4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. жетілдірілген және монополыялық нарықтардың бәсекелестігі жалпы көрініс табады:
А) дифференциалды тауарлар шығарады;
В) нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар;
С) әрбір фирма өзінің өніміне жатық сұрыныс қисығына тап болады;
D) бір өнімді тауарлар шығарылады;
Е) әрбір фирманың нарықтық тәртібі, оның бәсекелес фирмалардың реакциясына байланысты болады;
2. Картель қатысушысы өз пайдасын былайша арттыра алады:
А) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiн арзан бағаға сату арқылы;
В) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiне жоғары баға белгiлеу арқылы;
С) белсендi бағалық емес бәсеке жасау арқылы;
D) бағаны көтеру үшiн белгiленген шектен төмен етiп өнiм өндiру;
Е) картельдiң келiсiлген бағаны үнемi көтерiп отыруын талап ету арқылы.
3. Ұзақ мерзiмдi кезеңде:
А) бәсекелестiк жетiлген нарықтағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;
В) монополиялық бәсекелестiк нарығындағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;
С) бәсекесiз нарықтағы олигополист пен монополист экономикалық пайда алады;
D) нарыққа кiруге қойылатын тосқауыл неғұдлым жоғары болса, онда ол осы нарықта жұмыс iстеп тұрған фирмалардың экономикалық пайда алуына ықпал етедi;
Е) жоғарыда айтылғандардың бәрi де дұрыс.
4. Бәсекелестік жетілген нарық пен монополиялық бәсекелетік арасында ұқсастық бар,ол мынада:
А) Нарықтық ортада сатушылар мен сатып алушылар саны көп;
В) Өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар тауарлар өндіріледі;
С) Стандарты, біртектес тауарлар өңдіріледі;
D) Фирмалардың тауарларына деген сұраныс қисығы горизонталь
сызық болады;
Е) Нарықтағы әр фирманың іс-әрекет, онымен бәсекелес фирмалардың іс-қимылдарына байланысты болады.
5. Монополиялық бәсеке тұтынушыларға тиімді әрі пайдалы деушілер былай деп тұжырымдайды:
А) Өнімге өзіндік ерекшелік беру тұтынушылардың әр түрлі талғамдарын жүзеге асыруға ықпал етеді;
В) Монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар нарық тұрғысынан алғанда тиімді болатын өнім көлемін өндіреді;
С) Толық бәсеке фирмалар арасындағы күреске әкеп соғады;
D) Монополиялық бәсеке жағдайында қоғам тұрғысынан алғанда тиімді саналатын ресурс қолдануға қол жетеді;
Е) Барлық тұжырымдар дұрыс.
6. Монополиялық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы қандай болады:
А) Икемді;
В) Икемсіз;
С) Өте икемді;
D) Өте икемсіз;
Е) Сынық сызықты.
7 ОПЕК төмендегі нарық құрылымының қайсысына жатуы мүмкін:
А) Толық жетілген бәсекелес фирма;
В) Монополиялық бәсекелес фирма,
С) Бірге қызмет істеуге ыңғайланбаған олигополия;
D) Картель;
Е) монопсония.
7. Пайдаларын бірге барынша көбейту үшін фирмалар төмендегі нарық құрлымдарының қай түрін ұйымдастырулары мүмкін:
А) монополиялық бәсеке нарығын;
В) картель;
С) олигополия;
D) монополия;
Е) таза бәсеке нарығын.
8. Жетілген бәсекенің монополистік бәсекеден айыратын маңызды көрсеткіші:
А) монополистік бәсеке нарығына кірудің кедергілердің болуы;
В) бәсекелес фирмалар біртекті емес, дифференциалды өнім сатады;
С) монополистік бәсеке жағдайында ұзақ кезеңінде фирма максималды пайда алады;
D) бәсекелес фирмалар әмбебапты тауарды сатады;
Е) жалғыз сатушы ғана болып табылады.
9. Өз жағдайын нарықта нығайту және пайданы арттыру үшін сауда маркасы мен сауда белігілері қандай нарық моделі үшін қажет:
А) таза монополия;
В) таза бәсеке;
С) монополиялық бәсеке;
D) олигополия;
Е) олигопсония.
10. Дуополия қандай бәсекенің дербес жағдайы:
А) жетілген бәсекенің;
В) монополияның;
С) олигополияның;
D) монополистік бәсекенің;
Е) кез – келген нарық түрінің.
11. Олигополия – бұл нарықтық құрылым, онда қызмет;
А) бір өнімді шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;
В) дифференциалды тауар шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;
С) бәсекелес фирмалардың көлемінің аздылығы;
D) бір ғана ірі фирма;
Е) бір ғана ірі сатып алушы.
12. Нарықты қадағалайтын бірнеше фирмалардың арасында өндіріс сала бойынша бөлінсе, онда бұндай нарық құрылымы қалай аталады:
А) жетілдірілген бәсеке;
В) монополиялық бәсеке;
С) олигополия;
D) монополия;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
13. Екі фирманың арасындағы қарым-қатынасты Курноның дуополиялық моделіне жатқызуға болады, егер:
А) фирмалардың ойынша, бәсекелес берілген баға бойынша қолдау стратегиясын жүргіссе;
В) әрбір фирманың ойынша, оның бәсекелесі ағымдағы өнімде өз өнімін өзгертпей ұстап отырады;
С) келісім-шарт бойынша фирмалар өндіріс көлемін таңдап отырады;
D) фирмалар минимальді деңгейде өндіріс көлемін таңдап отырады;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
14. Олигополия дегенiмiз нарық құрылымы және ол кезде нарықта:
А) бiрдей тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;
В) өзiндiк ерекшелiктерi бар тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;
С) бәсекелес фирмалардың саны өте көп болмайды;
D) тек қана бiр iрi фирма болады;
Е) тек қана бiр iрi сатып алушы болады.
15. Олигополия теориясын салған алғашқы ғалым:
А) Эдвард Чемберлен;
В) Огустен Курно;
С) Джоан Робинсон;
D) Карл Маркс;
Е) В. Ленин
16. Дуополия кезiндегi нарық сұранысының қисығы берiлген: P=60-2Q, бұндағы Q=Qa +Qb .Екi фирманың технологиясы бiрдей және TCa =TCb тұрақты, сондықтан MCa =MCb =0.Осы деректердi пайдаланып:
А және В фирмаларының Курно тепе – теңдiгiндегi өнiм көлемiн және өнiмнiң әр данасының бағасын тап:
А) Q1=10; Q2=10; P=20;
В) Q1=20; Q2=20; P=10;
С) Q1=30; Q2=30; P=10;
D) дұрыс жауап жоқ.
Е) анықтау мүмкін емес.
17. Олигопсония - бұл нарықты құрылым, мұнда:
А) тауар біртекті, нарыққа кіру кедергілері жоқ, 2 сатушы және көп сатып алушы болады;
В) көп сатып алушы мен сатушылар болады, кедергілері жоқ, өнім тұтынушының көзқарасы бойынша ерекшелінеді;
С) нарықта бір сатушы және 3 сатып алушы болады і;
D) нарықта көп сатушы және бір сатып алушы болады, тауар біртект;
Е) нарықта бір сатып алушы және бір сатушы.
18. Олигополия сипаттамасына жатпайды:
A) фирмалардың салаға жеңіл кіріп – шығуы;
B) фирмалар санының азғантайлығы;
C) бағаны бақылай алуы;
D) фирмалардың арасындағы тәуелділік болатыны;
Е) фирмалардың салаға кіріп – шығу қиындығы.
19. Дифференцияланған және стандартталған өнімді өндіретін бірнеше ірі өндіруші бар нарық моделі:
А) олигопсония;
В) монопсония;
C) олигополия;
D) жетілген бәсеке;
E) монополия.
20. Нарық шеңберінде сатудың қомақты бөлігін үлкен-үлкен бірнеше фирма жүзеге асырады, және өздерінің іс - әрекеттерімен нарықтағы бағаға әсер тигізеді, демек -бұл:
A) монополия;
В) олигополия;
С) олигопсония;
D) монопсония;
Е) монополиялық бәсеке.
Достарыңызбен бөлісу: |