Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы диалект сөздердің қолданысы: Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың



бет13/13
Дата03.07.2020
өлшемі35,89 Kb.
#74861
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
диалектология готов
1. Дидактикалық материалдар. Қосымша 2. Нұсқа 2., Айтыс мақала, Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас
Сақа (Орал,Жән.) кәрі, қарт [Диалектологиялық сөздік, 566- бет].

  1. Кешеден бері ың-жыңнан басы зеңгіріп, дарбаза алдындағы жалғыз тұттың көлеңкесіне зорға жетті (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 198 б).

Тұт (Қарақ.,Қоң) кішкене, домалақ тәтті жеміс [Диалектологиялық сөздік, 651- бет].

  1. Тұсаулы аттың китің-китің жүрісіндей құрылысшының кірпіш санаған күйкі қимыл-қыбыры мезі қып барады (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 204 б).

Күйкі (Гур.,Маңғ) кішкентай [Диалектологиялық сөздік, 374- бет].

  1. Әуелі қыстақтың шетіндегі қозы-лақ жайылып жүрген кішкене қолаттан асып, кебіртік жалдың басына шықты (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 207 б).

Қолат (Алм., Шел) жыра, сайдың қолтығы [Диалектологиялық сөздік, 452- бет].

  1. Кемірейген саз балшық дуалдармен қоршалған шөкім-шөкім танаптық жерлер шытыраның көзіндей ию-қию (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 207 б).

Танап (Қарақ.,) өлшем. Бір танап жер [Диалектологиялық сөздік, 620 - бет].

  1. Түс ауа айдаладан бір домалақ төбе жақындаған сайын, астынан әлдебір жемір кеміріп жатқандай, бірте-бірте аласарып, тіпті жақындағанда жылмағай жазықтан басын көтермей жатып алды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б).

Жемір (Алм.,Нар.)жебір, жегіш [Диалектологиялық сөздік, 286 - бет].

  1. Көп ұзамай әкесі шарыққа бұның өзін отырғызды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 210 б).

Шарық (Қарақ.) құдықтан су тарту үшін орнатылған ағаш бұтағы [Диалектологиялық сөздік, 707 - бет].

  1. Олар қызыл шағыл қара қатқақпен астасар жеріндегі шұңғыл түлейге кірді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 211 б).

Түлей (Түрікм.:Красн.,Ашх.,Таш.,Мары; Жамб., Шу) ылғи сексеуіл өскен қалың жер [Диалектологиялық сөздік, 654 - бет].

  1. Елсіз түзде түн ішінде бейсаубат қару асынып жүргеніне қарағанда, қорқынышты адамдар (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 215 б).

Бейсаубат (Орал:Чап„ Жымп., Жән.; Қост.: Ж а н г) мезгілсіз, бет алды, ретсіз [Диалектологиялық сөздік, 161 - бет].

  1. Жаңа ғана буалдыр кіреукенің тасасында бұғып жатқан сарғыш, сұрғылт кеңістік кенет бас көтеріп, мынау төңірегін жасыл жолақ көмкерген түйе қотырдай оқшау ойдым алқапқа жан-жағынан ентелей төніп келеді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 218 б).

Кіреуке(Қ.орда,Арал) бұлыңғыр,күңгірт, көмескі [Диалектологиялық сөздік, 388 - бет].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет