Әр түрлі әлеуметтік факторлар ономастикалық ке- ңістіктің динамикасына, онимдік жүйенің қүрамы мен қүрылысына әр деңгейде ықпал жасайды.
Мысалы, Т. Жанүзақов пайымдауынша, әлеуметтік факторлардың ықпалымен (Ресеймен байланыс, Ресей қүрамына кіру) XIX ғасырда казақтарда орыс фамилия- лары мен әкесі атының аффикстері қолданыла бастады. Тек XX ғасырдың 30-жылдары фамилия мен әкесінің аты орыстың үш тағанды есімдер формуласы негізінде КСРО- ның барлық азаматтары үшін тәлқүжат жүйесінің енгізуіне байланысты ресми дәрежеге ие болды [36, 31].
XX ғасырдың 20-30-жылдарындағы ономастикалық өзгерістерді зерттей отырып, В.Д. Бондалетов мүлде жаңа есімдер жасауды, батыс еуропа тілдерінен батыл қолданылған кірмелерді, христиан ангропонимдердің тізіміне кірмеген орыс және славян есімдерін колдану, халықтық есімдердің жаңғыруы, қысқартылған формаларын ресми есім ретінде қолдану, әйгілі есімдердің жаңғыруы, көптеген әйел есімдері т.б. кірген христиан есімдер сөздігін қайта қарау болғанын атап өтеді [19, 128].
XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы кала кеңістігі топонимдерін орыс лингвистердің бақылауы келесі түжы-
Ономастика: зерттеу мәселелері
рым жасауға мүмкіндік береді: біздің кезең “айтылым киімінің ауысуымен” ерекшеленеді. Бүл үрдіс қала кеңістігінен де, ең алдымен Мәскеу көшелері мен алаңда- рына бүрынғы атауларының қайтарылуынан байқалады: Остуженка, Воздвиженка, Тверская, Большая Никитская, Поварская т.б. Кафе, дүкен атауларында бүрынғы сөйленіс атау беру модельдері жаңғырған: “У Крестьянки ” (яғни Крестьян заставасының түсында), “Преображенка " (Преображенская алаңы)... Кейбір атаулар эр түрлі тарихи, әдеби кейіпкерлермен, оқиғалармен сабақтас: кафе “Анна Моне”, “Маргарита”, “Бегемот" т.б.
[Китайгородская жэне т.б. 2000, 345-346].
Әлеуметтік үрдістерге байланысты қазіргі Қазақсган өміріндегі түбегейлі өзгеріс те ономастикалык кеңістік мазмүнына да ықпал етті, бүл ең алдымен әлеуметтік орнығуға байланысты атауларға қатысты (астионимдер, комонимдср, прагматонимдер, урбанонимдер).
Жекелеуді талап ететін жаңа объектілердің пайда болуы, экономикалық өзгеріс, этносаяси жағдайлардың өзгеруі, халық дәстүрлерінің жаңғыруы, тарих қойнауына ену, үлттык мәдени қүндылықтарды жаңғырту Қазақстан топонимдерінде көрініс тапты. Бүл күбылыс топонимдік атау жасауға, топонимдік объектілер атауды ретке келтіру, кайта атауға негіз болды. Бүл үрдіс ең алдымен төмендегідей атауларда көрініс тапты:
урбанонимдерде (көше, қала ішіндегі және ауылдык объектілер атаулары);
астионимдер (қала атаулары);
комонимдер (ауылдық елді мекендер атаулары).
Атаулардың өзгеру кезеңі жағдайларында бүрынғы
және жаңа атаулардың бірге өмір сүру тенденциясы бай- қалады. Сонымен бірге “ескі” атаулар нақтылау, толықтыру, ақпарат қызметін атқарып, сөйленісте жиі қолданылады, мысалы Алматы бойынша: Маган Достық даңгылына жетуім керек, бурынгы Ленин көіиесі; Бул то