5. Есептер мен жаттығулар
Төмендегі 2.1-кестедегі өзгерістер сұраныс пен ұсынысқа қалай әсер етеді?
Олардың әсер етуін сұраныс пен ұсыныс қисықтары арқылы сипатта (өзгеріс енгізілетін бағанға белгі қой).
Кесте 2.1
Өзгерістер (басқа шарттар тұрақты)
|
Сұраныс қисығы қозғалады
|
Сұраныс қисығының бойымен қозғалады
|
Ұсыныс қисығы қозғалады
|
Ұсыныс қисығы бойымен қозғалады
|
1. Бәсекелес тауардың бағасының өзгеруі
|
|
|
|
|
2. Жаңа технологияның енгізілуі
|
|
|
|
|
3. Тауардың сәнінің өзгеруі
|
|
|
|
|
4. Тұтыну табысының өзгеруі
|
|
|
|
|
5. Шикізат бағкасының өзгеруі
|
|
|
|
|
2. Салқын сусындарға деген сұраныс функциясы келесі түрде берілген:
QD = 600 – 4P;
QD - сұраныс көлемі;
Р – тауардың бағасы.
3. Егер ұсыныс функциясы мынадай QS = 200 + 4P болса, онда сұраныс пен ұсыныстың теңдестік көлемі мен теңдестік бағасы қандай болады?
Нанға деген ұсыныс функциясы келесі түрде берілген:
QS = 200 + 3P,
мұнда, QS – ұсыныс көлемі;
Р – нанның бағасы.
Егер сұраныс функциясы горизонталь түзу болса және оның көлемі 320-ға тең болса, онда тепе-теңдік баға қандай болады?
4. Тауарға деген сұраныс функциясы Qd = 9 - P, ұсыныс функциясы QS = -2 + 2P. Осы тауардың бір бірлігі үшін 2 а.б. мөлшерінде салық салынған деп ұйғаралық. Салық мөлшерін ескере отырп сатушы мен сатып алушының тепе-тең бағасын анықтаңыздар.
5. «Х» тауарына деген сәйкесінше сұраныс және ұсыныс функциялары берілген: Qdx = 12 - P; QSx = -3 + P. Үкімет тарапынан бір бұйым үшін сатушы алатын 3 а.б. мөлшерінде дотацию қаралған. Дотацияны ескере отырып сатушы мен сатып алушының тепе-тең бағасын анықтаңыздар.
6. елдің тауарға деген сұранысының функциясы берілген: Qd=10-P, ал ұсыныс функциясы мынаған тең: QS = - 5+2P. Осы тауардың бір бірлігі үшін сатушы төлейтін 3 а.б. мөлшерінде салық салынған деп ұйғаралық. Салық салынуға байланысты туындайтын таза ұтылыстың (жоғалтудың) шамасын табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |