Табақ (Рес. Орын.; Көкш.) шыны аяқтың тәрелкесі [Диалектологиялық сөздік, 612- б.].
Бесқонақтың бес күні өткен соң, дүние жынынан айырылған бақсыдай жым – жырт бола қалды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 143 б).
Бесқонақ (Түрік., Красн.) наурыздың 14 – нен 20-22 –сіне дейін соғатын ыстық жел [Диалектологиялық сөздік,166 -б.].
Жаяу борасыннан сақина – сақина боп шимайланып қалған ұлпа құмақтағы әлдебір сиқыр жазып кеткен дұғалықтай көп шиыр, қанша телміргеніңмен, ой сергітердей нышан танытпайды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 144 б).