Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет7/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Халықтың ән өнері – Қазақтың халық әндерінің лирикалық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, тарихи әндер, әлеуметтік наразылық, еңбек т.б. түрлері балаларды эстетикалык тәрбиелеудің ең маңызды құралына айналды. Халық ақындары, әнші-жыршылары, сал-серілері музыкалық шығармаларды таратушылар болды. Олар өлең сөздің, музыканың және әннің тудырушылары болды. Халықтың ән өнері ұлан-ғайыр даланың бір шетінен екінші шетіне, ұрпақтан-ұрпаққа музыкалық қарым-қатынас арқылы жетіп отырды. Тұрмыс-салт әндерінде балаларға арналған ән-ойындар, сауықтар, қоғамдық және жанұялық қарым-қатынастар мәселелері ашып көрсетілетін нақыл әндер де кездеседі.
Сондай-ақ, әдет-ғұрыпқа арналған той бастар, жар-жар, сыңсу т.б. жырлар сан алуан. Өзінің мазмұны жағынан лирикалық әндер ерекше орын алады. Онда сүйген жардың сұлулығы, қосыла алмаған екі жастың қайғы-мұңы, туған жер табиғаты бейнеленеді. Ал, тарихи әндер, балаларды халық өмірінің тарихи оқиғаларымен таныстырып, жастарды батырлық пен ержүректілікке тәрбиелеп, адалдыққа үндеп отырды. Сонымен, хальқтың ән өнері жас ұрпақтың ойы мен сезіміне әсер етіп, музыкалық ләззат берген, танымдық-тәрбиелік маңызға ие болған.
Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің қалыптасып дамуында қазақтың ауызекі көркем шығармашылығы орасан зор рөл атқарды. Халықтық көркем мәдениеттің бір саласы бола отырып, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер, толғау мен термелер, айтыстар, эпостық жырлар т.б. тарамдарын қамтиды. Қазақтың ауызекі шығармашылығының көп дамыған түрлері – эпостық жырлар, толғаулар мен термелер, айтыстар. Мұнда еңбек сүйгіштік, патриотизм, адамгершілік, батырлық, мейірбандық, туған елге, жерге, табиғат әсемдігіне деген жүрек жарды сезімдері жырланады. Эстетикалық тәрбие беру жөніндегі тиімді құралдардың бірі ертегі. Олардың түрлері сан алуан, балалардың қиялын, есте сақтау, ойлау қабілетін және тілін дамытуға, музакалық-эстетикалық түсінігін қалыптастыруға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет