4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Еңбек өнімділігі тұрғысынан алғанда мына төмендегі меншіктердің қайсысы тиімді болып есептеледі:
А) мемлекеттік;
В) муниципалдық;
С) жеке меншік;
D) аралас;
Е) ұжымдық.
2. Қоғамдағы табыстың дифференсациясын мынадай жолмен қысқартуға болады:
А) прогресстік салық салу жүйесін енгізу арқылы;
В) пропорциялық салық салу жүйесін енгізу арқылы;
С) қосымша құнға салынатын салықты азайту арқылы;
D) таза пайдаға салынатын салықты азайту арқылы;
Е) регрессивтік салық салу жүйесін енгізу арқылы.
3. Жалпы экономикалық тепе-теңдік дегеніміз:
А) экономикалық жүйенің тек қана тауарлық нарықтар тепе-теңдікте болатын жағдайы;
В) экономикалық жүйенің тек қана өндіріс факторлары нарығы тепе-теңдік те болатын жағдайы;
С) экономикалық жүйенің барлық нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы;
D) теп-теңдік n-1 нарықта болатын жағдай;
Е) экономикалық жүйенің тек еркін нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы.
4. Таза қоғамдық игіліктің мысалына мына төмендегі игілік жатады:
А) жоғары оқу орны;
В) ұлттық қорғаныс;
С) орта мектеп пен балабақша;
D) концерт залдары мен филармония;
Е) кинотеатрлар.
5. Таза қоғамдық игіліктің мысалына мына төмендегі игілік жатады:
А) жоғары оқу орыны;
В) қалалық бақты жарықтандыру;
С) орта мектеп пен балабақша;
D) емханалық мекемелер;
Е) дұрыс жауап В) және D).
6. Тиiмдiлiктiң қай жағдайында Парето – оңтайлығы орындалмайды:
А) алмастыру тиімділігінде;
В) шығару құрылымының тиімділігінде;
С) қайта бөлу тиімділігінде;
D) өндіріс тиімділігінде;
Е) А және В жауаптары дұрыс.
7. Мемлекеттік меншіктің болу себебі:
А) рентабельсіз салалардың болуына байланысты;
В) жалпыұлыттық және әлеуметтік міндеттерді шешу мен елдің әл-аухатын жақсатару үшін;
С) мемлекеттік жұмсауларды ұлғайту мақсатында;
D) экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін;
Е) инфляцияны ауыздықтау үшін.
8. Қоғамдық игіліктердің дербес игіліктерден айырмашылығы неде:
А) бөлінеді;
B) жекелеп пайдалануға болады;
С) бөлінеді және жекелеп пайдалануға болады;
D) бөлінбейді және жекелеп пайдалануға болмайды;
Е) бөлінеді, бірақ жекелеп пайдалануға болмайды.
9. Төмендегі берілгендердің қайсысы қоғамдық игілік:
A) электр қуаты;
B) кинотетр;
C) футбол стадионы;
D) елдің қорғанысы;
E) цирк.
10. Төмендегілердің қайсысы қоғамдық игілікке жатпайды:
A) электр энергиясы;
B) маяктар;
C) полиция;
D) ел қорғанысы;
Е) су тасқыннан қорғаныс.
11. Қоғамдық игіліктердің жай игіліктерден айырмашылығы:
А) бұл игіліктерді тұтынуда бақталастық жоқ және оларды тұтынуға шек қоюға болмайды;
В) қоғамдық игіліктерге баға бойынша икемділік төмен;
С) қоғамдық игіліктерге баға бойынша икемділік жоғары;
D) бұл игіліктердің нарығын монополизациялау өте жоғары;
Е) барлық жауаптар дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |