Сәндік-қолданбалы өнер. Қазақтың сәндік бейнелеу өнері өзінің көшпенділік өмірінде өсімдіктер және жануарлар әлемін бейнелеумен тығыз байланысты. Халықтың тұрмыстық заттары, киім-кешек алуан түрлі өрнектермен безендірілді. Мысалы: кілемдерде, киізде, ыдыс-аяқтар мен киімдерде, құрал-саймандарда т.б. Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі – сәндік-қолданбалы өнер арқылы балалардың қызығушылығын қалыптастыру, сыйлау, эмоционалдық тәжірибесін қарым-қатынасын тереңдету, іс-әрекеттерінде эмоционалдық қатынасын бекіту болып отыр.