Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет11/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

3. Дұрыс/дұрыс емес


№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Ұсыныс заңын тұжырымдаған А. Курно




2

Сұраныс көлемі неғұрлым жоғары болған сайын баға төмендей түседі




3

Баға неғұрлым жоғары болған сайын ұсыныс көлемі соғұрлым аз болады




4

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-тең баға деп аталады




5

Тапшылық дегеніміз сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен көп болып кету жағдайы




6

Біреуің бағасының өсу екіншісіне деген сұраынысты арттыратын болса мұнадай тауарлар толықтырғыш деп аталады




7

Табыс өскен сайын сұраныс арта түсетін тауарлар нашар тауарлар




8

Тұтынушылардың табысының өзгеруі бағадан тыс фактор болып есептеледі




9

Ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныстың өгерісін білдереді




10

Сұраныс қисығының жылжуы сұраныс шамасының өзгерісін білдіреді




11

Сұраныстың шамасы ұсыныстың шамасынан асып кетсе әсере молшылық пайда болады




12

Баға төмендеген сайын сұраныс көлемі өсетінін сұраныс қисығы көрсетеді




13

Тауардың бағасы мен оған деген сұраныс шамасының арасында тура тәуелділік болады




14

Сұраныс қисығы оң көлбеу болып келеді




15

Алмастырғыш тауардың бағасының өзгеруі бағалық фактор




16

Толықтырғыш тауардың бағасының өзгеруі бағалық фактор






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Төмендегі тауарлар мен қызметтердің бағалары төмендеді. Қандай тауарға немесе қызметке сұраныс мөлшері ұлғая түсуі мүмкін?

А) сіріңке;

В) нан;

С) шаштараз;

D) алтын;

Е) тұз.
2. Қазіргі нақты баға тепе-тең бағадан төмен делік. Бұл жағдайда:

А) тапшылық болады;

В ) ұсыныс артықшылығы байқалады;

С) ұсыныс өзгереді;

D) сұраныс өзгереді;

Е) жағдай өзгеріссіз қалады.
3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары берліген. QD = 44 – P (сұраныс функциясы), QS = 5Р – 4 (ұсыныс функциясы). Тепе – тең бағаны және көлемді табыңыздар.

А) 6 және 24;

В) 8 және 24;

С) 8 және 36;

D) 6 және 36;

Е) 5 және 35.


4. Сұраныс өзгерісі мен сұраныс көлемінің өзгерісі арасындағы айырмашылығы:

А) сұраныс өзгерісі сұраныс көлемі өзгерісінің қосындысынан тұрады;

В) сұраныс белгілі тауарды анықтайтын бағадан басқа факторлар өзгерген кезде өзгереді;

С) сұраныс көлемі бағадан тыс факторлардың өзгеруі нәтижесінде өзгереді;

D) сұраныс көлемінің өзгерісі – бұл сұраныс қисығының жылжуы;

Е) А) және С) жауаптары дұрыс.


5. Сұраныс заңын қалыптастырған:

А) А. Курно;

В) А. Смит;

С) Д. Рикардо;

D) К. Маркс;

Е) В. Ленин.


6. Қантқа деген сұраныс функциясы былайша берілген:

QD = 300 – P, мұндағы QD – бір күн ішіндегі қантқа деген сұраныс шамасы (кг), ал P – теңгемен берілген қанттың бағасы. Ұсыныс функциясы мынадай теңдеумен өрнектеледі: QS = 150 + 2P, мұндағы Qs – қанттың бір күнгі ұсыныс шамасы (кг). Қантқа деген тепе-тең көлемді және тепе-тең бағаны табыңыздар.

А) 50 және 300 сәйкесінше;

В) 60 және 250 сәйкесінше;

С) 40 және 270 сәйкесінше;

D) 20 және 90 сәйкесінше;

Е) дұрыс жауап жоқ.


7. Ұсыныс заңы

A) тауар бағасының мен сұраныс көлемінің арасында кері тәуелділік болады

B) сатылған тауардың бағасы мен ұсыныс көлемінің арасындағы тікелей тәуелділік

C) ұсыныс көлемі бағаға тәуелді болмайды

D) тауар бағасы көтерілгенде тауарға ұсынысы азаяды

E) дұрыс жауап с) және d)


8. Ұсыныс артықшылығы:

А) бағаны көтереді;

В) бағаны төмендетеді;

С) бағаға әсер етпейді;

D) сатып алушыларды тауарды сатып алуға ынталандырады;

Е) сұранысты арттырады.


9. Тұтынушылар табысының өсуі нәтижесінде (басқа шарттар бірдей болған жағдайда):

А) сұраныс мөлшері өседі;

В) сұраныс азаяды;

С) сұраныс мөлшері азаяды;

D) сұраныс өседі;

Е) ұсыныс мөлшері азаяды.


10. Ұсыныс қисығының солға қарай орның ауыстырудың себебі:

А) белгіленген тауарды өндіру үшін пайдаланатын ресурстарға бағаның төмендеуі;

В) еңбек өндірістілігін арттыратын жаңа технологияларының еңгізілуі;

С) салықтардың өсуі;

D) басқа тауарларға бағалардың өсуі;

Е) ұсыныстың өсуі.


11. Аталған мысалдарының қайсысында “сұраныс көлемінің өзгерісі” байқалады:

А) халық табысы өседі, нәтижесінде зергерлік бұйымдардың сату көлемі өседі;

В) “Toyota” бағасының өсу салдарынан “Chevrolet” моделінің сату көлемі өседі;

С) шаштараз қызмет көрсетудің бағасын көтерді, осыған байланысты оның клиенттерінің саны қысқарады;

D) барлық аталғанның бәрі “сұраныс көлемінің өзгерісі” болып табылады;

Е) тұтынушы күтімінің нәтижесінде.


12. Сұраныс бағасы дегеніміз:

А) сатып алушылар белгілі тауарға төлеуге дайын ең төменгі баға;

B) сатып алушылар белгілі тауар санына төлеуге келісетін ең жоғары баға;

C) сатушылар нарықта тауарларын сататын ең төменгі баға;

D) сатушы өз тауарын сататын ең төменгі баға;

Е) сатушы өз тауарын сатуға келісетін ең жоғары баға.


13. Өндірушілердің тауардың белгілі бір көлемін сатуға келісу бағасы мен осы тауарды нақты сатқаннан түсетін ақшалардың айырмашылығы:

А) өндірушінің артықшылығы;

В) сұраныс заңы;

С) ұсыныс функциясы;

D) ұсыныс заңы;

Е) сұраныс функциясы.


14. Ұсынылатын тауар көлемі мен оның бағасы арасындағы ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа факторлары тұрақты болып сақталғандағы тәуелділігі.

A) өндіріс анықшылдығы

B) сұраныс заңы

C) ұсыныс функциясы

D) ұсыныс заңы

E) сұраныс функциясы


15. Келесі тәуелділікпен байланысқан тауарларды ата: біреуінің бағасының өсуі екіншіге деген сұранысты арттырады

A) өзара толықтырғыш тауарлар;

B) өзарақатыссыз тауарлар;

C) қауіпті тауарлар;

D) өзара ауыстырғыш тауарлар (субституттар);

E) нашар тауарлар.


16. Тауар бағасынан өзге факторлардың әсерінен ұсыныс қисығын өзгеруі:

A) сұраныстың өзгеруі;

В) ұсыныстың өзгеруі;

С) ұсыныс көлемінің өзгеруі;

D) ұсыныс шамасының өзгеруі;

Е) сұраныс шамасының өзгеруі.


17. Сұраныс қисығының қозғалысы мынадай кезде болады:

А) тауарға мода болса;

В) халықтың санына байланысты;

С) тауардың санына байланысты;

D) халықтың табысына байланысты;

Е) тұтынушылардың күтуіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет