Е. Спандияров, М. Д. Кенжеходжаев



бет4/16
Дата02.02.2022
өлшемі2,99 Mb.
#117104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Spandiarov Tamak biotehnologiasi
МЕНЕДЖ, МЕНЕДЖ, дш 9 апта1, дш 9 апта1, Сыныптан тыс іс шара Нурдинова Н.Б, 10-12 15-42
Өнімнің схемасыбұл кейбір өнімдердің қосалқы бөлшектері немесе олардың өзара байланысы шартты белгі немесе сурет түрінде көрсетілген графикалық құжат.

Машиналардың құрылымы мен негізгі түсініктері. Машиналар екі топқа бөлінеді: технологиялық және транспорттық. Технологиялық машиналар өңделген өнімнің (ол зат қатты, сұйық және газ тәріздес күйде бола алады) пішінін, қасиеттерін, күйін, жағдайын түрлендіреді.

Транспорттық машиналарда араласқан затты түсіндіруге болады, ал оның түрленуі қалпының түрленгенінен ғана тұрады.

Әртүрлі өнімдерді өндіруге арналған технологиялық операцияларды анықтайтын технологиялық машиналар арнайы жұмыс машиналары, аппараттар мен жабдықтарға бөлінеді.

Оператордың еңбегін машинамен барынша алмастыратын, жұмыс мүшелерінің қозғалысы нәтижесінде технологиялық операцияларды тиімді жүзеге асырып отыратын құрылғыны жұмыс машинасы деп атайды. Осының нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, дайындалып отырған өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне қол жеткізіледі.

Аппарат деп жылулық, химиялық, биохимиялық, электрлік және басқа процесстер жүретін машинаны атайды, және бұл процесстердің

жүруін, қарқындауын сонымен қатар өндірілген өнімді тасымалдауды қамтамассыз ету үшін әр түрлі құрылғыларды пайдаланады.

Машиналар мен аппараттардың конструкциясы бөлшектер, түйіндер мен механизмдерден құралады. Бөлшек – жинақтау операциясын қолданбай, материал маркасымен және атаулары бойынша біртекті материалдан жасалатын өнім.

Бір немесе бірнеше қозғалыссыз біріккен бөлшектердің байланысының жиынтығы түйін деп аталады. Бір немесе бірнеше жетекші түйіндердің қозғалысы басқа түйіндердің қозғалысына алып келетін түйіндер жүйесін механизм деп атайды. Механизмдер жиынтығы машинаны құрайды.

Құрылысты басқару үшін машиналар мен аппараттар басқарушы - өлшеуіш, реттегіш, белгі бергіш, автоматтандырғыш және басқару құралдарымен жабдықталады.

Заманауи машиналар жұмыс жасайтын құралдары бар атқарушы механизмдерден, жетекші механизмдермен, сонымен қатар басқару, реттеу, қорғаныс және бұғаттау құрылғыларынан, яғни жабдықтау құрылғыларынан тұрады.

Қабылдау құрылғылары, бастапқы өнімді немесе технологиялық процесстің талабына байланысты шикізатты массасы мен көлеміне қарай мөлшерлеп машинаға үздіксіз жіберуге арналған.

Атқарушы механизм машинаның жұмыс істейтін мүшелеріне (орган) қозғалысты беруге арналған. Бұл механизм жетекті механизммен байланысатын, жұмыс мүшелерімен жетекші бөліктерімен бірігетін, бастаушы бөліктерден тұрады.

Жұмыс мұшелері алдын ала белгіленген технологиялық процесстерге сай өңделіп отырған өнімге тікелей әсер етеді. Кейбір жағдайда ол машиналардағы технологиялық процесс бірнеше жұмыс мүшелеріменн іске асады, олардың әрқайсысы белгілі бір операцияны атқарады. Мұндай машиналар бір жұмыс мүшесі бар жай машиналарға қарағанда, күрделі машиналар деп аталады.

Заманауи машиналар негізінен жеке электр электрмотормен іске қосылады. Басқару құрылғысы машинаны іске қосу мен тоқтатуды жүзеге асырады, сонымен қатар оның жұмысын бақылайды. Реттегіш механизмдері машина жұмысының белгіленген тәртібін қамтамасыз етеді, ал қорғаныш және бұғаттау механизмдері машиналардың қате іске қосылуы мен өндірістік жарақаттануды ескерудің алдын алу үшін пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет