Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылына жаңартылған мазмұнның
жаратылыстану-математика бағыты бойынша 10 «Ә» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарына
Түсінік хат
Оқу бағдарламасының жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығының 2-қосымшасы «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары» негізіне сай құрылған.Бұл 10 сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының жасақталуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттар оқу бағдарламалары басшылыққа алынды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
ЖМБ бойынша 10 сыныпта тереңдетілген деңгейдегі 4 сағаттан 2 міндетті пәнге жаратылыстану-математика бағыт білім алушылары өз таңдауларымен нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктеріне сай өз талап таңдауларымен физика және биология пәнін және стандарттық деңгейдегі 2 сағаттан 1 міндетті пәнді жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандартты деңгейдегі пәндерден «Графика және жобалау» оқу пәнін оқу курстарына таңдаулары бойынша енгізді.
Білім алушылардың графикалық және жобалық қызметін қалыптастыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл жаңа пәнді ЖМБ бағыттағы 10 сынып білім алушылары қызығушылықпен таңдады. «Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың білім беру мақсаттары жаңа білім беру стандартында күтілетін нәтижелер жүйесі түрінде берілген.Олар «Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаттарында жалпыланған - графикалық кескіндер теориясының негіздерін оқу және геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру, білім алушылардың жобалау шығармашылық қызметін, олардың графикалық мәдениетін қалыптастыру және дамыту мақсатындағы жаңа пән білім алушылардың болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес таңдалды.
Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында жеке және топтық сабақтарға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 10 «Ә» сыныбына бөлінген 6 сағат төмендегі пәндерге берілді:
1.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпы ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша 10-сыныптарға «Абайтану» курсы берілді. «Абайтану» - 1 сағат.
2. Дүниежүзі тарихы -1 сағат «Өркениет даму ерекшеліктері»
3. География – 1 сағат «Ғаламдық география»
4. Құқық негіздері – 1 сағат «Мемлекет және құқық»
5. Химия.«Химия және экология»
6. 1 сағат «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық-дала жаттығуы мақсатына
Жеке және топтық сабақтарға таңдалып алынған пәндер білім алушылардың өз сұраныстарын қанағаттандыру негізінде болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес таңдалып алынды.
«Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылына қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 11 «А» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарына
Достарыңызбен бөлісу: |