Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет30/90
Дата11.05.2022
өлшемі0,76 Mb.
#142622
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
Байланысты:
treatise53019

Семантикалық модельдер: Топонимдердің
семантикалық модельдері белгілі бір топонимдер жасауда қолданылған лексемаларды, үлттық топонимдік жүйенің ерекшелігін көрсегетін неғүрлым жиі және раритетті, яғни сирек кездесетін негіздерді бөлетін лексика-семантикалық классификация жасауда анықталады. Қалыптасқан топонимдік классификация әр түрлі топонимдік жүйені скі ірі түрге боледі: табигат қүбылыстарып атайтын топонимдер және “адам-табигат ” байланысын көрсететін топонимдер. Бірінші түр табиғат қүбылысы- ның адам қызметімен байланысын тура көрсетпейді. Екінші гүрі адам мен табиғат байланысын тура көрсетеді [Молчанова, 1968, 12]. Аталмыш гаптастыру географиялық объектілер ерекшеліктерін толығымен қамтиды, бірақ ол бірқатар шартты да, себебі топонимнің барлық түрін қам- тымайды. Топонимнің ор түрі географиялық объекттің әр түрін атайтынын естен шытармау керек.

  1. Табиғат қүбылыстарын көрсететін топонимдер келесі семантикалы лексемалардан түрады:

  • объект көлемі (формасы, үзындығы, кеңдігі, созылмалылығы);

  • кеңістіктегі объекттің орны, бағыты;

  • объекттің сапалық ерекшеліктері (температурасы, дәмі, түсі);

  • объект орналасқан жердің флорасы мен фаунасы;


Ономастика: зерттеу мәселелері



  • жердің неорганикалық әлемі (пайдалы қазбалар, құрылыс магериалдары);

  • жер рельефі;

  • әр түрлі габиғи қүбылыстар т.б.

  1. Әлеуметтің (адамның) материалды және рухани мәдениетін білдіретін лексемалар негізін қүрайтын географиялық объектілер атауларын біріктірегін “адам- табиғат” байланысын көрсегуші топонимдер:

  • адам есімдері (антропонимдер, этнонимдер, генонимдер, әлеуметтік жағдайына қарай адамдар- ды атау);

  • өндіріс-қожайын қүндылықгарының атаулары (түрғындар үйі, басгырмалар, түрмыс заттары);

  • анатомиялық терминдер;

  • адамның рухани мәдениетін білдіретін атаулар (анимистік сенім, жергілікті рухты қасиет түту, діни және мифологиялық козқарастар);

  • әр түрлі тарихи оқиғалар т.б.

Топоним түрлерінің ерекшеліктерін ескерген дүрыс, себебі адам аг тағуда объекгтің негізгі белгілерін (табиғи, функционалды, жүйелік) корсететін ақпаратты қолданады. Сонымен қатар үлттық мәдениет йен үлттық нақышқа тән ақпаратқа ие үлттық тілдік сананы да ескеру ксрек.
Морфологиялық және созжасамдық қүрылымы:
Топонимдердің морфологиялық талдау және қүрылым- дық түрін анықтау классификациясы толығымен жасалған. Әр түрлі топонимдік материалдар және негіздер (сөз тап- тарын, топоним жасауда қатысушы жеке формаларын анықтау, топоним қүрылымындағы компоненттерді, ту- ынды негізді бөлген) бойынша жасалған бірнеше класси­фикация бар.
Көптеген топонимдік зерттеулерде топоним жасауда барлық дерлік сөз тагітары (зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістік формалары, кей кезде есімдік пен үстеу)

5-2713

65


I тарау. Ономастика - гылыми пои



қатысады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берген бай топонимдік материалдар келтірілген. Топонимдер бір созден (дара: туынды жэне туынды емес, күрделі жэне қүрамды), сөз тіркесінен (басыңқы, бағыныңқы жэне предикатив қатынастағы қүрылымдар), сөйлемнен түра- ды. А.В. Суперанская пайымдауынша, үндіеуропа тілдеріне предикативті тіркестер тән емес болса, түркі шыгыс тілдеріне аталған үш түр де тән [1969, 103].
Көптеген зерттеушілер топоним жасауда географиялық терминдердің көп жағдайда қатысатынын байқаган. Мы­салы, гидроним, ороним жасауда географиялық термин- дердің сөзжасамдық қызметі жогары және олар көп компонентті атаулардың соңында беріледі.
Сөзжасам түрғысынан топонимдер әр түрлі сөзжасам тәсілдерімен жасалады:

  • лексика-семантикалық (топонимдік бір негізді аффиксіз қүрылымдар: қаз. Апан, Жыра, Жіңішке; орыс. Маяк, Раздол, Прогресс);

  • лексика-синтаксистік (топоним қызметін атқарушы сөз тіркестері, кей кезде түтас сөйлемдер: қаз. Білезіктің бір айрық басы, Үлкен Ащыбүлақ, Аққолқаиың жотасы; орыс. Белый камень. Мокрая Погорелка, Пихтовый ключ);

  • морфологиялық (түбірлердің бірігуі: қаз. Қайыңбү- лақ, Балтаөзек, Аюқаіиқан; орыс. Усть- Каменогорск, Красноярка, Двуречье; аффиксті: қаз. Қайыңды, Кендірлік, Жайылма; орыс. Таловочка, Быструшка, Песчанка).

Топонимдердің жасалу тәсілдеріне қарай қазақ (кеңінен алганда түркі) тіліне предикатив конструкциялы болып келетін күрделі топонимдер тән болса (Таужылаган, Тақиякеткен),
орыс (кеңінен алганда славян) тілі топонимдерінің жасалу ерекшелігі - жүрнақтың жалғану- ында.

66

Ономастика: зерттеу мәселелері

Топонимдердің жасалу жолдарын зерттегенде, ең алдымен қай тілге қатыстылығын аныктау қиындығы ту- ындайды. Топоним - белгілі тілдің сөзжасамдық қүралда- ры және модельдері арқылы жасалатын тілдік бірлік. Белгілі бір тарихи-хронологиялық дәуірде кірме топонимдер қабылданып, толығымен ана тілге бейімделуі мүмкін. Орыс топонимдеріне, егер төмендегі критерий- лерге сай келетін болса, Ресей территориясындағы және басқа да аумақтардағы орыс топожүйесіне кіретін топонимдер жатады:

  • орыс тілі түбірі негізінде орыс тілінің сөзжасамдык аффикстері арқылы жасалған (Усть-Каменогорск, Семипалатинск, Быструха);

  • орыс тілге жатпайтын түбірлерден орыс тілінің сөз- жасамдык модельдері арқылы жасалған (Болъшена- рымское водохранилище, Маралиха);

  • шығу тегі бойынша орыс тіліне жатпайтын, бірақ орыс тілінің фонетикалық және грамматикалык жүйесіне бейімделген (қаз. Алматы - орыс. Алма- Ата, қаз. Жіңііике - орыс. Жинишке);

  • калька, жартылай калькалар (қаз. Ақсу - орыс. Белая, қаз. Үлкентеректі - орыс. Большая теректы).

Кез келген топонимнің түбірін анықтау үшін экстралинг- вистикалық деректі қолдану керек.

  1. Зоонимдер

Зоонимдер - кез келген үй жануарлары, жабайы андар, хайуанаттар бағындағы, цирктегі жануарлардың атауынан түратын жалқы есімдердің разряды. Зоонимдер киноним
(иттердің аты), гиппоним (жылкы аты), орнитоним (қүстардың аты) т.б. сияқты түрлерге бөлінеді. Н.В. Подольскаяның сөздігінде бизонтоним (бизон аты), инсектоним (жәндіктер аты) терминдері де берілген. Сол сөздікте бүл бағытта зерттеулер қажетті дәрежеде

67




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет