Қоңқашпаев Ғали Қоңқашпайүлы (11.1904- 26.06.1986) - география ғылымдарының кандидаты. Ғ.Қ. Қоңқашпаев мамандығы географ болғанына карамас- тан біз оны персоналий тізіміне кіргіздік, себебі ол отандық ономастика тарихында бірінші болып топонимдік сөзжасам базасын қүрайтын географиялық терминология бойынша кандидаттық зерттеу жүргізді. Сонымен қатар ол Казахстан географиялых атауларының этимоло- гиясымен айналысты, Казахстан территориясындагы моңғол атауларын аныхтады, хоршаган болмысты атау үрдісінде хазахтардың этномәдени жэне географиялых бағытын негіздеді. Ғ.Қ. Қонхашпаев Казахстан ономастикасы үшін хүнды дереккөзі болып табылатын
166
Ономастика: зерттеу мәселелері
“Қазак халықтық географиялық терминдер” атты канди- даттық диссертациясын 1948 жылы қорғады. Негізгі ецбектері: Словарь казахских географических названий (1963), Вопросы транскрипции казахских географических названий (1949), Географические названия монгольского происхождения (1959), Особенности народной географической терминологии казахов (в соавт., 1962).