Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері



бет69/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері. Таза қоғамдық игіліктерді тұтыну ақысыз болғандықтан көптеген адамдар таза қоғамдық игіліктерді тегін тұтынуға ынталы болады. Осындай адамдарды «қояндар» немесе «билетсіздер» дейді. Олар таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алған жеке шекті пайдалылықтары туралы нақты ақпарат беруден бас тартады. Осындай адамдар саны көбейген сайын таза қоғамдық игіліктерді өндірудің тиімділігі азая түседі. Осыдан келіп, тегін тұтынуға шын мәнінде мүдделі адамдар саны есепке алынып, таза қоғамдық игіліктерді экономикалық ұтымды мөлшерде өндіру мәселесі туындайды.

Тұтынушылардың саны аз болған сайын қоғамдық игіліктерді тегін тұтынып жүрген адамдарды анықтау оңай болады және тұтынушылар осы игіліктерден алған шекті пайдалылықтың құнын толық төлейді. Мысалы тұтынушылар шағын кооперативтер ұйымдастыра отырып, қоғамдық игіліктерді тегін тұтынғысы келген адамдарды шектейді. Шекті пайдалылық пен шекті шығынды салыстыра отырылып қоғамдық игіліктің ұтымды көлемі анықталады. Тұтынушылардың бәрі таза қоғамдық игіліктерді бірдей тұтына отырып, тепе – теңдік жағдайда болады. Тепе – теңдік жағдайда екінші тұтынушының жағдайын нашарлатпай, бірінші тұтынушының (оның төлейтін ақысын немесе қоғамдық игіліктің көлемін өзгерту арқылы) жағдайын жақсарту мүмкін болмайды. Бұл Парето тиімділігіне сәйкес келеді.

Үкіметтің қызметі қоғамдық мүддені жүзеге асыруға бағытталған. Жеке мұқтаждықтарды үкіметтің іс - әрекетіне айналдыратын ережелер мен қызметтерді саяси институттар дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет