Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ДӘрістер қазақстан тарихы



бет25/62
Дата09.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#180559
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
Дәрістер

Моғолстан хандығы. ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.
Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІҮ ғасырдың 70-80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385-1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойындайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408-1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.
ХҮ ғ. 1-ші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі. Уайс хан (1418-1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан (1433-1462) ХҮ ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. ХҮ ғ. 50- жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты:
– қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;
– қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет