Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет63/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

1/IQ

II тарау. Ономастиканың теориялык, мәселелері

этимологиялық, тарихи, тарихи-этимологиялық, шет тілді жалқы есімдер қолдану сөздіктері, түсіндірме- энциклопедиялық сөздіктер аналогтары, нормативті, лингвоелтанымдық, сөзжасамдық сөздіктер, жалқы есімдердің анықтама-сөздіктері жатады. Ономастикалык сөздік түрлерінің ерекшеліктерін келесі нақты типологиялық белгілері көрсетеді:

  • этимологиялық сөздіктерде экстралингвистикалык деректерді қолдану арқылы кез келген онимнің шығу тегі туралы анықтама беріледі;

  • тарихи сөздіктер олардың жазба ескерткіштерде та- рихы мен пайда болу кезеңдерін көрсетеді;

  • тарихи-этимологиялық сөздіктерде этимологиялық анықтамадан басқа жалқы есімдердің калыптасуы туралы тарихи мәлімет беріледі;

  • шет тілді жалқы есімдер қолдану сөздіктерінде жал­кы есімдердің транскрипциясы немесе олардың кабылдаушы тілге бейімделген формасы беріледі;

  • түсіндірмелі-энциклопедиялық сөздіктерде жал­кы есім анықтамасы мен түсіндірмесі, жалқы есімдердің және аталған объект, объекттің жеке- ленуі туралы дерек беріледі;

  • нормалану сөздіктер жалқы есімдердің тілде колдану нормалары: жазылуы, айтылуы, септелуі туралы анықтама береді;

  • лингвоелтанымдык сөздіктер жалқы есімдердің колданыс ерекшеліктерін түсіндіреді және жал­кы есімдердің бар аялық ақпаратты (косымша ма- ғына, коннотативті бояу) береді, елді, аймақты тану үшін энциклопедиялық, этимологиялық т.б. деректер қолданылуы мүмкін;

  • сөзжасамдық сөздіктерде жалқы есімдердің күры- лымдык типтері мен модельдері беріледі, оним жа- сауда қатысқан форманттар бөліп көрсетіледі;

150


Ономастика: зерттеу мәселелері



• анықтама-сөздіктерде жалқы есімдердің тізімі - ресми түрде қабылданған, гипокористік, диалек- тілік, барлық бей ресми формалары, жалқы есім- дердің дериваттары беріледі.
Ономастикалық лексикография мәселелері В.Э. Сталт- маненің еңбегінде толығымен көрсетілген, онда ол орыс және шет ел сөздіктері материалдарына талдау жасап, жалқы есімдердің әр түрлі сөздіктер түзу болашағын көрсеткен [1989].
Ономастикалық лексикографияның даму шартының бірі - жалқы есімдердің эр разрядтарын зерттеу болып табы- лады. Антропонимдер мен топонимдер көп зерттелген, аз зерттелгендер қатарына зоонимдер, космонимдер жата­ды, ал жалқы есімдердің калган түрлері ең бастапқы кадам- дарын енді ғана жасауда. Келесі шарт - жалқы есімдердің гүрлерін толығымен жинақтау және жүйелеу.
Аталған мәселелер казак ономастикасының лексикографиясы үшін де өзекті болып отыр. Қазақстан ономасгарының зерттеу нысанына қазіргі кезде жалқы есімдердің разрядтарынан антропонимдер мен топоним­дер ғана іліккен. Антропонимдер бойынша кісі аттары мен фамилиялары сөздік болып шыққан [Т. Жан-үзақов, К. Есбасва, А. Назаров]. Қазақстанда жасалған топонимдік создіктер жекелеген тип қатарына жатқызуға болмайды, себебі онда агалмыш объектке қатыстырмай, макро- объектті де (барлығына танымал), микрообъсктті де (белгілі бір территория колемінде ғана белгілі) - топонимнің барлық түрлерін (тау, озен, елді мекен, жайлау т.б. атау­лары) қамтыган [Ғ. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, А. Әбді- рахманов, Т. Жанүзақов, В.Н. Попова т.б.]. Топонимнің әр түріне: елді мекен, орфографиялық объект,
гидрообъект, қала ішіндегі объекті, микрообъект т.б. ата- уларына карай создік түзу болашақтың ісі.

151




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет