын болжап айтады;

1

оқиғаны тақырыпқа сай жалғастырады;

1

оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды.

1

Барлығы

5

27



«Дені саудың жаны сау»

ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға

Бағалау

критерийі

1

сұрақтарға жауап беруде/

2

арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

28


«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

2.2.9.1 Cұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну

Білім алушы
• Әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты анықтайды
• Ақпаратты кестеге түсіреді
• Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайды

Білу және түсіну Қолдану

20 минут



Тапсырма
1. Әр түрлі дереккөздерден Наурыз туралы ақпарат жинақтап, кестені толтыр.


«Наурыз» сөзі қандай мағына береді?

Наурыз қандай мереке?

Адамдар бұл мерекені қалай өткізеді?









2. «Наурыз мерекесі» тақырыбында сурет сал. Суретке қатысты 1-2 сөйлем жаз.



29



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты анықтайды. Ақпаратты кестеге түсіреді

1

бірінші сұраққа қатысты ақпаратты анықтайды және кестеге жазады;

1

екінші сұраққа қатысты ақпаратты анықтайды және кестеге жазады;

1

үшінші сұраққа қатысты ақпаратты анықтайды және кестеге жазады;

1

Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайды

2

тақырыпқа сәйкес сурет салады;

1

суретті тақырыпқа қатысты сөйлеммен толықтырады.

1

Барлығы

5

30


Бағалау

критерийі

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат

ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

31


3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.


Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардын тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын, үшінші және төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

32



Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

1

1

5

2

Оқылым

1

5

3

Жазылым

2

5

33

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Мәтінді мұқият тыңда.

Спортшы Бейбіт


Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Бұл дене шынықтыру сабағында байқалатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Оған өзі де намыстанатын. Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді.
Ағасы аулаға турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып жүрді. Денесін шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.
Жазда ол ауыл балаларымен бірге бокс үйірмесіне барып жүрді. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады. Бокс өнеріне деген ынтасы арта түсті.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. • Бейбіт не үшін намыстанды?


• Оның арманы не еді?
• Бейбіт нені бұлжымас әдетке айналдырды? • Ол қай спорт түрімен әуестенді?
• Спортпен айналысу Бейбітке қалай әсер етті?
[5]

Балл қою кестесі



Тапсырма №


Жауап


Балл


Қосымша ақпарат

1



Білім алушының ықтимал жауабы: Саптың соңғы жағында тұратыны үшін намыстанатын/денесі балалардан кіші болғаны үшін/өзінің басқалардан кіші болғанына/ ең кішкентай, ең нәзік болғанына

1

Білім алушылардың сұрақтың мазмұнына сәйкес кез келген дұрыс жауабы қабылданады.

Тез өсу/ Үлкен болу/Тез өсіп, үлкен болу/Басқа балалар сияқты үлкен болу


1

Дене шынықтыруды/ Спортпен айналысуды/Турникке тартылуды

1

Бокспен/Бокс спортымен/Бокс өнерімен

1

Денесі өсті/қайраттана түсті/турникке жақсы тартылатын болды/бойы өсті

1



Барлығы


5



34
Оқылым



2. Мәтінді түсініп оқы.

Аңшы артынан естілген сыбдырға жалт қарайды. Өзіне қарай келе жатқан сары ала жолақты, сойдақ тістері ақсиған жолбарысты көріп, қорқып кетеді.
Ал жолбарыс аңшыға тиіспей, алдыңғы аяғын созыпты. Аяғы ісіп кеткен екен.
Аңшы пышағымен жолбарыстың аяғын тіліп, іріңін шығарады. Белбеуімен мықтап таңады. Сөйтеді де орнынан тұрады.
Жолбарыс аңшыны жібермейді. Аңшы оның соңынан ереді. Жолбарыс аңшыны қазынасы бар жартасқа ертіп әкеледі де, бір ақырып алып, жөніне кетіпті.

1) Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой ____________________________________

2) Аңшының бұл әрекетін қалай бағалайсың? 2 тұжырымды белгіле () .

Қорқақтық Батылдық Жанашырлық Аңқаулық

3) Мәтіннен жолбарысты сипаттайтын сөздерді теріп жаз. _____________________________________________________________

4) Мәтіннен қандай ой түйдің? Жаз. _______________________________________ _______________________________________________________________________
[5] Балл қою кестесі

35
Жазылым


3. Сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінге жоспар құрастыр.

1) Оқиға неден басталды? Аңшы қандай аңға кезікті?


2) Ары қарай не болды? Аңшы жолбарысқа қалай көмектесті?
3) Оқиға немен аяқталды? Жаралы аң қандай жақсылық жасады? Жоспар:
1) __________________________________ 2) __________________________________ 3) __________________________________
[3]

4. Сөйлемдегі қатені тауып, дұрыс жаз.

1) Қамыс арасынан үлкен шыға келді жолбарыс. __________________________________________________________________ 2) Жолбарыс жөніне кетті бір ақырып алып. ________________________________________________________________


[2]

Балл қою кестесі



Тапсырма №


Жауап


Балл


Қосымша ақпарат

3

Күтпеген кездесу/Жолбарыспен кездесу/Кездесу/Қорқыныш


1

Жоспардың әр бөлігіне 1 балл қойылады. Басқа да дұрыс нұсқалар қабылданады.

Жаралы жолбарыс/Жолбарысқа көмек/Көмек көрсету/Көмек


1

Жақсылыққа жақсылық/ Жолбарыстың алғысы/Алғыс

1

4

Қамыс арасынан үлкен жолбарыс шыға келді.


1




Жолбарыс бір ақырып алып, .жөніне кетті.


1






Барлығы


5





5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

36
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.


Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

37

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты
Тыңдалым және айтылым

2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау




Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын дайын жоспар бойынша баяндайды


Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Білу және түсіну Қолдану

20 минут




Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Қуаныш
Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Оларға күнделікті су құйып, күтіп-баптап жүрді.
Бір күні Анар әжесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлдері мен ағаштарына су құю керек екені есіне түсті. Анасына тапсырып кетпегеніне өкінді. Өзі барғанша гүлдері солып қалатын шығар деп уайымдаумен болды. Әжесінің үйінде ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң қайтып келді.
Келсе гүлі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды.

Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт. Жоспар:


1. Көктемгі еңбек
2. Анардың уайымы 3. Анардың қуанышы


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл




Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын дайын жоспар бойынша баяндайды

1


мәтінді жоспар бойынша жүйелі мазмұндайды;

1

оқиғаның әр бөлігін толық сипаттайды;

1

жеткілікті сөздік қорын көрсетеді;

1

сөздер мен сөйлемдерді мағынасына қарай қолданады;

1

сөйлемнің құрылымын сақтайды;

1

ойын еркін жеткізеді.

1

Барлығы

6

38



Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі



Төмен

Орта

Жоғары

1

Жоспарға сүйеніп, мәтіннің

мазмұнын дұрыс

баяндайды

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға

арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

39


«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу


2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Білім алушы
• Мәтін бойынша сұрақтар қояды
• Мәтіннен сұрақтардың жауабын табады
• Берілген ұйқастардан қарапайым шумақтар құрастырады

Қолдану

20 минут



Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Біз өлкетану мұражайына саяхатқа бардық. Мұражайдағы көне заттар қойылған бөлмеге кірдік. Мұражай қызметкері бізге көне қазанды көрсетті. Ол туралы әңгімелеп берді.
- Қазақ халқының өмірінде қазанның алатын орны ерекше. Өйткені ол – ең басты тіршілік құралы. Халық оны жай ғана қазан демей, «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы қазанды сыйға бермеген, - деді.

1) Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын тап. Қоршап сыз.


• «Қара қазан» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? • Халық қара қазанды неліктен қастерлеген?

2) Мәтіннің мазмұны бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей етіп сұрақ құрастыр.



2. Өлеңді оқы. Сызықшаның орнына ұйқасқа сәйкес келетін төлдің атауын қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Жайқалады қыраттар, Ән салады бұлақтар. Жағасында тұманың
Ойнақтайды _________________________. Дүбірлетіп даланы, ______________________________ шабады.

40



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін бойынша сұрақтар қояды. Мәтіннен сұрақтардың жауабын табады

1

берілген сөздің мағынасын анықтайды;

1

мәтіннен сұрақтың жауабын тауып, көрсетеді;

1

мәтін бойынша нақтылау сұрағын құрастырады;

1

Берілген ұйқастардан қарапайым шумақтар құрастырады

2

бірінші жолға сәйкес ұйқасты жазады (лақтар);

1

екінші жолға сәйкес ұйқасты тауып жазады (құлыншақтар/құлындар).

1

Барлығы

5


41


«Саяхат»

ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

1

2

рубрика

Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

42

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу 3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек жүргізіледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.


Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

43



Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

1

Қоршаған орта

1

5

Саяхат

2

Оқылым

1

5

3

Жазылым

1

5

44

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. «Бозша торғай» әңгімесінің үзіндісін мұқият тыңда. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Жалғастырып айт.
Бозша торғай
Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы жаңбыр жауған. Жер сыз. Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны екен. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.
Балапан Омар атайға жасқана қарады. Салбыраған қанатын сүйретіп қашпақ болды. Бірақ ...
[5] Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Бірақ ұшуға әлі келмеді. Омар атай балапанды үйіне алып келді. Оған жем, су берді. Балапанның үстінің суы кепкен соң далаға алып шығып, ұшырып жіберді.

1

Берілген үзіндінің негізінде оқиғаның мазмұнын болжайды.
Оқиғаның мазмұнына сәйкес болатын басқа да дұрыс жауап қабылданады.

1

Оқиғаны берілген тақырып пен негізгі ойға сәйкес жалғастырады

1

Оқиғаның бірізділігін сақтай (ортасы, соңы) отырып, жүйелі баяндайды.

1


Лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды орынды қолданады.

1

Сөйлеу барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды. Дыбыстар мен сөздерді анық, түсінікті айтады.

Барлығы

5





Оқылым

2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Бұлбұлдан ұят болар


Жексенбі күні Марал мен Айжан орманға барды. Орманды тамашалап, біраз серуендеді. Олар демалуға отырды. Дорбаларынан нан, май, жұмыртқа шығарып, тамақтана бастады.
Кенет жақын маңнан бұлбұл сайрады. Қыздар бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады. Кетер кезде Марал тамақ қалдықтарын бұтаның астына тастай салды. Айжан нанның қоқымы мен жұмыртқаның қабығын қағазға орап, дорбасына салды.

45
– Сен қоқысты неге дорбаңа салдың? Тастай сал, ешкім көрмейді ғой, – деді Марал. – Бұлбұлдан ұят болар, – деді Айжан.

1) Мәтінге сүйеніп, берілген сөйлемдердің ретін анықта және нөмірле (1,2,3, 4).

Сөйлемдер Реті

Жақын маңнан бұлбұл сайрады.

Марал мен Айжан орманға келді.

Қыздар бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады.

Олар әкелген тамақтарын жей бастады.

2) Маралдың іс-әрекетіне қалай қарайсың? Неліктен? ___________________________________________________________



[5] Балл қою кестесі

Жазылым
3. Мәтінге сай келмейтін сөйлемдерді алып тастап, мәтінді қайта құрастырып жаз. Қарамен жазылған сөздердегі жіберілген қателерді тауып, дұрыс жаз.
Атпен көрші ауылға бара жатқанмын. Кенет атым үрікті. Ат – ер қанаты. Ат үріккен жаққа қарадым. Бір үйрек тұзақа түсіп қалыпты. Үйректі қолда өсіру тиімді. Үйректі босатып жібердім. Атам іннің аузына тұзақ құрды. Тұзақтан босаған үйрек ұйасынан ұзамай, суда жүзіп жүрді.
[5]

46
Балл қою кестесі





Тапсырма №


Жауап


Балл


Қосымша ақпарат

3

Атпен көрші ауылға бара жатқанмын. Кенет атым үрікті. Ат үріккен жаққа қарадым. Бір үйрек тұзаққа түсіп қалыпты.Үйректі босатып жібердім. Тұзақтан босаған үйрек ұясынан ұзамай, суда жүзіп жүрді.

1

Мәтінді дұрыс құрастырып жазады.

1

Орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтап көшіріп жазады (3түзетуден артық емес)

1



Каллиграфиялық нормаларды (әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтау, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу) сақтап жазады

Тұзақа- тұзаққа


1



Екі дауыссыздың қатар келуінен жіберілген қатені түзетеді.

Ұйасынан- ұясынан


1

Я әрпінің жазылу емлесіне қатысты жіберілген қатені түзетеді.



Барлығы


5





5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

47
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

48

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т. 5,8. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574


«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет