Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет66/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

11 тарау. Ономастиканың теориялык, мәселелері

ішіндегі бірнеше объект бір атауға ие болады. Мәселен, бірнеше Сәрсеновтар
отбасы, бірнеше “Стом ” тіс емханалары т.б.

  • Жаңа атаулар ескі атаулардан айрықша өзге- шеленетін идеологиялық көзқарастың, саясаттың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен олардың да арасында қайталанатын атаулар кездеседі.

  • Эр атау негізінен бір сөзден тұрады, түркі халықта- рының жалқы есімдері сөз тіркестерінен түрғанымен, олар атау ретінде бір сөз болып таңбаланады. Мы­салы, қаз. Оқжетпес, Жындықатынбулагы, Қыземіиек т.б.

  • Адамдардың жиі қолданысында болатын танымал атауларды және үжым ішіндегі бірнеше адамдарға ғана белгілі раритетті, яғни танымал емес атауларды бөліп қарастыруға болады. Мысалы, Оқжетпес, Бу- рабай, Көкшетау, Оқшы ата, Дәуітов кемесі т.б.

  • Танымал, жиі қолданылатын атаулар тілге, тіл жүйесіне тереңірек енеді. Ал жиі қолданылмайтын, раритетті атаулар тіл жүйесіне терең бойлай алмай- ды. Бүл адамдардың актив жэне пассив сөздік қорын қүрайды. Жиі қолданылатын, танымал атаулар адам- дардың актив сөздік қорына енсе, раритеті атаулар пассив сөздік қорына енеді, яғни олар адамға таны­мал емес, еш хабар бермейді немесе адам санасын- да салыстыру, еске түсіру аркылы аталған кезде ғана қалыптасуы мүмкін.

  • Жалпы есімдердің қызметі атаумен бірге үғым беру болса, жалқы есімдердің қызметі - атау, себебі оның үғыммен байланысы ерекше және объектілердің түр- тектік қатынасына байланысты. Әр тілдің лексикалық жүйесінде жалқы есімдер өзіндік автономдық жүйешелер қатарын қүрайды. Олар

156

Ономастика: зерттеу мәселелері

апеллятив лексикамен толық сәйкес келе бермейді. Тілдегі атау жүйешелерін салыстыру мазмүн меже және түрпат меже белгілері арқылы жасалады жэне өз тіл қүралдары арқылы беріледі дегенге негізделеді. Мысалы, “Lie”
- өзен, “Көктем демалыс үйі т.б. Объекттің қаншалықты халыққа таралғанына карай, оның атауы да соншалықты та- нымал болады, яғни алғашқы қолданыстағы апеллятив үғымына сай келетін жаңа үғымға ие болады. Мәселен, Абай - “халық ақыны”, Байқоңыр -“ғарыш қалашығы”.

  • Жалқы есімдердің негізгі қызметі - объектілерді жекелеу. Бірнеше объектке тағылған атау бол­танный өзінде де жалқы есімдердің қызметі атау, жекелеу, нүскау, қосымша ақпарат беру. Мысалы, Ампер - адамның фамилиясы, ампер ток желісінің өлшемі; Қаратау - қала, Қаратау - тау т.б.

  • Бір тектес объектілерді ажыратушы кызметін атқарумен коса, атау нақты объектіні біртектік объектілер қатарына қосады. Мәселен, Алматы қаласы, Астана қаласы, Ертіс озені, Орал өзені, Жайық өзені, Алтай тауы, Тарбагатай тауы т.б.

  • Апеллятивтердің үғымымен байланысына орай атау­лар казіргі кезде қолданылатын жаңа сөздерден жа- салуы мүмкін. Мысалы, “Чат ” кафесі, “Интернет '' кафесі т.б.

  • Жалқы есімдердің стилистикасы - тыңдаушы мен сөйлеушінің атауға деген эмоционалдық қагынасы- нан түратын ерекше экстралингвистикалық қүбылыс. Бүл жағдайда атаулар варианттарының түзілуі ту­ралы сөз козтауға болады. Мәселен, қазақ, кыртыз халықтарында үлкенге деген ілтипат ретінде жалкы есімдерді өзгерте қолдану баяғыдан орын алған: Бай- жан - Бәке, Сәрсен - Сәке т.б. Сонымен қатар

157


Қорытынды



еркелету мақсатымен жалқы есімдерге қосымша жалғау: Әлия - Әлияшка, Айгул - Айгуля
т.б.
• Кез келген халықтың тарихынан, мәдениетінен, салт- дәстүрінен мәлімет беретін атаулар көптеп кездеседі. Мысалы, “Аітын Орда ” кафссі, Қалмақ қырылган елді мекені, Брест қорганы, Волоколамск шоссесі т.б.
Жоғарыда аталған әмбебаптыктар - жалқы есім- дерді көрсетілген түргыда зерттеуге жасалған алғаш- қы ғана талпыныс. Көрсетілген әмбебаптықтың белгілерін толық деп санауға болмайды. Біз берген ономастикалык әмбебаптық белгілерін әр тілдегі материалдарды талдау арқылы салыстырсақ, олардың жалпы әмбебаптығы мен квази әмбебаптығы анықталады.
Ономастикалык әмбебаптықты зерттеу жалқы есімдердің қалыптасу және қызмет атқару заңдылыктары жөніндегі білімімізді тереңдететіні сөзсіз. Сонымен катар атаулар жүйесінің даму мен өзара қарым-катынасы және апеллятивтік лексика мен ономастикалык әмбебаптыктың арақатынасы да анықталады.


ҚОРЫТЬІНДЫ


Ономастикалык материалдарды жэне жалқы есім- дерде болып жатқан үрдістерді зерттей келе, олар эр тілдің лексикалық қорының ең қүнды дереккөзі ретінде ерекше көңіл бөлуді және терең зерттеуді қажет ететінін айту керек.
Жалқы есімдер - бүл жеке-жеке сөздер емес, өзіндік қатынасы мен өзара байланысы, заңдылықтары мен принциптері бар өзіндік бір түтас жүйе. Дегенмен жалқы есімніңтек бір объектке қатысты жекелеуші белгі екендігін үмытпау керек. Егер бүл ерекшелігі жоғалатын болса, ол апеллятивке ауысады. Сонымен қатар жалқы есімдер сырт- қы, кей кезде ішкі формасына карай қай разряд, қай түрге жататынын, қай деногатты жекелейтінін бір қатарға тізіп көрсетеді.
Атауды жасаушы үшін (үлтқа немесе әлеуметке қаты- сынсыз) тәуелсіз жалқы есімдердің әмбебап ерекшеліктері бар, ол адам санасының әмбебап болып келуін, материалды және қияли әлемнің менталды қабылдауын ажыратады. Жалқы есімдер тілдік жүйеде, белгілі бір ай- мақта қызмет атқарып, ерекшелік белгілерге ие болады (шығу тегі бойынша ерекшеліктер, жасалу, сөйленісте қолданыс, стилистикалық бояу ерекшелікгері, үлттық- мәдени нақышы т.б.).
Жалқы есімдерді зерттеу мәселелері біржақты емес, сонымен қатар өте күрделі. Сондықтан да ана тілін және шет тілін оқып жатқан студенттерге ерекше ономастикалык білім кажет. Ең алдымен, бүл кейін жоғары оқу орындарында, мектептерде сабак беретін студенттерге

159


Қорытынды



қатысты. Барлық оқу материалдарында дүрыс жазылуын, айтылуын, дүрыс талдауды қажет ететін жалқы есімдер бар. Демек, ономастикалык білім оқу үрдісінде маңызды болып табылады.
Сонымен катар жалқы есімдерде лингвоелтанымдык, лингвомәдениеттанымдық потенциал бар. Олардың комегімен өлкетанымдық ақпарат алуға, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілік тудыруға болады. Оқыту тәжірибесінде ономастикалык фактілер қызықты, адам- ды ойландыратын және гіайдалы оқу материалы болып та­былады.
Қүралда берілген мәліметтер ономастикалык мәселенің каншалықты кең екендігін көрсетеді және оны колемі кішірек кітапшаға сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан тек студенттер ғана емес, сонымен катар жалкы есімдерді талдауға кызығушылар да сүрақтарының шешімін таба алатын және ономастика саласы бойынша білімін терендетуге мүмкіндік беретін ономастикалык әдебиеттер тізімі берілген.
Жалқы есімдерді теория және практика түрғысынан зерттеу жалғасуда, оларды дәстүрлі талдау жаңа түрғы- дан қарасгырылуда, жалқы есімдерді жаңа көзқарас түрғы- сынан зерттеу қалыптасуда, яғни үғымдар мен ономастикалық-концептуалды аппараты нақтылануда.
Ғылымның дамуы, әлеуметтік өзгерістер, ашық қоғамдардың қалыптасуы ономастика ғылымының даму- ына, экстра- және интралингвистикалық аспектілердің интеграциясына әкелді, осыған байланысты және когнитивтік лингвистика, коммуникативтік лингвистика, лингвоелтаным, лингво-мәдениеттану, жеке түлға түрғы- сынан және мәдениаралық коммуникация, әлеуметтік ономастика, универсалды лингвистика т.б. түрғысынан зерттеудің жаңа мүмкіндіктері ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет