Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет9/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум
TViMS, Рухани жаңғыру және қоғамдық саяси дамудың келешегі, OpenDocument Text
    Бұл бет үшін навигация:
  • Баға
2. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Өндірістік нарықты ұйымдастырудың негізгі үш мәселесі: нені? Қалай? Кім үшін өндіру? – сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы шешіледі.

1. Сұраныс

Төлем қабілетті сұраныс – бұл тұтынушылардың ақшалай қаражатымен қамтамасыз етілген қандай да бір тауарға қажеттілік.



Сұраныс заңы. Баға мен сұраныс көлемі арасында кері байланыс болады, яғни тауар бағасы неғұрлым төмен болса, оған деген сұраныс көлемі соғұрлым көп болады және керісінше.

Баға D1 D D2

Р

P1



D2

P2 D

D1
0 Q1 Q2

сұраныс көлемі

Сурет 2.1

Сұраныс қисығы – бұл қисықтың нүктелері белгілі уақыт ағымында қандай бағамен және қанша көлемде тұтынушылар белгілі бір тауарды сатып ала алатынын көрсетеді.

Тауарға сұраныс көлемінің өзгерісі сұраныс қисығы бойымен анықталады. Ал сұраныстың өзгерісі бүкіл қисықтың қозғалысы арқылы анықталады. Сұраныс қисығының оңға жылжуы сұраныстың ұлғаюын, ал солға кемуін білдіреді.

«Сұраныс өзгерісі» мен «сұраныс көлемінің өзгерісі» деген ұғымдарды шатастыруға болмайды. Сұраныс өзгерісі – бұл сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуы, ал сұраныс шамасының өзгерісі – бұл сұраныс қисығының бойындағы жоғары немесе төмен өзгерісі.

Сұраныс қисығын жылжытатын (немесе бағадан тыс) факторлар:



2. Ұсыныс

Ұсыныс – тауар өндірушілердің немесе сатушылардың қандай да бір бағамен белгілі бір уақыт аралығында өткізуге даярлап қойылған тауарлар көлемін көрсетеді.

Сатылатын тауар мен оның бағасы арасында тура тәуелділік болады, яғни тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндірілетін және ұсынылатын тауар көлемі көп болады (басқа жағдайларды тұрақты болғанда).

Ұсыныс қисығы – бұл қисық сатушылардың белгілі уақыт аралығында белгілі бір бағамен сатуға дайын тауарлар немесе қызметтердің көлемін көрсетеді.





Баға

P S1 S S2

P2

P1

S1 S S2

0 Q1 Q2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет