«Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылына жаңартылған мазмұнның
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 10 «А» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарына
Түсінік хат
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 10-сыныптарға жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады. 10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау. Оқу бағдарламасының жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығының 1-қосымшасы «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары» негізіне сай құрылған.
Бұл 10 сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының жасақталуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруда келесі нормативтік құжаттар оқу бағдарламалары басшылыққа алынды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
10 сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталған. Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылардың өздері анықтайды. 10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.Сондықтанда тереңдетілген деңгейдегі 3сағаттан 2 міндетті пәнге қоғамдық-гуманитарлық бағыт білім алушылары өз таңдауларымен дүниежүзі тарихын және география пәнін және стандарттық деңгейдегі 2 сағаттан 2 міндетті пәнді химия мен физика пәнін білім алушылар болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес өз бейіндеріне сай сұраныстарымен таңдап оқытуға енгізді.
Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында жеке және топтық сабақтарға қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 10 «А» сыныбына бөлінген 7 сағат төмендегі пәндерге берілді:
1.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпы ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша 10-сыныптарға «Абайтану» курсы берілді. «Абайтану» - 1 сағат.
2. Қазақ тілі -1 сағат «Қазақ тілінің грамматикасы»
3. Ағылшын тілі – 1 сағат «Funny English»
4. Құқық негіздері – 1 сағат «Құқықтық мемлекет»
5. Биология.«Биохимия және тіршілік»
6. Информатика.«Графика және 3d модельдеу»
7. 1 сағат «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі негізінде 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған. Сол мақсатта АӘТД-1 сағат білім алушылардың дайындық деңгейіне арттыру әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін білу мақсатында енгізіліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |