Ресурстардың ұтымды үйлесімдері. Фирмалар аз шығын жұмсай отырып барынша көп пайда табу үшін ресурстарды ұтымды үйлестіруге ұмтылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін екі ереже орындалуы керек.
Бірінші ереже: мейілінше аз шығын ережесі.Белгілі өнім көлемін аз шығынмен қамтамасыз ету үшін әрбір ресурсты сатып алуға жұмсалған соңғы теңгенің шекті өнімдері бірдей болуы керек. Егер өндірісте екі фактор ғана (капитал және еңбек) қолданылады деп жорамал жасасақ, мейілінше аз шығынға қол жеткізу үшін мына теңдік орындалуы керек: