БЕКІТЕМІН:
«№2 орта мектеп» МКМ директоры
Э.К. Куздеубаева
________________________
«_____» ________________
|
КЕЛІСЕМІН
Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары
Авалиев А. А.
________________________
«____» _________________
|
ӘБ ОТЫРЫСЫНДА
ҚАРАЛДЫ:
Хаттама № ______
ӘБ жетекшісі
Абдрахманова А. А.
_______________________
|
Химия пәнінен «Химия пәнінен типтік есептерді шығару жолдары» қолданбалы курсы сабағының 10 «А» сыныбына арналған жылдық жұмыс жоспары
2019-2020 оқу жылы
МҰҒАЛІМ: Бастамбеков Б. Т.
ОБЛЫС, ҚАЛА: Алматы облысы, Қапшағай қаласы
МЕКТЕП: № 2 ОМ
СЫНЫП: 10 «А» ,САБАҚТАР: 34, САҒАТ САНЫ: 1
Түсінік хат
Химия сабағының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген. Курстың негізіне атом-молекулалық ілім, стехиометриялық заңдар, химиялық элементтердің периодтық заңы алынған.
Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.
Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету.
Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.
Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.
Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.
Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |