Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет33/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

I тарау. Ономастика - гылыми пэн

  1. Идеонимдер

Идеоним (гр. idea “идея” + оним) термині адам қызметінің ойлау, идеологиялық және көркемдеу аясын- да денотаттары бар жалқы есімдердің эр түрлі категорияларының жиынтығын білдіреді [Подольская, 1988, 61]. Оларға артионимдер (артонимдер) - бейнелеу өнері шығармаларының атаулары, библионимдер - кез келген жазба шығармалар атаулары (көркем, саяси, ғылы- ми, діни), гемеронимдер - мерзімді басылымдар мен орындарының атаулары, документонимдер - маңызды құжаггар атаулары, поэтонимдер — көркем шығармадағы жалқы есімдер, хрононимдер - гарихи маңызды кезең (дәуір) үзігі, теонимдер - қүдай (божеств) атаулары т.б. Сонымен бірге денотат түрі мен ерекшслігіне қарай олар жеке-жеке түрлерге бөлінеді.
Идеоним термині соңғы кезде кеңірск түсіндіріле бас- тады, себебі, біз А.В. Суперанская жоие т.б. мынандай анықтамасын кездестіреміз: “Идеонимдер, яғни рухани модениет шығарма атаулары (ән, би, ертегі) өздері қалып- гасқан микрожүйеден тыс белгілі бола бастады” [132, 63]. Атау тағылған объектінің негізгі белгілеріне қарай идеонимиялық жүйеде гиперо-гипонимдік қатынас бай- калады, олардың атаулары аталмыш жүйені қүрайды. Ең алдымен адамның ойлау қабілеті мен оларға атау беру уәжінің ерекшелігіне қарай әр объекттің қайталанбайтын- дығын атап өту керек.
Мәселен, О.А. Остапчуктің зерттеуінде “артионим уәжінің негізін сол өнер шығармасындағы бейне- эстетикалық ақпарат элементтері қүрайды (тура уәж)” деген гіікір берілген. Е.В. Кныш “артионим модельденген оқиға бейнесінің жиынтығын қүрайды, “мәтін аббревиатурасы” дегенді келтіреді. Артионим көмеғімен суретші өзінің шығармасы мазмүнын түсіндіру үшін белгілі бір ақпарат береді. Өнер шығармаларын атау үшін


Ономастика: зерттеу мәселелері

қолданылатын тілдің лексикалық күралы қызығушылық тудырады.
Артионимнің ішкі формасында (мысалдар көркем сурет жэне музыка шығармалары материалдары бойынша келтірілген) келесі классификациялық белгілер бекітілген:

  • шығармалардың формалды ерекшеліктері (“Автопортрет”, “Қыздар портреті” А. Ғалым- баеванікі, “Автопортрет К.П. Брюлловтікі, “Портрет “,Прелюдия А. Скрябиндікі);

  • заттық образды немесе кейіпкерді суреттеу (“Күл- тегін” Д. Қасымовтікі, “Буркітші” Б. Әбішевтікі, “Московская девушка XVII века А.П. Рябушкиндікі, “Сикстинская Мадонна” Рафаэльдікі, “Герцог Оливарес ” Веласкестікі);

  • табиғатты бейнелеу (“Осенняя аллея” М. Темір- ғалиевтікі, Қар устіндегі алмалар М. Қаспақтікі, “Грачи прилетели А.К. Саврасовтікі, “Цветет сирень” М.К. Копытцевтікі);

  • оқиғанның орны мен уақытын көрсету (“Куз” У. Әжиевтікі, Мартовское солнце” К.Ф. Юондікі, “Ночное кафе” Ван Гогтікі, “Летний день”, “Крас­ная площадь во второй половине XVII века:

А.М. Васнецовтікі);

  • істі белгілеу (“Асауга тусау” О. Жүбаниязовтікі, “Қысқы аңшылық” К. Каметовтікі, “Көкпар” К. Телжановтікі, “Әңгіме” Д. Әлиевтікі, “Встреча Атиллы и святого Леона” Рафаэльдікі, “Охотники на привале” В.Г. Перовтікі);

  • нақты тақырыпты белгілеу (“Жандану ” А. Ысқа- қовтікі, “Запорожцы пишут письмо турецкому сул­тану” И. Репиндікі);

  • негізгі идеяны белгілеу (“Жумақ К. Әжібекүлынікі, “Бақытты балалық шақ” Б. Әбішевтікі, “Бақыт” С. Айтбаевтікі, “Неравный брак В. Пукиревтікі, “История глубины ” К. Юлдашевтікі);

83


I тарау. Ономастика - еылыми пэн



  • шығарманың басты орындаушылары мен кейіпкерлері (“Қозы Көрпеш - Баян сулу” Б. Ерзаковичтікі, “Ақан сері - Ақтоқты ” Ғ. Мүсіреповтің спектаклі);

  • ассоциативті уәждер {“Леди Макбет Мценского уезда Д.Д. Шостаковичтің операсы) т.б.

Артионимдер шығарманың мазмұнын көрсету атқара- тын негізгі қызметі бойынша жалқы есімдердің басқа да маңызды түрі - библионимдерге
жақын.
Библионимдер барлық дерлік мәтіндік категориялардың өзектілігін көрсетуші болып табылады. Л.С. Выготскийдің ойы бойынша, “әңгімеге атау бостан босқа берілмейді, ол басты тақырыгіты ашу үшін қажет”. Библионимдердің қызметі мәтінге байланысты, дегенмен, зерттеушілердің пікірі бойынша, олар “түтас бір шығарманың қысқарған түрі ретінде” мәтіннің өзі болып табылады.
Сонымен шығарма атаулары төмендегілердің өзек- тілігін көрсетеді:

  • акпараттық (шығарманың тақырыбын, негізгі идеясын ашып, белгілі бір ақпарат береді): “Біргемін мен сендермен ” Т. Айбергеновтікі, “Орындалган ар- ман” С. Көбеевтікі, “Оянган өлке” F. Мүсіреповтікі, “Көшпенділер” И. Есенберлиндікі, “Русский характер” А.Н. Толстойдікі, “Смерть Ивана Ильи­ча”, “Война и мир’’ Л.Н. Толстойдікі;

  • модальді (эмоционалды баға беру сөздердің қатысуы): қазақ атаулар “Дурбелең” Ж. Ахмадиевтікі, “Шырг- алаң ” Ж. Ахмадидікі, “Дарига журек” М. Мақа- таевтікі, “Қанаттарымменің ” М. Мақатаевтікі, “Ди­кий помещик’’ М.Е. Салтыков-Щедриндікі, “Мертвые души” Н.В. Гогольдікі;

  • аяқталған (аяқталған мәтінді басқасынан, яғни бір бөлім немесе параграфты баскасынан бөлу арқылы делимитативті, шектеуші қызметін атқарады);

  • мәтіннің бөлінуі (мәтіннің композициялы- архитектоникалық болінуінде болатын);

яа


Ономастика: зерттеу мәселелері



  • байланыстылығы (бөлімнің атауы кызметін атқара- тын, түтас мәтіннің өн бойында қайталанып отыратын болса, байланыстырушы компонент рөлін орындайды);

  • проспекция (болжам жасаушы, бағыт үстанушы, жар- намалық, қатынас жасаушы қызметтері тікелей оқырмандарға бағытталған);

  • жүйелілігі (композициялы қүрал ретінде мәтін жүйесін күрайды);

  • мәтінде қарастырылған оқиғаның локалды- темпоралды қатыстылығы (оқиғаның орны мен уақытына мегзейді): “Ымырт ” Ә. Нүрпейісовтікі, “Көкшетау ” С. Сейфуллиндікі, "Курляндия Ә. Нүр- пейісовтікі, "Қараганды ”, "Дауылдан кейін” Ғ. Мүстафиндікі, "Невский проспект" Н.В. Гоголь- дікі, "20 лет спустя’’ А. Дюманікі;

  • антропоцентристік (антропоним - кісі есімнің өзектелуі немесе кітап бөлімі атауы қүрамында болуы): "Берен” Б. Майлиндікі, "Ботагөз’’ С. Мүқановтікі, "Ақан сері” Е. Жүнісовтікі, "Мечтатель” А.Н. Толстойдікі, "Приключения Незнайки и его друзей" Н. Носовтікі.

Барлық жоғарыда аталған категориялар мәтін құрау- дың жалпы принциптеріне тура тәуелді.
Белгілі бір қүжатты атайтын документонимдер
(әр түрлі - халықаралық, дипломатиялық, саяси, коғамдық дәрежесі бар келісім-шарт, келіссөз, заң, үндеу, декларация т.б.) қызметі жағынан библионимдерге жақын: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Тіл тура- лы заң, Азамат қуқының жалпы декларациясы, Шыгар- машылық қуқық бойынша халықаралық конвенция. Дегенмен қолданысы жағынан документ онимдердің библионимдерден айырмашылығы бар, мысалы, модальдықтың жоқтығы.


I mapay. Ономастика - гылыми пән



Документонимдердің ішінде белгілі бір халық үшін бір тарихи кезеңде маңызды болған қүжат атаулары да бар: Бейбітшілік туралы
декрет, Жер туралы декрет, Потсдам келіссөзі, Еуропа әлеуметтік хартиясы.
Көркем шығармадағы жалкы есімдер - поэтонимдер - зерттеушілер үшін ерекше маңызды және олардың қызығу- шылығын тудырады. Ресей ономастикасында поэтонимдерді терең, жүйелі түрде зерттеген ғалымдар В.А. Никонов, О.А. Карпенко, О.И. Фонякова, Э.Б. Магазанник т.б. Қазақ ономастикасында поэтонимдер бойынша жеке мэселелер қарастырған Т. Жанүзақов, Е. Жүбанов, К. Жаппар.
Поэтикалық (әдеби) ономастиканың нысаны - мәтін лингвистикасымен, стилистикамен, лексикалык семантика- мен, мәтін семиотикасымен, мәтін герменевтикасымен тығыз байланыста болатын жалкы есімдердің көркем шы- ғарма контексте колданылу ерекшеліктері. Поэтикалық ономастика жалқы есімдерді мәтінде қажеттілігі мен қолданыс түрғысынан қарастырады, болмыстағы (тіл мен сөйленісте қолданылатын) және қиялда (автордың қиялы бойынша) қалыптасқан жалқы есімдердің аракатынасын анықтайды, поэтонимдердің түрлері мен разрядтарын, нақты жазушының белгілі бір жанрдағы көркем шығарма- да жалқы есімдерді қолдану ерекшелігін айқындайды. Поэтонимдер түрлерінің жиынтығын әдеби шығарманың өзіндік бір ономастикалык кеңістігі ретінде қарастыруға болады. В.А. Никоновтың пікірінше, поэтонимдерді зерттеуді (әдеби антропонимдер көбірек зерттелген) на- қты жүйемен байланыстыра жүргізген жөн:

  • антропонимдік жүйенің шығармада көрсетілген

кезеңмен, дәуірмен;

  • автордың өмір сүру кезеңіне тән антропонимдік

жүйемен;

  • шығарманың стилімен;

  • кейіпкер есімдерін колданудың әдеби дәстүрімен.


Ономастика: зерттеу мәселелері

Бұл критерийді көркем мәтіндегі жалқы есімдердің бас­ка түрлерін (топоним, зооним, космонимдерді т.б.) зсрг- тегенде ескеру керек. Зерттеуші автор қолданып отырған жалқы есімдерді шығарма болмысына тән ономастикалық жағдаймен (сонымен қатар локалды, тсмпоралды, әлеуметтік, тарихи, хронологиялық т.б. ерекшеліктсрі ескерілуі тиіс) салғастырылуы керек.
Сонымен қатар кез келген шығарманың ономастикалық кеңістігін талдағанда жасалған тілдегі тілдік жағдайды да, нормалары мен накты қолданыс ережелерін, болмыстағы жалкы есімдердің ерекшеліктерін ескеру керек т.б.
Зерттеушілер поэтонимдердің келесі белгілерін бөліп отыр:

  • поэтонимдер әрқашанда екіншілік атау болып табы­лады, себебі жазушы оларды қалыптасгыру үшін тілде бар тілдік қүралдарды (модельдер, тәсілдср, нормалар) қолданады;

  • поэтонимдер - автордың ойы, жанр, тақырып, шы- ғарма стилі бойынша жасалған нақты бір жазушы- ның жемісі;

  • поэтонимдер шығарма кейіпкерінің мінезін ашушы элемент ретінде қолданылуы мүмкін. М.В. Карпенко- ның пікірі бойынша, көркем шығармада мінезін ашу жай атау беруден маңыздырақ;

  • поэтонимдер коркем мәтін деңгейінде номинативті және жекелеуші қызметінен басқа, эстетикалық (бейнелеуіштік) қызметімен бірге стилистикалық қызмет те атқарады;

  • поэтонимдер - коркем шығармаға қатысты, ал болмысгағы жалқы есімдер тілге - сойленіске қатысты;

  • мәтінмен түтастанып кеткен және шыгарманың ономастикалық қүрам бірлігі болыгі табылагын шы- ғарма атауы және оның болімдерінің атаулары - библионимдер деп аталады;

  • коркем шығарма қүрылымының гік осі бойынша поэтонимдер мәтіннің нақты бір ономастикалық гіара-

Q П


I тарау. Ономастика - гылыми пэн



дигмасын, тірек поэтонимдерден түратын өзегі және эпизодикалық поэтонимдерден түратын перифериясы бөлінетін ономастикалық кеңістіктің шегін күрайды;

  • көлденең осі бойынша поэтонимдер мәтінге басқа лексикалық қүралдармен бірге кірігеді және оның сингагматикасын қүрайды. О.И. Фонякованың айту- ынша, “олар мәтіннің басқа да сөйленіс композицияларымен бірлесе басты кейіпкерлердің есімі ретінде кең контексте немесе автордың тіл сөзі шеңберінде стильді ашушы қүрал ретінде қолданылады (1990) (салыстыр. Абай “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”, “Баяғы жартас... бір тас”, Фамусовтың сөзінен қанатты сөзге айнал- ған айтылым: “Әй, қүдай-ай! Княгиня Марья Алексеевна не айтар екен” (“Ах, боже мой! Что станет говорить княгиня Марья Алексеевна”) немесе Пушкиннің “Біз бәріміз Наполеон болғымыз келеді” (“Мы все глядим в Наполеоны”);

  • поэтонимдер эр түрлі авгорлардың шығармаларының немесе бір автордың бірнеше шығармаларынын идеялық мазмүнын байланысгырушы рөл атқарады, ягни жалкы есімдер идеялық, тақырыптық байланы- сын ашуга көмектеседі (“Қүсни Қорлан” Естайдікі, “Қүсни Қорлан ” М. Әлімбаевтікі және “Ақан серінің Қүлагері” мен I. Жансүгіровтің “Қүлагері”, Ф.М. Достоевскийдің “Лизасы” және А.С. Пушкиннің “Лизасы ”) т.б.

ГІоэтонимдердің қызмет ерекшеліктерін зерттеу В.И. Супрунға (2000) олар әр көлемде үш қызмет атқарады деген түжырым жасауға мүмкіндік берді, яғни:

  1. маңызды мәтін қызметін - басты кейіпкерді атау;

  2. ономастикалық ая жасайды;

  3. қосымша таным белгісі ретінде қолданылады.

Поэтикалық ономастика шыгарманың жанр, стиль
ерекшелігіне қарай үлкендерге арналған көркем шығар-


Ономастика: зерттеу мәселелері



ма, балаларға арналған, фантастикалык, тарихи, әзіл- ысқақ, поэтикалық мәтіндердің, фольклор жанры (ертегі, мақал-мәтелдер), аударма мәтіндердегі т.б. поэтонимдерінің ерекшелігін анықтайды.
Гемеронимдер
- басылым орындарының, ақпарат компанияларының, агентстволардың, бүқаралық ақпарат қүралдарының (теле-, радиоарналар, газет, журнал, аппа­рат бюллетеньдері) атаулары жеке класты қүрайды. Жал­кы есімдердің бүл түрі ақпарат өнімдері және ақпарат үндеулері жасалатын орынның атауын білдіреді, ақпарат онімін жасайтын адамдар тобын және сол өнімнің атауы, мысалы, газет, журнал. “Аталушы объектілердің кешенді болуы, атаудың танымалдығы” (А.В. Суперанская), белгі болуы, белгілі бір объектке тағылуы және жалқы есімнің атқаратын қызметі (айырылым, яғни дифференциация және жексшелендіру, яғни индивидуализация т.б.) олардың жал­кы есім дәрежесін алуына себеп болған. Мазмүнына карай олар анықтаушы, ақпараттык, эмоционалды-экспрессивтік немссе бейнелеуіштік қызметін аткарады (қаз. Егемен Қазақстан, Зерде, Қазақстан-Заман, Ана тілі, Беу, қыз- дар-ай!, Қазақ әдебиеті, СолДАТ, Қазақспиш мектебі, орыс. Казахстанская правда, Крыіиа, Мегаполис, За рулем, Аргументы и факты, Комсомольская правда, Литературная газета т.б.).
Бүл класқа жататын атаулар статистикалық емес, олар әлеуметтік ықпалдарға сай, ақпарат кеңістігінің кеңеюіне қарай, жаңа ақпарагтық компаниялардың қалыптасулары- на қарай, ақпарат таратудың деңгейі мен мазмүнының өзгеруіне қарай т.б. ауысып отырады. Мәселен, қазіргі ксзде бәсекелес телеарналар атаулары көбейді (Қазақсган- да келесі телеарналар қызмет атқарады: Таң, Рахат, Ха­бар, Қазақстан, Shahar, ОРТ, КТК, НТВ, ЮС, 31 канал, Елариа т.б.).
Гемероним мағынасы бір мақсатпен, бағытпен, жарна- ма үшін, объект ерекшеліктерін ескеретін, авторды

89


I ntapay. Ономастика - гылыми пән



жекелейтін жасанды атау беру осы класқа тән екендігін айтуға мүмкіндік береді. Осы атауды иемдеген объекті жекелеуші заңды және қорғану қүқы сияқты факторлар да маңызды: бір арнада екі атаудың болуы мүмкін емес және аталған объектілер өз өнімі үшін заңды түрде жауапты. Сонымен қагар ойнақылау аспектінің де ерекше мәні бар. Сөздін ішкі формасын ойнату көп мағыналы апеллятивтің семантикасын анықгайды (қаз. оят болмасын, Қалаймақан, Қызық радиосы,
77 күн, орыс. Окно в Европу, Коробка передач телебағдарламалары), окказионализмдерді жасай- ды {Сегоднячко, Смехопанорама телебағдарламалары), ономастикалық контаминация жасайды (Синемания телебағдарламасы, Компьютерра журналы).
Гемеронимдер қүрылымы жағынан көбінесе бір немесе екі сөзді модель болып келеді, кей кезде әр түрлі аббревиатуралық атаулар қолданылады.
Идеонимдердің аз зерттелген түрлеріне хрононимдер, геортонимдер, теонимдер жатады. Хрононимдер - қоғам үніін тарихи маңызды кезең, мезгіл, доуірдің атаулары. Хрононимдерге жалны талдау жасаған А.В. Суперанская уақыт кесінділерін атаудың келесі уәждерін бөліп көрсетеді:

  • жылына бір-ақ рет болагын және басқа күндерден қандай да бір ерекшелігі бар агітаның нақгы бір күні (сәрсенбінің сәтті күні);

  • бір адамның қызметіне байланысты уақыттың нақты бір кезеңі (Кенесары көтерілісі, Амангелді көтерілісі, Петр дәуірі, Гомер дәуірі т.б.);

  • белгіленген оқиғаның өткен жерімен байланыс­ты уақыттың белгілі бір кезеңі (Вена конгресі, Ялта конференциясы, Хельсинки конференциясы)\

  • кезеңнің шартты бейнелеу атаулары (Орта гасыр, Алтын гасыр, Жаңгыру доуірі)\

  • халық өмірінде орын апған оқиға (Ақтабан іиүбырын- ды, 16 желтоқсан, Қанды жексенбі, Варфоломей түні)\


Ономастика: зерттеу мәселелері



  • жер беті жеке қабаттарының хронологиялык атри- буциясы {Девон, Карбон).

Геортоним
- кез келген мейрам, есте қаларлық күн, той, фестиваль атауы. А.В. Суперанскаяның (1973), Н.В. Подольскаяның (1988) айтулары бойынша, мейрам үшін бір немесе бірнеше күн беріледі. Дегенмен, әр мереке мезгілі бойынша анықталады, сондықтан әр кез қайтала- нушы мейрамдар, оқиғалар мезгілдік коннотацияға ие және сол қүбылыстардың уакытқа сәйкестігіне қарай мезгілді білдіреді {Наурыз - мейрам, ай атауы, наурыз мейрамы кезіндегі, табигаттың жаңаруы, күн мен түннің теңелуі, наурыз мейрамындагы демалыс күндері; Айт күндері - діни мейрам, айт мейрамындагы мезгіл, Рождество - мейрам да, Рождество кезіндегі мезгіл де, рождестволык демалыстар да, Юрий күні - мейрам және жүмыс күшін жалдаудың көне келісім шарт мезгілі).
Хрононимдерден геортонимдердің басты айырмашы- лығы - олар атайтын денотат дәстүрлі рәсім, салтанатпен өткізілетін белгілі бір салтанатты оқиғаны білдіреді. Мей­рамдар келесі топтарға бөлінеді:

  • белгілі бір окиғаға арналған (Жеңіс күні, Қазақстан Республикасының Конституция күні, Наурыз, Жсіңа жыл);

  • белгілі бір діннің мейрам күндері (мүсылман дәстүрінде - Айт, Қүрбан айт, Наурыз, Қыдыр түні; христиан дәстүрінде - Пасха, Петр күні);

  • мамандык мейрамдары (Металлургтер күні, Мүгалімдер күні, Дәрігерлер күні, Үшқыштар күні)\

  • спорт-сауықтыру мейрамдары (Жүгірушілер күні, Спартакиада, Денсаулық күні);

  • фестивальдар, сайыстар {Варшава күні, Азия дауы- сы, Әнші балапан, Super Star KZ, XX гасырдың көшбасшысы);

  • символдық мейрамдар {Күлкі күні, Ақ түндер, Бала- ларды халықаралық қоргау күні) т.б.

91




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет