2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Кері байланыс әсері
Ә) Өндіріс тиімділігі
Б) Дербес тепе-теңдікті талдау
В) Экономиканың Парето – оңтайлы жағдайы
Г) Шығындар мен нәтижелерді талдау
Ғ) Реттей бөлудің тиімділігі
Д) Әл ауқат шегінің мүмкін болатын сызығы
Е) Трансформацияның шекті нормасы
Ж) Жалпы тепе-теңдікті талдау
1. Баға мен өндіріс көлемінің басқа нарықтарда өзгермеген кездегі нақты нарықтағы тепе-тең баға мен тепе-тең өндіріс көлемін зерттеу
2. Белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнімді тұтынушылар арасында бөлу барысында бір тұтынушының әл-ауқатын төмендетпей өзге бір тұтынушының жағдайын жоғарлату мүмкін емес жағдайы
3. Нақты нарыққа қатысы бар өзге нарықтардағы дәл осындай өзгерістерге жауап ретінде оның бағасы мен тауар көлемінің өзгеруі
4. Барлық нүктелері екі тұлғаның хал-ахуалына қатысты Парето-тиімді үйлесімде болатын қисық
5. Біреулердің әл-ахуалын төмендетпей, басқалардың әл-ахуалын жақсартуға болмайтын экономикалық жағдай
6. Пайдаланудағы ресурстарды бір өнімді көлемін өсіру үшін екінші бір өнімдердің өндіру көлемін төмендетпей бөлудің мүмкін емес жағдайы
7. Нарықтық жүйені біртұтас, яғни тепе-тең баға мен өндіріс көлемінің өзара арақатынасын барлық нарықтарда зерттеу
8. Шығындар мен нәтижелердің кестесін экономиканың секторлары мен салаларының арасындағы өзарабайланысты, экономикалық болжаулар мен жоспарлар құруға пайдалану
9. Өндіріс мүмкіндігінің қисығына сүйене отырып, баламалы тауардың әр қосымша бірлігін алу үшін, өндіруден бас тартуға тура келетін тауардың көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |