Сұңғыла (Жамб.,Мер.) көп білетін адам [Диалектологиялық сөздік, 596-б].
Сонда сейіттер оған өздері естіген қолайсыз лақапты ашып айтпай, әлгі нысананың жоруы қып тұспалдап жеткізеді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 153 б).
Бұның оң жағында сыртын тай жарғақпен қаптаған қалын құранды қарсы алдындағы күміс тағанның үстіне қойып таспиық тартып отырған ақ сұр хазірет әңгімеге араласты (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 155 б).