Е. Спандияров, М. Д. Кенжеходжаев


Технологиялық құрылғының классификациясы



бет7/16
Дата02.02.2022
өлшемі2,99 Mb.
#117104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Spandiarov Tamak biotehnologiasi
МЕНЕДЖ, МЕНЕДЖ, дш 9 апта1, дш 9 апта1, Сыныптан тыс іс шара Нурдинова Н.Б, 10-12 15-42
Технологиялық құрылғының классификациясы.

Биотехнологиялық кәсіпорындардың заманауи әр түрлілігіне байланысты онда қолданылатын технологиялық құрылғылар да түрліше. Бұл құрылғыларды келесідей ортақ белгілері бойынша классификациялауға болады:



  • Өндіріліп отырған өнімнің әсер ету сипатына қарай;

  • Жұмыс кезеңінің құрылымына қарай;

  • Автоматтандыру мен механизациялау деңгейіне қарай;

  • Функционалдық белгілеуіне қарай;

  • Атқарылып отырған операция санына қарай.

Өңделген өнімге әсер ету сипаты бойынша:

  • өнім механикалық әсерге ұшырап, бірақ өзінің қасиетін өзгертпей, геометриялық пішіні, көлемі өзгертпейтін машиналар;

  • жұмыс машиналарының бір түрі ретіндегі аппараттар, онда өнім өзінің физикалық және химиялық қасиеттерін немесе агрегаттық күйін өзгертеді.

Кейбір жағдайларда технологиялық құрылғылар аппарат пен машинаның қисындасуы болып табылады, ол жерде механикалық, физикалық-химиялық, жылулық және де басқа да әсер ету түрлері

бірлеседі. Машиналарға тән ерекшелік – өңделіп отырған өнімге тікелей әсер ететін қозғалып тұратын бірнеше жұмыс мұшелерінің бар болуы.

Аппараттардың ерекшелігі белгілі бір реакция кеңістігінің болуы (жұмыс камерасы), онда өнімге оның қасиеттерін өзгерту мақсатында әсер етіледі.

Машина циклі – бұл өнімнің (шикізаттың) бастапқы күйінен соңғы күйге дейінгі өңдеу процесінің аяқталу уақытын айтады. Негізгі екі цикл болады: технологиялық және жұмыс циклі.

Технологиялық цикл – өнімнің өңдеу процесі үшін қабылданған технологияға сәйкес бастапқы өңдеуден бастап түпкілікті нәтижеге дейін аяқталатын технологиялық машинада өнімнің болу уақытын айтады.

Жұмыс циклі – машина дайын өнімнің жеткізілуінің кезекті екі сәті арасындағы уақыт аралығы. Көптеген технологиялық машиналарда технологиялық цикл жұмыс циклімен сәйкес келмейді. Технологиялық және жұмыс циклдерінің ұзақтығы машина жұмыс принципіне және қосалқы операциялар ұзақтығына байланысты шикізатты машинаның жұмыс камерасына бағыттау және одан дайын өнімді алу.

Жұмыс циклінің құрылымы бойынша мерзімді және үздіксіз әрекет ететін машиналар деп бөледі. Мерзімді әрекет ету машиналарында белгілі бір уақыт шеңберінде өңделіп отырған өнім әсерге ұшырайды, одан кейін дайын өнім машиналардан алынады. Осыдан кейін кейін өнімнің келесі бөлігі салынады да процесс кезеңмен қайталанып, жаңартылады.

Цикл кезінде мұндай машиналарда жұмыс органдарының жұмыс тәртібі үнемі өзгеріп отырады. Үздіксіз әрекет ету машиналарында жұмыс органдары тұрақты жұмыс тәртібінде жұмыс істейді, ал бастапқы жүктеме мен дайын өнімнің түсірілуі бір мезгілде жасалады.

Бұл машиналарда өңделіп отырған өнімнің дайындығы уақыт жағынан тұрақты, және тек камераның ұзындығы бойынша өзгереді, бұл камераға алдыңғы өнімді аяқтамастан оның жаңа бөліктерін беруге мүмкіндік береді, сондықтан жұмыс циклінің ұзақтығы технологиялық циклмен салыстырғанда қысқарады.

Операцияларды механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі бойынша машиналарды автоматтандырылмаған, жартылай автоматты және автоматты болып бөлінеді.

Автоматты емес машиналарда, қосалқы операциялар (жүктеу, түсіру, жылжыту, бақылау) және кейбір технологиялық операциялар

машинаға қызмет көрсететін оператордың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Автоматты машиналарда, технологиялық, сондай-ақ барлық қосалқы операциялар, соның ішінде басқару және бақылау, машинамен орындалады.

Жартылай автоматтандырылған машиналар мен автоматты машиналардың ерекшелігі – бұл машиналарға тән әдеттегі механизмдер мен құрылғылардан басқа, машиналардың автоматты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылардың болуымен ерекшелінеді.

Орындалған операциялардың саны бойынша технологиялық машиналарды бір операциялық, көп операциялық және көп мақсатты деп бөлуге болады. Бір операциялық машина деп бір технологиялық операцияны орындайтын машинаны атайды. Көп операциялы машина деп бірнеше операциялардан тұратын технологиялық процессті орындайтын машиналарды атайды.

Көп мақсатты машина – бұл ауысымдық жетектер жиынтығының немесе ортақ дискіге кезек-кезек қосылған жұмыс органдарының болуына байланысты бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын машина.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет