«Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаңартылған орта білім беру мазмұнының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Негізгі орта білім берудің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарына


сыныпта жеке топтық курстарға берілген 1 сағаты



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі59,74 Kb.
#84037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5-11 тусиник хат оку жоспары 2019-2020

5 сыныпта жеке топтық курстарға берілген 1 сағаты білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын дамыту,ептілік пен икемділікке тәрбиелеу, волейбол ойынының тактикасы мен допты алып жүру және беру әдістерін үйрету мақсатында ұл мен қыз балалардың таңдауымен барлық 5«а»,5«ә», 5«б» сыныптарына «Волейбол» үйірмесіне берілді.
6- сыныптардың вариативтік компоненттен элективті курсқа бөлінген 3 сағаты төмендегі пәндерге берілді:
1. 6«а» сыныбына қазақ тілінен «Сәлем морфология»
6 «ә» сыныбына қазақ тілінен сатылай кешенді талдау жүйесін дамыту мақсатында «Лексика әлемі»
6 «б» сыныбына қазақ әдебиетінен «Тілдің көркі-сөз» элективті курсына берілді.
2. 6«а», 6 «ә», 6«б» сыныптарының барлығына «Зеректер математикасы» элективті курсы таңдап алынды.Бағдарлама бойынша бұл курс математикадан алған білімдерін тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік беру (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсету арқылы дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйрету мақсатында жүргізіледі.
Бұл 6 сыныптағы математикадан таңдалып алынған элективті курсқа кіретін барлық есептер, олардың дәлелдеулері оқушыларға қиындықтар тудырмайды, өйткені құрамында қиын есептеулері жоқ, ал әрбір алдынғы есеп келесіге дайындық және әрбір есеп қайталанбайтындай етіп, қарапайымнан күрделіге қарай, әуестілігі мен қызықтылығын сақтай отырып таңдалып алынған тапсырмалармен байытылған.
3. Жаратылыстану ғылымы саласынан білімалушылардың бойында табиғат құбылыстары және заңдылықтары жайлы ұғым қалыптастыру, табиғатты танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстыру, сонымен қатар бұл құбылмалы әлемде дүниетанымдық, мәдени және білікті тұлғаның қалыптасуына, жүйелі-құнды жеке тұлғалық тәрбие беру мақсатында
6 «а» сыныбына жаратылыстану пәнінен «Ұлы саяхатшылар» оқыту курсы
6 «ә» сыныбына жаратылыстану пәнінен «Қызықты география»
6 «б» сыныбына жаратылыстану пәнінен «Табиғат таңғажайыптары»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет