Попова Валентина Николаевна (26.02.1923) - филология ғылымдарының докторы, А. Иасауи атындагы Халықаралық қазақ-түрік университетінің М. Эуезов атындагы Шымкент бөлімшесінің профессоры. Петрозаводск қаласының Карель-Фин мемлекеттік университетінде білім алған (1941-1946). Томск мемлекеттік университетінде аспирантураны өткен. 1966 жылы “Павлодар облысының гидронимдері (лингвистикалық талдау)” атты кандидат- тык диссертациясын (гылыми жетекшісі - проф. А.П. Дульзон) және 1997 жылы “Қазақстан топонимдерінің күрылымды- семантикалық табиғаты” атты докторлық диссертациясын қорғады. 100-ден аса гылыми еңбектердің авторы. Теоретикалық ономастика маманы, антропоним, топоним, этноним түрлерін зерттеумен айналысады. Қазақстан ономастикасы негізін қалаушылардың бірі. Қазақстан топонимиясын қүрылымы және семантикасы түргысынан зерттеген, көне топонимдердің лексика-фонетикалық келбетін анықтаған, қүнды этимологиялық талдау жаса- ған, топонимдердің классификациялық схемасын жасаған. Негізгі еңбектері: Информационная роль местных географических терминов в составе топонимов (1970), Антропонимы в сфере казахско-русского двуязычия (1980], Улицы города Чимкента. Путеводитель справочник (1983), Отражение растительного мира в топонимах Казахстана (в соавт., 1984), Гидронимические параллели Южного Казахстана и Поволжья (в соавт.) (1992), Словарь географических названий Казахстана Павлодарской области (1994), Шымкент и его урбанонимия (1995).