2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Олигополия
Ә) Баға бәсекелестігі
Б) Ойын теориясы
В) Картель
Г) Құпия келісім
Ғ) Дуополия
Д) Олигопсония
Е) Доминанттық стратегия
Ж) Нәтижелер матрицасы
З) Нарықтың шоғырлануы
И) «Ереже бойынша ойын»
К) Нэш тепе-теңдігі
Л) Бағалық лидер
М) «Сынық» сұраныс қисығы
Н) Өнімнің түрленуі
О) Синдикат
П) Тауар белгісі
Р) Монополистік бәсеке
1. . Біртекті өнімді жасаушы кәсіпорындар бірлестік реті: мұнда жеке меншік шаруашылық материалдық шартқа деген жеке меншік қатысушы бірлестікке сақталады,ал дайын өнім олардың осы құрылған мекемесі арқылы жүзеге асатын ортақ тауары.
2. Фирмалар көп болған жағдайда әрқайсысы монополиялық биліктің бір бөлшегіне ие болатың жағдай
3. Тауарды немесе фирманы тануға мүмкіндік беретін арнайы рәміз
4. Заңмен қудаланатын бағаға, нарықтың бөліну және басқа да мәселелердің шектеулерлеріне байланысты жабық келісім.
5. Бәсекелестің іс-әрекетінен тәуелсіз, ең жақсы нәтиже беретін ойыншының стратегиясы.
6. Қандай да бір тауарды өткізу барысында доминантты сатушылардың аз болуы, ал жаңа сатушылардың пайда болуы өте қиын немесе мүмкін емес болатын нарық құрылысы.
7. Тұтас монополия сияқты, өнім шығару көлемі мен бағаларына байланысты келісілген шешім шығарып жұмыс істейтін фирмалар тобы.
8. Бәсекелесі таңдаған стратегия шарты бойынша әр ойыншының стратегиясы оптималды болатын ойын шешімі.
9. Бір ойыншы стратегиясының мүмкіншілігінің нәтижелері мен басқа ойыншының мүмкін болатын реакциясын көрсететін кесте.
10. Үйлестірілмеген олигополия мен жасырын келісім арасындағы ымыраны ұсынатын олигополия формасы.
11. Әр түрлі фирмалардың бірдей тауарлары арасындағы нақты немесе нақты емес айырмашылықтар
12. Олигополиялық нарықта бәсекелес фирмалардың бағаларының төмендеуінің жалғасуының циклы
13. Шешім қабылдауға байланысты, мүмкін болатын жағдайлардағы қатысушылардың мінез-құлқтарын зерттейтін математикалық методтар туралы ғылым
14. Нарықтық ұсыныстың белгілі ресурстарын бірнеше фирманың сатып алатын, өндіргіш факторлары болатын нарық құрылымы.
15. Олигополистің өніміне деген ұсыныс қисығы, оның бағаны төмендетуіне бәсекелестер қосылады деген болжамға негізделген, бағаны жоғарылату жөніндегі шешімге қосылмайды.
16. Нарықтық құрылым моделі бойынша нарықта сәйкес тауарды ұсынушылар екі бәсекелес-сатушы жалғыз болуы мүмкін.
17. Олигополистік нарықтағы фирма бағаны көтереді немесе төмендетеді, сол уақытта нарықтағы өзге фирмалар баға белгілеуде көшбасшыға ереді.
18. Нарықтағы бір немесе бірнеше ірі фирмалардың ие болу деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |