Е. Уайт жаратушыға апарар жол мазмұНЫ



бет3/4
Дата25.01.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4

АЙЫБЫН МОЙЫНДАУ


"Өзінің қылмысын жасырушылар табысқа жете алмайды, ал қылмысын мойнына алып, ондай әдеттерден арылғандар кешірімге ие болады" ( Нақыл сөздер. 28:13)

Құдайдың кешіріміне парасаттылық, қарапайымдылық әрі әділдік жағдайында ие болуға болады. Жаратушы Ие күнәларымызды кешіруі үшін, біздің шаршап-шалдығып, қалжырап, қиналуымызды талап етпейді. Оның мақұлдауына ие болу үшін біздің қажып, шаршап, алыс жерлердегі қажылықтарға барып немесе Жаратушы Иенің біздің заңсыздықтарымыз бен күнәларымызды өтеу үшін, өз тұлғамызды бәсекеге түсірудің де қажеті жоқ. Ақиқатында, кім өз күнәларын мойнына алып, тәубеге келетін болса, сол кешірімге ие болады.

Елші былай дейді: "Сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып, мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар!" (Жақып. 5:16). Сендер Құдайдың алдында ғана өздеріңнің күнәларыңды мойыңдаңдар, өйткені Ол ғана сендерге кешірім етеді. Біріңнің алдыңда бірің теріс қылықтарыңды мойындаңдар. Егер досыңды немесе көршіңді жәбірлеген болсаңдар да, өздеріңнің теріс қылықтарыңды мойындауларың керек, ал Олардың парызы - сендерді кешіру. Бұдан соң Құдайдан кешірім сүрау керек, өйткені өзіңнің жәбірлеген бауырың - Құдайдың ұлы. Оны жәбірлей отырып, сендер ол адамды, жаратқан Жаратушы Ие мен Құтқарушыны жәбірледіңдер. Осылардың барлығын да Жаратушымыз бен Ақтаушымыз, шынайы Жарастырушымыз, Ұлы да ақиқи Дін қызметшісіне айтып беріңіз. Өйткені "Ол біздің дәрменсіздіктерімізге, қуатсыздықтарымызға жанашыр бола алады" "Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес... Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде "Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз" Сонда ол біздерді барлық кесел, кемістіктерден, кір, дақтарымыздан тазарта алады. (Еврейлерге. 4:15).

Құдайдың алдында бас иіп, Оған мойын ұсынбаған және өздерінің айыптарын мойындамаған адамдар, Құдайдың оларды қабылдай алатындай басты шарттарының бірін орындамағаны. Егер күнәлары үшін өкініп, тәубеге келу сезімін біз басымыздан өткізбесек, өзіміздің істеген заңсыздықтарымызды жек көріп, істеген күнәларымыз үшін бар жан дүниемізбен қайғырып, тәубеге келмесек, онда біз әлі де өзіміздің істеген күнәларымызға кешірім жасауға талпынып, талаптанбағанымыз. Осындай игілікті де баталы істі жүзеге асырмайынша, біз Құдайдың Әлеміне ие бола алмас едік. Біздің өткен өмірімізде істеген күнәларымыз мынандай істерге байланысты кешірімге ие бола алмайды. Өзіміздің жүректерімізді Құдайдың Киелі сөздерінде баяндалған шарттарын орындауға көндіктіріп, ол шарттарды орындамасақ, онда біз күнәларымыз үшін кешірімге ие бола алмаймыз. Бұл ретте айқын нақтылы түрдегі өсиет сөздер мен уағыз сөздер берілген. Қауымдастықпен бірге немесе оңаша отырып, шынайы көңілдеріңмен, бар ықылас-ниеттеріңмен жүректеріңнің шынайы сезімдерімен өздеріңнің істеген күнәларыңды мойындауларыңа болады. Бұл іске жеңіл ойлылықпен, атүсті қарап, істеген күнәларың мен айыптарыңды мойындай салудың дұрыс еместігі сияқты, күнәні мәжбүр етіп, еріксіз мойындату да - орынсыз іс. Егер адам өзінің істеген күнәсінің сондайлықты жиренішті екендігін түсінбесе, оны сол күнәларын мойындауға мәжбүр етуге болмайды. Күнәларыңды шынайы жан сезімдеріңмен мойындағанда ғана, Жаратушы Ие тәубелеріңді қабыл алмақ. Зәбүр жыршысы былай деп жыр толғайды: "Жаратқан Ие жан жүрегімен қайғы-қасірет шеккендерге жақын болып, Өзіне бас иіп, мойын үсынғандарды құтқарады" (Зәбүр жырлары. 33:19)

Адамның өз күнәларын шынайы түрде мойындауы, нақтылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Кейбір күнәлардың Құдайдың алдында ғана беті ашылуы мүмкін; басқалары сол күнәлар үшін азап көрген адамдар алдында мойындалады; үшінші бір күнәлар қоғамға қарсы бағытталуы мүмкін, сондықтан да мұндай күнәлар көпшіліктің алдында мойындалуы тиіс. Бірақ айыбын мойындап, тәубеге келу нақтылы түрде, сол айыпқа байланысты мәселені атап өту түрінде болуы керек. Сендер өздеріңнің айыптарыңның салдарынан болған күнәларыңды ғана мойындауларың керек.

Самуилдың кезінде израйлдықтар Құдайдан алыстап, сол күнәлары үшін азап шекті. Құдайға деген сенімдерін жоғалтты және олардың күнәлары тек Құдайдың алдында ғана ашылатындығын ұмытып, Оның даналығы мен құдіретті күші оларды басқарып тұратындығын естерінен шығарып алды. Израйлдықтар өздерінің істеген істері үшін, Құдайдың көмек беріп және қорғай алатындай қабілетіне деген сенімдерін жоғалтты. Олар бүкіл әлемнің Ұлы Басқарушысынан теріс айналып, өздерімен көршілес тұратын елдердегідей құрылымы бар мемлекетке ие болғысы келді. Олар бейбітшілікке жеткенге дейін өздерінің айыптарын нақтылы және түсінікті түрде мойындады; "Жасаған басқа күнәларымызға қоса біз өзімізге патша талап етіп, тағы бір рет күнәға баттық" (1 Патшалық. 12:19). Олар ең алдымен ар-ұяттарының оянып, күнәларын шынайы түрде мойындаулары керек болды. Жақсылықты білмейтіндігі олардың өздерінің жандарын қинап, оларды Құдайдан ажыратып түрды.

Істеген күнәлары үшін шын жүректен өкіне отырып, тәубеге келіп, сол күнәларға батырған кемшіліктерін түзетпейінше, Құдай тәубеңді қабылдамайды. Өмірде шұғыл өзгерістер болуы тиіс; Құдайды қорлайтындай іс амалдардың бәрі де жойылуы тиіс. Шынайы түрде өкініп, тәубеге келудің жемісі осындай болады. Осы тұрғыда бізден не талап етілетіндігі айқын түрде айтылған: "Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлымдық іс-амалдарыңды тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық - зомбылық жасағандарды әшкерлеп, жетім-жесірді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!" (Ишая. 1:16-17). "Егер заңсыз өмір сүретін ол адам кепілдікті қайтарып, ұрлағанының құнын төлейтін болса, ешқандай жаманшылық істемей өмір заңы бойынша өмір сүрсе, ол өлмейді, тірі болады" (Езекиел. 33:15). Елші Пауыл шын тәубеге келудің жемістері туралы былай жазады: "Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы; қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе кінәратсыз, таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер" (2 Қорынттықтарға. 7:11).

Күнә өнегелі көзқарасты жансыздандырады, сондықтан күнәкар өзінің мінезіндегі кемшіліктерді елемейді, және өзі жасаған жамандықтың қандай жан түршігерлік екенін түсінбейді. Егер ол Қасиетті Рухтың мақұлдататын күшіне багынбаса, онда өзінің күнәсын толық түсінбейді. Оның мойындаулары шын жүректен шықпайды. Ол өз айыбын ұялтқанда ғана мойындап, барлық уақытта жағдайға сілтеме жасап өзін ақтауға тырысады.

Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жегенде, олар әрі қорқып, әрі ұялды. Сол кезде олар тек қана күнәларын ақтап, өлімнен құтылуды ғана ойлады. Құдай Ие олардан жасаган күнәлары туралы сұрағанда, Адам айыптың бір бөлігін Құдай мен Хауаға жатқыза былай деді: "Қасыма Өзің жіберген әйел маған сол ағаштың жемісін берді, мен жедім"- деді. Құдай Ие әйелден: "Неге олай істедің?"-деп сұрағанда, әйел: "Мені жылан азғырган соң жедім"-деді (Жаратылыстың басталуы. 3:12- 13). Сен неге жыланды жараттың? Сен неге оны пейіштің багына жібердің?-деген сұрақтар сарыны әйелдің Жаратушы Иенің сұрақтарына берген жауаптарында айқын аңғарылып тұрды. Сол жауаптарга қараганда, олар өздерінің күнәға батқандығына Құдайды жауапкер еткен сияқты болды. Өзін-өзі ақтау рухы өтіріктің әкесінен пайда болган, ол Адамның барлық балалары мен қыздарының бойларында көрініс табуда. Осындай мойындаулар Құдайдың Рухы тарапынан қолдау таппайды және Құдай мүны қабылдамайды. Егер адамдар өздерінің істеген күнәлары үшін шын жүректен өкініп, тәубеге келсе, өзінің күнәсі үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, өз айыбын еш қулықсыз, екі жүзділік пиғылсыз шынайы түрде мойындайды. Көзін көкке көтеруден қорыққан бақытсыз салықшы сияқты ол: "Құдайым мен сияқты күнәкарга рақымшыл бола гөр!"-деп сиынар еді. Өздерінің айыбын мойындаушылар ақталады, өйткені Исаның қаны және Оның Жақтаушылық қызметі оның ақталуына мүмкіндік туғызады..

Құдай Сөзінде шын тәубеге келу мен көндігудің мысалдары келтірілген. Киелі Кітапта өздерінің күнәлары үшін кешірім өтінбестен, сол істеген күнәлары үшін ақталмастан-ақ күнәларын мойындағандар туралы айтылады. Елші Пауыл өз айыбын кішірейтуге тырыспады. Ол айтады: "Бас діни қызметкерден арнайы өкілеттік алып, Құдайдың көптеген адамын түрмеге жаптырдым. Оларды өлім жазасына кескенде, бұған да келісіп, дауыс беріп отырдым. Барлық мәжілісханаларды аралап жүріп, сондайларды талай рет азапқа салып, оларга Иеміздің атын қорлатуга тырыстым. Ашу-ызага кернелгенім сонша, Оларды шетелдік қалаларга барып та қудаладым"(Елшілердің істері 26:10-11). Елші толқымай-ақ айтады; "Иса Мәсіх әлемге күнәкарларды құтқару үшін келді, солардың ішінде мен- біріншімін" (1 Тимөтей. 1:15).

Шын тәубеге келушілікпен бағындырылып, мойын ұсынған жүрек, Құдайдың махаббаты мен Ғалғотадағы Құрбандықты, аз да болса түсінеді. Өзін жақсы көретін әкесінің алдында баласы өзінің әбес қылықтарын шын жүректен мойындағаны сияқты,дұрыс емес істерін қалай мойындаса, шынайы көңілмен тәубеге келген күнәкар да, өзінің істеген заңсыздықтарының бәрін Құдайға ашады. "Егер күнәларымызды мойындасақ, дейді Киелі Кітап, - Құдай сенімді де әділетті болғандықтан, оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздіктерімізден тазартады" (1 Жохан. 1:9).

  1. ӨЗІҢДІ АРНАУ


Құдай уәдесінде былай деген: "Іздеңдер Мені, егер шын жүректеріңмен іздесеңдер, Мені табасыңдар" /Еремия. 29:13/.

Біздің Жаратушы Иеге толық қайтарым беруіміз күтіледі. Ол үшін біздің ісімізде, болмысымызда өзгерістер болуы керек және ол өзгерістердің барысында біздердің Оған ұқсастығымыз толығынан қалпына келуі шарт. Біздің табиғи қасиеттерімізде Құдайдан шеттеп, жатсыну сияқты қалып бар. Киелі Рух біздің осындай жай-күйімізді былай деп суреттейді: "күнә жасай бергендіктен, рухани өлі едіңдер"; "басы түгелдей жара, жүрекгері әлсіз", "сау... жері жоқ" Шайтан сендерді өз тұзағына түсіріп, өзінің еркінде ұстады" (Ефестіктерге. 2:1; Ишая. 1:5, 6:2; Тімөтей. 2:26). Жаратушы Ие бізді ауыруымыздан айықтырып, азат етіп жібергісі келеді. Бүл ұшін біз табиғи жаратылысымызды түбегейлі түрде жаңартып, қайта өзгертіп, Құдайға мойын ұсынуымыз қажет.

Өзімшілдігі мен тәкаппарлығына қарсы күресу адамзат баласының бастарынан өткерген қандай да бір жекпе-жектерінің ішіндегі ең ұлысы болмақ. Өзінің өзімшілдігін ауыздықтап, Құдайдың еркіне бет бұрып, мойын ұсыну үшін, адамзат баласы бар күш-жігерлерін жұмылдыруы тиіс. Жаратушы Иеге шын ниетімен берілмейінше, киелілік жағдайында жаңаша өмір сүру мүмкін емес. Құдайдың басқаруы соқыр сеніммен немесе әзәзіл шайтанның түсіндіргісі келгеніндей, ессіздікпен бағындыруға негізделмеген. Жаратушы өзінің пенделерін ақылды да парасатты, ар-ожданы таза болуға шақырады. Құдай адамдарға: "Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік!" /Ишая. 1:18/- деп ұсыныс жасайды. Жаратушы Ие бізді өзінің еркіне зорлықпен багындыруға тырыспайды, тек өз еркімен, салиқалы да парасатты түрде болған мойын ұсынуды ғана қабыл алады. Еріксіз, зорлықпен мойын ұсыну адамды ақыл-ойы мен рухани жан дүниесінің жан-жақты даму мүмкіндігінен айырып, роботқа - адам сияқты жұмыс істей алатын автоматқа айналдырып жібереді. Бұл- Жаратушының еркіне қарама-қайшы келетін іс. Көктегі Әкеміз Өзінің даңқты жасампаздық істерінің бірі- /аяқталған іс/ -адамзат баласын дамудың ең жоғарғы сатысынан көргісі келеді. Ол бізді өзінің мейірлі шапағатымен жарылқап, бізге нұр жауған берекелі өмір сыйлағысы келеді. Біздің болмысымызды өзгертіп, Өзі жоспарлаған түпкі ой-ниетін іске асыру үшін, біздің Өзіне толығымен беріле отырып, бағынуымызды жөн көреді. Біз Құдайдың балаларының бостандығына қосылу үшін, күнәнің бұғауынан босанғымыз келе ме? Оны өзіміздің қалауымыз біледі.

Жаратушы Иенің еркіне ұйып, мойын ұсынған қалыппен, Оған шын ниетімізбен беріле отырып, біз өзіміздің бойымыздағы Оның заңдарына қайшы келетін зиянды іс-амалдардан түгелдей арылып, күнәға батыратын істерден үзілді- кесілден бас тартуымыз керек. Міне, осыған орай Құтқарушы былай деген болатын: "сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай, менің шәкірттерім бола алмайсыңдар" (Лұқа. 14:33). Көптеген адамдар байлыққа, ақшаға қызығып, есіл-дерті байлық жинау болып, жанталаса тырысады. Осындай жағымсыз қасиеттер ондай ашкөз адамдарды сұм шайтанға матап байлайтын алтыннан жасалған шынжыр тізбек іспетті болмақ. Ал кейбір адамдар даңқ пен құрметке ие болуға құштар. Жандары қиналып, жұмыс істемей, ешнәрсенің де жауапкершілік жүгін көтермей-ақ өмір сүруге бейім келетін адамдар қаншама! Осындай құлдық құрсаулары талқандалуы керек. Біз өзімізді жартылай Құдайға, жартылай осы өмірге арнай алмаймыз. Егер біз Құдайга мойын ұсынып, шынайы ниетімізбен Оган толығынан берілмесек, онда Оның балалары болып есептелмейміз.

Кейбір адамдар Құдайдың тақуалық және құтқарылу тұрғысындагы заңдарын орындап, Құдайға құлшылық етіп жүргенімен, өздерінің жеке күш-мүмкіндіктеріне сенуді жөн көретіндіктерін айтады. Бұл адамдар Исаның сүйіспеншілігін бар жан-дүниесімен әлі де тереңінен сезіне қоймаған.Ондай адамдар мәсіхшілдіктің алға қойған барлық міндеттерін, Құдайдың талаптары ретінде мүлтіксіз орындай отырып, өздеріне мәңгілік өмірді сыйға алғылары келеді. Мұндай діннен адамға келер пайда жоқ. Иса Мәсіх біздің жүрегімізде болса, біздің жан дүниеміз жарқырап, Оның шексіз сүйіспеншілігі мен тілдесім қуанышына бөленіп, бұдан былайгы уақытта Құтқарушымызсыз өмір сүре алмайтындыгымызға көзіміз жетеді. Иса туралы ойланудың арқасында, біз өзімшілдігімізді ұмытып, әрбір іс-әрекеттерімізді, болмысымызды Исаның көзқарасы тұрғысында бағалап, Ол туралы неғүрлым терең білген сайын, жүректеріміз Оған деген шексіз сүйіспеншілікке тола түседі. Құдай сүйіспеншілігінің өзіне тартатын күшін сезген адамдар, Құдай заңының талаптарын қандай да бір қиындық іске бел байламай-ақ, еш қиындықсыз орындау жайлы ойламайды. Олар Құтқарушының еркімен толық келісімде өмір сүруге талпынады. Сөйтіп, олар басқа істердің барлығын тастап, өздерінің жүрек қалауларымен таңдаған ізгі мақсаттарына жетуге барлық күш-мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысады. Егер мәсіхшілдің жүрегінде мұндай терең сүйіспеншілік болмаса, онда оның діни нанымы - бос сөзділік, өзіне өзі қиыншылық туғызу және өзін-өзі алдау болғаны.

Мүмкін сіздер Исаға бар жан-тәніңізбен берілсеңіз, тым көп шығындалушылыққа бас тігемін деп ойлайтын боларсыздар? Онда өзіңізге: Иса мен үшін не берді?" деген сұрақ қойыңыз. Бізді құтқару үшін Құтқарушымыз Өзінің жеке басының тыныштығын, өмірін, амандық-саулығын құрбан етті. Ол бізге Өзінің кіршіксіз де пәк таза жүрегін, Өзінің риясыз сүйіспеншілігін сыйлады. Біздер, адамдар, сондай сүйіспеншілікке лайық емеспіз бе? Неліктен біз осындай Ұлы сүйіспеншілікке жан жүрегімізбен жауап бере алмаймыз? Біз әрбір сәт Оның барлық мейірімін, рахымын, байлықтарын пайдаланамыз. Сөйте тұра өзіміздің қандай надандықтың шырмауынан, қандай қиындықтардан құтқарылғандығымызды толығынан мойындап, түсіне алмайтынымыздың себебі не? Біздің күнәларымыз үшін жанын пида еткен Құтқарушымызға қарап отырып, Оның бізге деген шексіз де риясыз сүйіспеншілігіне, біз үшін құрбан болғандығына самарқаулықпен қарап, қатыссыз қалуға бола ма? Жаратушының бізді құтқару үшін, Құдайдың алдында бой ұсынғанын біле тұра, өмір жолымыз біздің қиындыққа қарсы күресумен, өз-өзімізді қорлап, кемсітумен өткендігін айтып, наразылық білдіре аламыз ба?

Көптеген өркөкірек адамдар: "Істеген күнәларына өкініп, Құдайға мойын ұсынудың қажеті қанша? Онсыз Құдайдың мені қабылдайтындығына неге сенбеске?-деген сұрақтарды қояды. Исаға қараңдар. Ол күнәсыз болды. Ол Аспан патшасы еді, бірақ адамзат баласын құтқару үшін, Ол Өзінің жанын қиып, біздердің күнәларымыз үшін құрбан болды. "Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген күнәкарлардың кешірілуі үшін өтініш жасап, олардың күнәларын өз мойнына алды" (Ишая 53 : 12).

Біз Исаға барлығын бере отырып, неден бас тартамыз? Құтқарылуымыз үшін біз үшін өлімге бас тіккен Иса Мәсіх, бізді өзінің қанымен тазартатын болғандықтан, күнәнің кірлі дақтарынан бас тартамыз. Құтқарушымыз бізді еш нәрсеге теңдестіруге болмайтын риясыз да шексіз сүйіспеншілігіне бөлей отырып, мәңгі өлімнен құтқарды. Кейбір адамдар бойларына сіңісті болып кеткен әдеттерін тастау қиын деп ойлайды. Мұндай сөздер мен ойлар біздің ар-ожданымызға әсер етіп, ұялтуы керек.

Құдай біздің өзіміздің игілігімізге жарамды нәрселерден бас тартуымызды талап етпейді. Ол әр уақытта Өз балаларының мүддесіне сай әрекет жасайды. Әлі де Құдайға мойын ұсынбаған пенделерге Жаратушы Иеміз, олардың бұл дүниеде өздері іздеп жүрген игіліктерімен теңдестіруге болмайтындай, анағүрлым жақсырақ игіліктерді ұсынады. Құдайдың еркіне қарсы ой ойлап, әрекет жасаған адам, өзіне өзі зиян келтіреді. Құдайдың тиым салған жолымен жүріп, бақытты болуға болмайды ,өйткені біз үшін ненің игі екенін Құдай ғана біледі, және барлығын біздің игілігіміз үшін жасайды. Күнә жолы - қиындықтарға душар болу және опат болып, жойылу жолы.

Құдай өз балаларының азап шегіп қиналғанын көріп, рахаттанады деп ойлайтындар қатты қателік жібереді. Бүкіл Аспан әлемі адамзат баласының бақытты болғанын қалайды. Біздің Аспандағы Әкеміз Өз балаларын қуанышқа бөлену мүмкіндігінен айырмайды. Ол бізді азапқа түсіп, өмірден түңілуге душар ететін, біздің шат-шадыманды бақытқа және мәңгілік өмірге апаратын ізгілікті жолымыздың жабылуына ықпал ететін амалдардан бас тартуға шақырады. Әлемнің Құтқарушысы өзіне сенген адамдарды барлығын олардың бойларындағы кемшіліктері, әлсіздіктері және жетілмегендіктері бар күйінде-ақ қабылдайды. Құтқарушы Өзінің өтеп алушылық Қанымен оларды күнәларынан тазартып қана қоймайды, сонымен бірге Өзінің "жүгін" алып жүруге келісімін бергендердің барлығының асыл армандарын қанағаттандырады. Ол өзіне өмірдің наны үшін келгендерге, бейбітшілік пен тыныштық сыйлағысы келеді. Иса бізді тек шаттықтың шыңына алып баратын міндеттерді ғана орындауға шақырады. Оның еркіне бағынбай, қарсы шығатындар шат-шадыман өмірдің рахатына бөлене алмайды. Жүрегінде Құдай Рухы өмір сүретін адам (елші сөзі бойынша "ұлылығынан үміттенуші"), өмірдегі қуаныштың толықтығына ие бола алады.

Көптеген адамдар: "Құдайға менің өмірімді басқаруды қалай сеніп тапсырсам болады?" деген сұрақ қояды. Сендердің де осындай ізгі қадам жасағыларың келгенімен, бойларыңда рухани күштерің жоқ , күмәнділіктің құлдығына түсіп, күнәкарлық әдет:қылықтарыңның билігінде болып келесіңдер. Сендердің уәделерің мен шешімдерің, қатырғы қағаздан жасалған қағаз үй сияқты құлауда. Сендер оздеріңнің ой-сезімдерің мен істеріңді басқара алмай жүрсіңдер. Орындалмай қалған Уәделерің мен міндеттемелеріңнің орындалмай, сендерді өздеріңнің адал екендіктеріңе күдікпен қарауға мәжбүр етуде. Құдай өздеріңді қабылдамайтындай сезінесіңдер. Бірақ үміттеріңді үзбеңдер. Еріктің нағыз күші қандай екенін түсіне білу керек. Адамның табиғатындағы осы басқарушы күш, қандай да бір шешім қабылдау кезінде айқын байқалады. Бәрі де еріктің дұрыс ықпал етуіне байланысты. Құдай адамның бойына таңдай білу қабілетін дарытты. Осы қабілетті пайдалана білуіміз керек. Егер сендер Құдайға өз еріктеріңді беруге әлдерің келсе, онда Ол сендердің бойларыңдағы қалау-ниеттеріңді, іс-әрекеттеріңді өз еркіне бағындыратын болады. Сонда сендер толығымен Исаның Рухының басқаруында болып, Оған барлық ой-ниеттеріңмен беріліп, Онымен келісімге келесіңдер.

Қасиеттілік пен қайырымдылыққа ұмтылу- мақтауға түрарлық іс. Осы ізгілікті іске ұмтылу тек ниет етумен ғана шектелетін болса, онда бұл талпыныстарың сендерге еш пайда келтірмейді. Көп адамдар мәсіхшіл болғысы келіп, өздерін мәсіхшілміз деп санағандарына қарамастан, опат болады. Өйткені олар өз еріктерін Құдайға бағындырған жоқ, бүгінгі күні де олар осындай маңызды қадам жасауға шешім қабылдай алмай отыр.

Егер өміріңді дұрыс арнаға бұра білсең, өмірің түбегейлі өзгеруі мүмкін. Исаға мойын ұсынып, бағынатын болсаңдар, сендер бүкіл аспан әлеміндегі ең күшті Тіршілік Иесінің қолдауына ие боласыңдар. Өздеріңді әрдайым Құдайдың еркіне бағындыратын болсаңдар, Одан шексіз күш қуат алып, сенімі мол жаңа өмірдің иесі болып, баянды бақытқа кенелесіңдер.

  1. ДІН ЖӘНЕ ОНЫ ҚАБЫЛДАУ


Киелі Рух ар-ұятты оятқанда, сендер күнәнің залалдылық, бүлдірушілік зардаптарын айқын сезініп, өздеріңді кінәлі сияқты сезінесіңдер. Күнәнің зардаптарын, қайғы-қасірет әкелетіндігін көріп тұрып, күнәға жиркене қарап, Ол сендердің Құдаймен арадағы байланыстарыңды үзіп, өзінің құлдығына түсіргенін санаңмен саралай бастайсың. Күнәларға қарсы неғүрлым көбірек күрескен сайын, сендер өздеріңнің дәрменсіздіктеріңді, ішкі жан-дүниелеріңнің бұзылғандығын, таза еместігін айқын сезінесіңдер. Өздеріңнің жүректеріңде күнәкарлық, өзімшілдік сияқты қасиеттер берік орнығып алғанын түсінесіңдер. Күнәларың үшін кешірім алып, пәк тазалыққа, еркіндікке жетуді аңсайсыңдар. "Құдаймен келісімге келіп, Оған ұқсау үшін не істеуге болады?" - деген сұрақ төңірегінде жиі-жиі ой толғайсыңдар. Бұл сұрақтың кесімді жауабы сол, ең алдымен сендер ішкі жан дүниелеріңді дұрыс қалыпқа келтіргендерің абзал. Ол үшін Құдайдың кешірімі және сендердің жүректеріңдегі Оған деген шексіз сүйіспеншілік сезімдері, өздеріңнің ішкі жан дүниелеріңнің кіршіксіз таза болуы өте қажет. Күнделікті өмірге қажетті ақша да, зиялылық та, адамның білімі де сендерді бұл әлемнің иелері ете алмайды. Яғни жанға қажетті игіліктерге өз күштеріңмен қол жеткіземін деп талаптану - ақылға сыймас іс. Ал Құдай сендерге ешқандай "күміссіз және төлемсіз-ақ" (Ишая. 55:1) Өзінің кешірімі мен сүйіспеншілігін тегін беруді ұсынады. Бұл игіліктер сендерге сый ретінде берілген де. Тек қолдарыңды созып, соны алсаңдар ғана болғаны. Жаратушы Ие былай деген: "Күнәларың алқызыл болса да, рақым етіп, сеңдерді қар сияқты аппақ етемін. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын" (Ишая. 1:18), "Сендерге жаңа жүрек, жаңа рух беремін" ( Изекиел. 36:26).

Сендер күнәларыңнан кейін шегініп, тәубеге келдіңдер делік. Өздеріңді Құдайдың билігіне беруге шешім қабылдадыңдар. Ендігі жерде сендер Оған барып, Оның өздеріңді күнәдан пәк таза етіп тазалап, жаңа жүрек беруін сұраңдар. Осы өтініштеріңнің орындалатындығына деген сенімдерің нық болсын, өйткені бұл жөнінде Оның Өзі уәде берген болатын. Иса Мәсіх жерде өмір сүрген кезінде, осыны бізге үйреткен. Сондықтан да біз Құдайдың уәде еткен сыйын алатындығымызға кәміл сенуіміз керек. Ол сый біздің меншігімізге жататын болады. Иса адамдар Оның күшіне сенген кезде, оларды емдеп, ауыруларынан айықтырды. Құтқарушы адамдарға көрнекі түрде ем жасай отырып, оларға көрінбейтіндей іс - адамдардың күнәларына кешірім жасау Өзінің қолынан келетіндігіне сендіргісі келді. Сал ауруына ұшырап, әбден әлсіреген бір адамды емдеу кезінде, Өзінің ойын былай деп жеткізді: "Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігім бар екендігін білулерің үшін... орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар!" (Матай. 9:6). Жохан да Иса Мәсіх туралы таңғажайып оқиғаларды әңгімелей отырып, жоғарыда келтірілген ойлардың ақиқат екендігіне куәлік айтты: "Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сеніп, сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған" (Жохан. 20:31).

Иса Мәсіхтің ауру адамдарды емдегендігі туралы жай ғана інжілдік баяндаудан, біз Оған сену арқылы, өзіміздің күнәларымыз үшін кешірім ала алатындығымызға көзіміз жетті. Енді сал ауыруы болған адамды Вифез жерінде емдеу жөніндегі әңгімеге қайтадан оралайық. Ауырудың зардабын тартып, әлсіреген байғүс жан, отыз сегіз жыл бойына осындай мүсәпірлік күй кешіп келген екен. Иса оған ем жасады да: "Орныңнан тұрып, төсенішіңді ал да, жүріп кет!" - деп бұйырды. Әрине сырқат адам Оған: "О,Құдайым, егер сен мені жазып шығарсаң, мен Сенің бұйрығыңды орындайын" - деп жауап беруі де мүмкін еді ғой. Бірақ ол Исаның Сөздеріне ұйып сенгендігі сондайлықты, бірден орнынан тұруға талпынды; Сөйтті де, ол сол бойымен жүріп кетті. Ауыру адам сырқатынан құлан таза жазылды.

Сендердің күнәларың да сендерді осындай жағдайға душар етті. Сендер өткен өмірлеріңде істеген күнәларыңды түгелдей өтеп, жүректеріңді түбегейлі түрде өзгертіп, киелі адам бола алмайсыңдар. Бірақ Жаратушы Ие сендерге Иса арқылы сұраған өтініштеріңнің бәрін орындауға уәде берген. Оның уәделеріне сеніңдер. Күнәларың үшін кешірім сұрап, тәубеге келіп, өздеріңді ұүдай Иенің билігіне беріңдер. Оған құлшылық етуге бел байлап, шешім қабылдаңдар. Осы амалдарды өткергеннен кейін, Құдай міндетті түрде Өзінің уәдесін орындайды. Сендер де Иса Мәсіхтің емінің арқасында ауруларынан құлан таза жазылып кеткен байғүс жанға ұқсап жазылып кетерсіңдер. Өйткені Иса Мәсіх науқас адам Өзіне сенген кезде, оған орнынан тұрып, жүріп кету қабілетін берді.

Сендер аурудан жазылып кеткендеріңді күтіп тұрмаңдар; "Мен бұған өзімді сау адамдай сезінгендіктен сеніп отырғаным жоқ, сенетінім: Құдайдың Өзі уәде еткен," - деңдер.

Иса былай деген еді: "Құдайға сиынып, (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ" (Марқа. 11:24). Бұл уәде бір ғана шарт арқылы берілген: біз Құдайдың еркіне сай өтініш жасауымыз керек. Ал Құдайдың Өзі де бізді күнәларымыздан арылтып, Өзіне тән болғанымызды қалайды және бізге киелілік өмір салты бойынша өмір сүруге қажетті күш-қуат бергісі келеді. Осыған орай біз осындай алғыс, бата үшін өтініш білдіреміз, осы алғыс, батаны алатындығымызға сенеміз, алғандарымыз үшін Құдайга алғысымызды айтқымыз келеді. Исага келіп, күнәларымыздан арылып, тазалану және Құдайдың Заңы алдындағы күнәларымыз үшін опық жеп, азап шегіп, ұялмау қандай артықшылық десеңізші! "Ендеше: Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар сөздерінің ескі күнәлы болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді) " (Римдіктерге арналған хат. 8:1).

Яғни сендер өздеріңе өздерің тән емессіңдер, сендер өте қымбат бағаға өтеліп алынғансыңдар. "Күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес... Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз Тоқтысы - Мәсіхтің Өзі Құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларының құнын өтеді" (Петір. 1:18,19). Сендер тек Құдайға шынайы түрде сенулерің керек, ал Киелі Рух сендерге жаңа өмір береді. Сендер енді - Оның жанұясының мүшесісіңдер. Ол сендерді Өзінің Ұлы сияқты жақсы көреді.

Өздерің Иса Мәсіхке бет бұрып, Оны жүректеріңе етене жақын қабылдағаннан соң, Одан қашықтаушы болмаңдар. Күн сайын: "Мен - Мәсіхтікімін, мен өзімді Оған бердім" деңдер. Сендер Оған сиынып, Оның сендерге Киелі Рухты беруін, берекелі де рахатты өмірдің жақсылығымен жарылқауын сұраңдар. Өздеріңді Жаратушы Иеге тапсырып, Оған сенім артқан соң, сендер Оның балалары атандыңдар. Ендеше Оның мейірлі шапағатына бөленіп шат-шадыман жағдайда өмір сүріңдер! Елші Пауыл былай деген: "Сендер Иеміз Иса Мәсіхті қалай қабылдаған болсаңдар, Онымен солайша тығыз байланыста жүріңдер!" (Қолостықтарға. 2:6).

Кейбір адамдар Оның батасына ие болу үшін, ең алдымен белгілі бір сынақтан өтіп, Жаратушы Иені өзінің түзелгендігіне сендіруі керек деп есептейді. Бірақ олардың қазірдің өзінде Құдайдың бата-алғысына ие болуға құқы бар. Егер адамдар Мәсіх Рухының өздерін әлдендіріп, күшейтетіндей рақымшылығына ие болмаса, жамандық пен зұлымдыққа қарсы күресе алмайды. Иса біз бұрын қандай болсақ, Оған сол қалпымызбен, әлсіздік күйімізде келгенімізді қалайды. Ол біздің әрқашан Оған арқа сүйеп, үміт артуымызды қалайды. Біздің Оған өзіміздің әлсіздіктерімізбен, әдепсіздіктерімізбен, ақылсыздықтарымызбен келіп, Оның алдында күнәларымыз үшін опық жеп, тәубеге келуімізге болады. Өзіне тән қайырымдылығы мен мейірімділігінің арқасында, Ол бізді шексіз сүйіспеншілігіне бөлеп, біздің жарақаттарымызды қайта таңып, біздерді қандай да ластықтардан тазартады.

Осы ретте көптеген адамдар жеңіліс табады. Олар Иса жекелей алғанда, әрқайсысының күнәларын кешіретіндігіне сенбейді, Олар Құдайдың Сөзіне сенбейді. Өкінішті-ақ, Құдайдың қойған шарттарының бәрін орындағандар, Құдайдың сыйы - күнәларына кешірім ету қуанышын бастарынан өткереді. Жаратушы Ие олардың барлық күнәларын кешіреді! Құдайдың уәдесінің сендерге қатысы жоқ екендігі жайлы ойдан мүлде аулақ болыңдар. Күнәлары үшін опық жеп, қайғырып, қапаланған күнәкардың әрқайсысына Ол Өз Уәделерін берген. Мәсіх, Құдай Әкенің рахымын және күш-қуатын Оған сенетін әрбір жанға жеткізу үшін, періштелерді жібереді. Адам бұрын қандай күнәкар болса да, ол барша күнәкарлардың күнәлары үшін жанын пида еткен, Иса арқылы күш-қуат, пәк тазалық және тақуалық сияқты ізгі қасиеттерге ие бола алады. Иса кез-келген адамның үстіндегі күнә дағына арамдалып, былғанған киімдерін шешіп алып, олардың үстілеріне тақуалықты паш ететін ақ киімдерді кигізеді. Ол күнәкарларға өлімнің орнына мәңгілік өмірді ұсынады.

Құдай бізге жай қарапайым адамдар арасында болатындай, қарым-қатынас іс-амалдарды жасамайды. Ол бізге мейірбандылықпен, ерекше сүйіспеншілікпен, аса нәзік сезіммен есіркеушілік көңілмен қарайды: "Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын! Сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Оның кешірімі шексіз!", "әділетсіз істеріңді тұмандай сейлттім" (Ишая. 55:7; 44:22).

Інжіл кітабында мынадай сөздер бар: "Мен өлім аузында жатқандардың өлгенін қаламайтыным сияқты, - дейді Құдай; беттеріңді бұрып, мойын ұсыныңдар да - өмір сүре беріңдер!" (Езекиел. 18:32). Әзәзіл шайтан әрдайым бізден Құдайдың сендірулері мен куәландыруларын жасыруға тырысады. Біз оның мұндай жымысқы әрекеттеріне жол бермеуіміз керек. Алдамшының сөзін тыңдамаңдар, оның есесіне оған былай деңдер: Иса бізге өмір беру үшін жанын пида етті. Ол мені жақсы көреді. Сондықтан менің өлімге душар болғанымды қаламайды. Менің қайғыма ортақтаса алатын Көктегі Әкем бар; мен Оның Тәңірілік сүйіспеншілігін теріс пайдаланып, Оның маған берген рахымшылығын, батасын ысырап қылғаныма қарамастан, мен орнымнан тұрамын да, Құдай Әкеге барып: "Мен аспанға қарсы күнә істеп, Өзіңнің алдыңда күнәкар болдым. Енді мен Өзіңнің Ұлың болып саналуға лайықты емеспін; енді мені Өзіңнің жалшыларыңның қатарына қоса гөр!"



  • деймін. Осы нақыл әңгімеде Құдай Әке Өзінің адасқан ұлын қабылдағаны туралы баяндаған: "Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Құшақтап, бауырына басады да, бетінен сүйеді" (Лұқа. 15:18-20).

Адам жанын елжірететіндей осы нақыл әңгіменің өзі де, Көктегі Әкенің бізге, күнәкарларға деген шексіз аяушылығын толықтай жеткізе алмас еді. Жаратқан Ие Өзінің пайғамбары арқылы былай деген: "Мен сені мәңгілік сүйіспеншілікпен жақсы көргендіктен, саған рахымшылықпен қол создым" (Иер. 31:3). Күнәкар әкесінің үйінен шалғайда жүріп, жат елде түрған кезінде өзінің жер иелігінде ысырапшылдық жасайды, Әкесі ұлын қатты сағынады. Күнәкардың Құдайға қайтып оралғысы келген ниеті, адасқандарды Аспандағы Әкеге шақырып, құштарландыратын Киелі Рухтың ерекше мейірбандықпен шақыруына үн қатудан өзге ештеңе емес еді.

Киелі Кітапта жазылған осындай куәландырулар бар бола тұра, қалай күмәндануға болады? Жаратушы Ие істеген күнәларынан бас тартып, Оның алдына келіп, тәубе етуді аңсаған байғүс күнәкарға қатаңдықпен қарайды деп ойлауға бола ма? Мұндай жаман ойлардан тезірек арылыңдар! Біздің көктегі Әкеміз туралы осындай теріс түсініктер адамның жан дүниесіне залалды кеселін тигізеді. Ол күнәні жек көргенімен, күнәкарға сүйіспеншілікпен қарайды. Ниеттенген барша адамдардың құтқарылуы, сөйтіп даңқты Патшалықта мәңгілік рахатқа ие болуы үшін, Ол Өзін Мәсіх арқылы адамдарға берді. Оның Ишая пайғамбар арқылы: "Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де, Мен сені ешқашан ұмытпаймын" (Ишая. 49:15) деген сөздері арқылы, сендерге деген аса шексіз Сүйіспеншілігін білдірген еді. Осыдан асқан жүрек тебірентерлік сөздер болар ма?!

Күмәнданушылар мен жүрексініп, жасқаншақтаушылар! Еңселеріңді көтеріңдер! Сендер үшін жақсылық жасайтын Иса Мәсіх тірі ғой. Өзінің сүйікті Ұлын бізге сый еткен Жаратушы Иеге алғыс, марапат, мадақтауларыңды айтыңдар! Сендер үшін жанын пида еткен Оның өлімі бекер болмауын сұрап, сиыныңдар. Бүгінгі күні Киелі Рух бәріңді және әрқайсыңды шақырады. Исаға келіңдер! Шын жүректен, адал ниетпен осындай қадам жасар болсаңдар, онда Оның батасын алуға үміттерің болғаны.

Құдайдың Уәделерін оқып отырсаңдар, Оның сөзбен айтып жеткізуге болмайтын - сүйіспеншілігі мен қайырымдылығы, мейірімділігі жайлы жазылғанын естеріңе түсіретін боларсыңдар. Шексіз де риясыз Тәңірілік сүйіспеншілікке толы жүрек, күнәкарды асқан мейірбандық, аяушылық сезімдеріне бөлейді. "Исаның құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, күнәларымыз кешірілді" (Ефестіктерге. 1:7). Құдай - Сендерге Көмекші екеніне сеніңдер. Ол адамзат баласының бойында Өзінің рухани Бейнесін қалпына келтіргісі келеді. Сендер тәубеге келіп, ғибадат етулеріңмен, Оған жақындай түссеңдер, Ол да сендерге мейірбандылықпен, кешірімділікпен жақындай түсері хақ.


  1. БІЗ МӘСІХТІҢ МЕНШІГІНЕ ЖАТАМЫЗ БА?


"Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланысса, сол - жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!" ( 2 Қорынттықтарға. 5:17).

Кейде адамдар Исаға дәл қай жерде, қай уақытта сиынғанын дәлдеп айта алмайды және осы оқиғаның алдында басынан қандай жайлар өткенін де есіне түсіре алмайды. Бірақ бұл жай осы адамның Құдайға әлі де бет бұрмағандығын айғақ етпейді. "Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас" (Жохан. 3:8).

Құдай Рухының адам жүрегіне тигізер әсері де самал желдің желпігені сияқты. Біз желді көрмейміз, бірақ оның әсерін сеземіз. Адам көзіне көрінбейтін Жаңартушы күш жаңа өмірге бастау береді. Ол жаңа адамды Құдайдың бейнесіне ұқсас етіп жаратады. Қасиетті Рух адамға білінер-білінбес жай қалыппен ғана әсер етеді, бірақ Оның іс-әрекетінің жемістері көзге көрнеу болады. Егер адамның жүрегі Құдайдың Рухымен жаңарса, ол оның өмірінде айқын көрініс бере алады. Құдаймен келісімге келу үшін немесе өзімізді өзгерту үшін біз өз бетімізбен еш нәрсе істей алмаймыз. Сондықтан біз өзіміздің қайырымды істерімізге немесе өз күштерімізге сенбеуіміз керек. Ал егер бізге Құдайдың рахымы түскен болса, онда Оның нұр жауған берекесі жасырын түрінде қалмайды. Біздің мінез - құлықтарымызда, дағдыларымызда, іс-әрекеттерімізде айқын өзгерістер пайда болады. Адамдар біздің ескі өміріміз бен жаңа өміріміздің арасындағы ерекше айырмашылықты көреді. Адамның мінез-құлқы оның кездейсоқ атқарылған ізгілікті істері немесе жамандық істері арқылы емес, өмірінің жалпы бағыттылығы бойынша сөйлеген сөздері мен атқарған істері арқылы ашыла түседі.

Исаның жаңартушылық құдіретінсіз де, адамның сыртқы іс-қимылы әдепті болып көрінуі мүмкін. Бұл өмірдегі бар нәрсе. Қоршаған ортага әсер ету үшін, және көпшіліктің құрметіне бөлену үшін, біз өзімізді мәдениетті етіп көрсетуге тырысамыз. Өз абыройын жоғары үстау сезімі, біздің жаманшылық істерден аулақ болуымызға ықпал етеді. Өзімшіл адам қайырымды істерді де істей алады.

Сонда біз жақсылық жағындамыз ба, әлде жаманшылық жағындамыз ба? Біздің жүрегіміз кімнің еркінде? Біздің ойларымызды кім басқарады? Кім туралы айтқанды жақсы көреміз? Ең нәзік сезімдерімізді және күш-жігерімізді кімге арнаймыз? Біз осы жайларды қалай анықтай аламыз? Егер біз Иса Мәсіхтің меншігіне жататын болсақ, онда бізге Ол туралы ойлау жағымды болар еді. Өзіміздің тағдырымызды сеніп тапсырып, бар еркімізді Оған бағындырар едік. Біз Оның бейнесіне ұқсауға, Оның Рухын жүрегімізге етене жақын қабылдап, жан дүние тазалығына, мінез-құлықтың кемелдігіне, ақыл-ойдың толықтығына жетіп, Оның Рухының тілегін орындап, барлық жағынан да Оның көңілінен шығуға тырысуымыз керек.

Иса Мәсіхтің әсерімен жан дүниесі жаңарған әрбір адам, өздерінің өмірлеріне Киелі Рухтың жемісін әкеледі: "Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті "жеміс" мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кең пейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық" (Ғалаттықтарға. 5:22-23). Мұндай адамдар өздерінің бұрынғы құмарлықтарын тастап, Құдайдың Ұлына деген сенімге бой ұсынып, Оның мінез-құлқына, ісіне, болмысына ұқсауға тырысып, сондай Иса сияқты пәк таза болу үшін, күнәларынан арылып, Оның лайықты ізбасарлары болуға тырысады. Оларға өздерінің бұдан бұрын жек көргендері ұнап, бұрын жақсы көргендерін жек көретін болды. Өздеріне ғана сенетін өркөкіректер жүректерімен мойын ұсынатын момын, абыржушылар мен тәкаппарлар байсалды да қарапайым болып, мінез-құлық көркемдігіне бет бұрады.

Ішімдік ішуге құмар адамдар арақты тастап, салауатты өмір салтын ұстанатын болып, азғын, бұзық адамдар жаны таза адамдар қатарына қосылатын болады. Азғындар адалдылыққа ұмтылады. Бұл дүниедегі кең тараған әдет-ғұрыптар, талғамдар шеттетіледі. Бұдан былайғы уақытта мәсіхшілерді: "Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта көріктерің көңілдеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын, мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы" (1Петір. 3:3-4) .

Күнәлары үшін опық жеп, істеген күнәкарлық қылықтарынан кейін шегініп, тәубеге келгеннен кейін, адам түзеліп, өмірде оңды қадам жасамаса, онда оның тәубесі шынайы да адал деп айтуға болмайды. Егер күнәкар кепілдікке алған немесе ұрлаған заттарын қайтарса, күнәларын мойындап, тәубеге келсе, Құдайды және өзінің жақын адамдарын жақсы көре бастаса, онда оның өлімнен өмірге өткендігіне сенуіне болады.

Өзіміздің адасқандығымыз бен күнәларымызды түсінген соң, Исаға келіп, Оның кешіруші рахымымен тілдескенде, жүрегіміз мейірімділікке, сүйіспеншілікке толады. Ешқандай жүк ауыр болып көрінбейді, өйткені Исаның беретін жүгі жеңіл. Міндеттердің барлығы қуанышқа айналып, жанқұрбандық қызмет-рахатқа ұласады. Бұрын бұлыңғыр да көмескі болып көрінген жолыңыз, ендігі жерде Тақуалық Күнінің жарық нұрлы сәулесіне бөленетін болады.

Исаның мінезінің көркемдігі Оның ізбасарларының бойынан көрініс табады. Ол Құдайдың сүйіспеншілігін сергектікпен сезініп, Оның ұлы даңқын мадақтауға даяр тұратын. Құтқарушымыздың бойындағы ерекше мейірбандылығы мен сүйіспеншілігі Оның бар іс-амалдарына ерекше тартымдылық беріп тұратын. Ал шексіз сүйіспеншілік Құдайдан тарайды. Мұндай сезімдер Исаға, Ол арқылы Құдай Әкеге сенетін адамдардың жүректерінде ғана болады. Иса Құдай еркін қуана орындады: "Біз Оны сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді" (1 Жохан. 4:19). Құдайдың рахымымен жаңарған жүректегі сүйіспеншілік қозғаушы күш болып табылады. Бұл күш адамның мінез-құлқын өзгертіп, талап-ниеттерін басқарады, ынтызарлықтары мен құмарлықтарын басып, бір-бірімен алакөз болып, жауласушылардың арындарын басып, жуасытады, жан сезімдерін жақсартып, игілендіреді. Адамның жүрегіндегі қозғаушы күш, оларды шексіз бақытқа бөлеп, өзінің айналасындағыларға ізгілікті ықпалын тигізеді.

Құдайдың рахымшылдығына жаңадан сенім артып келе жатқандар үшін екі жағдайда қауіп бар. Біріншіден, жоғарыда атап өтілгеніндей, адам баласы өзінің игілікті істері арқылы Құдаймен келісімге келеді деу - қате пікір. Өз күшімен заңды сақтау арқылы, қасиеттілікке жетемін дегендер, өздерін сәтсіздікке ұшыратады. Адамның Исасыз жасаған барлық істері, өзімшілік және күнәкарлық сияқты жағымсыз қылыққа былғанған. Өйткені біз сенім тұрғысында ғана Мәсіхтің рахымшылық істеріне ортақ боламыз: сенім арқылы Мәсіхтен алған рахымшылық арқылы ғана біз киелілікке қол жеткіземіз.

Исаға деген сенім, Құдайдың заңдарын орындаудан босатады деген жаңсақ түсінік бізді адастыруы хақ. Өйткені біз Исаға деген сенім арқылы, Оның рахымына қатысты бола алатындықтан, біздің ісіміздің құтқарылуымызға ешқандай қатысы жоқ.

Бірақ біз Жаратқан Иеміздің бұйырғандарына мойын ұсынып, оларды мүлтіксіз орындау, өзіміздің алдымызға қойылған талаптарды сырт көзге көрінетіндей ғана етіп орындамай, жалпыға бірдей тәртіппен, Құдай Әкеге ерекше сүйіспеншілік сезімімен мойын ұсына отырып орындау арқылы қызмет ету болмақ. Құдайдың заңы — Оның Тәңірілік табиғатының жарқын көрінісі болып табылады. Тәңірілік сүйіспеншілік аспан мен жердегі Тәңірілік басқарудың негізі болғандықтан, Құдай Әкеге мойын ұсынып, бағыну осы сүйіспеншіліктің ұлы мақсаттарын іске асыру болып табылады. Егер біздің бойымызда Құдайға ұқсастық болса, егер біздің бойымызда Құдайдың сүйіспеншілігі өмір сүрсе, онда біз үшін Құдайдың заңдарын орындау табиғи құбылыс емес пе? Адамның жан дүниесі өзін жаратқан Құдайдың кейпі, бейнесі бойынша жаңарып өзгерген болса, Оның үстінен жаңа өсиеттің уәделері орындалады: «Бұл - менің кейінірек олармен жасайтын келісімім - Мен тағылымымды жүректеріне құямын, ой-саналарына жазып та қоямын" (Еврейлерге. 10:16). Егер заң жүректе жазылса, сонда ол өмірге әсер ете ала ма? Жақсы көре отырып, тіл алып қызмет ету — Исаға қатысымыз барлығының сенімді белгісі. Киелі Жазбада былай деп жазылған: "Өсиеттерін орындағанымыз - Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес"; "Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі - өтірікші, оның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ" (1 Жохан. 5:3, 2:4). Сенім адамды мойын ұсынып, бағынушылықтан босатпайды. Сенім арқылы біз Исаның рақымына ие болдық, өйткені Ол біздің сенімімізді қабылдап, мойын ұсынушылыққа бет бұруымызға күш-қуат береді.

Біз тек қана мойын ұсынушылықтың арқасында құтқарыла алмаймыз. Құдай Әке құтқарылуды тегін береді, оны біз шынайы сезіммен қабылдауымыз керек, тіл алып, мойын ұсыну — шынайы сенімнің игі жемісі.

"Ал Мәсіхтің күнәларымызды алып тастауға келгенін және Өзінің ешқандай күнә жасамағанын білесіңдер. Сондықтан кім Мәсіхпен тығыз байланыста тұрса, сол күнә жасамайды. Күнә жасайтын әркім, Оны көргенде де, таныған емес" (1 Жохан. 3:5-6). Осылайша біздің сеніміміз сыналады. Егер біз Исамен бірге болып, Жаратушы Иенің, Тәңірілік сүйіспеншілігі біздің бойымызда болатын болса, онда Құдайдың Киелі Заңында көрсетілгеніндей, біздердің сезімдеріміз, ой-санамыз, ниеттеріміз және іс-амалдарымыз Оның еркіне сай болады. "Балаларым менің, сендерді ешкім де күнә жасауға азғырмасын! Әділдік істеуші адам, Мәсіхтің Өзі сияқты әділ болады" (1 Жохан. 3:7). Құдайдың Синай тауында берген Он Өсиетінен тұратын Құдайдың Заңы тақуалықтың, әділдіктің бұлжымас өлшемі болады.

Мәсіхпен бірге болу арқылы сенімге жету, адамды Құдайға мойын ұсыну қажеттілігіыен босатады деген пікір дұрыс емес. Бұл - өзімшілдіктің белгісі. "Құдайдың рахымымен, сенім арқылы құтқарылдыңдар"; Алайда "егер сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол - өлі сенім" (Ефестіктерге. 2:8; Жақып. 2:17). Иса жерге келместен бұрын, Өзі туралы былай деп айтқан еді: " Құдайым менің! Мен сенің еркіңді орындағым келеді, ал Сенің Заңың - менің жүрегімде" (Зәбүр жырлары. 39:9). Өзі аспанға көтерілері алдында Иса былай деген еді: "Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.... Онымен қатынаста тұрмын дейтін кісі, Иса Мәсіх қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруі тиіс" (1 Жохан. 2:3-6). "Өйткені Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек" (1 Петір. 2:21).

Біздің арғы ата-бабаларымыз жұмақта өмір сүрген кезінде - күнәкарлық жасағанға дейінгі уақыттарда және әрқашан мәңгілік өмірге қол жеткізудің шарттары - Құдайдың Заңына толығынан мойын ұсыну, әділеттілік іс жасау болған. Егер мәңгілік өмірге қол жеткізу үшін қандай да бір аз шарттар қойылған болса, онда бүкіл әлем дүниесіне қауіп төнген болар еді. Яғни, бітпейтін азап, таусылмайтын қайғы-қасіретті алып келетін күнәкарлық мәңгілік орнығуы мүмкін еді.

Күнәкарлық істегенге дейін Адам ата, Құдайдың Заңына бағына отырып, тақуалық іс-амалдардың, мінез-құлықтың кемелдігіне жетіп, әділеттілік, тақуалық мінез-құлықтары одан әрі қарай жетілдіре берген болар еді. Бірақ ол бұл жолмен жүрген жоқ. Оның істеген күнәсының кесірінен біз күнәкарлық іс-амал табиғатына мұрагер болдық. Осыған орай біздің өзімізді өзіміз әділ, тақуа етуге шамамыз келмейді. Оның үстіне біз өзіміздің бұзылғандық, күнәкарлық іс-амалдарымыздың зардабынан Киелі Заңды жеткілікті түрде орындай алмаймыз. Құдайдың Заңындағы талаптарды қанағаттандыра алатындай әділеттілік пен тақуалық бізде жоқ. Ал Иса Мәсіх біздердің құтқарылуымыз үшін жол ашып берді. Мәсіхтің Өзі де жерде өмір сүргенде, біздің көріп жүрген қиындықтарымыз бен азаптарымызды көріп, азғырушылық пен алдаушылық сияқты күнәкарлық істердің куәсы болды. Ал Оның өз өмірі күнәдан пәк таза болды. Құтқарушымыз біздің күнәларымызды өтеп алу үшін, Өзінің жанын пида етті. Қазір де Ол бізді күнәларымыздан арылтып, Өзінің тақуалығын, әділеттілігі мен шыншылдығын құтқарушылық ісі арқылы біздің бойымызға дарытқысы келеді. Егер сендер Оған мойын ұсынып, өздеріңді Оған сеніп тапсырып, Оны өздеріңнің Құтқарушыларың ретінде қабылдасаңдар, онда өмірлеріңнің өткен кезеңдеріндегі күнәкарлық іс-амалдарыңның болғанына қарамастан, сендер Исаның арқасында тақуа әрі әділ саналып, Иса Мәсіхтің мінез-құлқын өздеріңнің бойларыңа қабылдай алатын боласыңдар. Сонда Құдай сендерді ешқашан күнә жасамаған сияқты қабылдайтын болады.

Сонымен бірге Мәсіх сендердің жүректеріңді жаңарта алады. Өздеріңді Оған сеніп тапсырғандықтан, Ол сендердің жүректеріңе енетін болады. Осыған орай, сендер әрдайым еріктеріңді Мәсіхке бағындыра отырып, Онымен тұрақты түрде байланыс жасаңдар. Егер әрдайым осындай жағдайда болсаңдар, Ол Өзінің қалауына сай, сендердің жүректеріңде ізгілікті ой-ниет тудырып, белгілі бір іс-әрекет істеуге жұмылдыратын болады. Сонда сендер: "сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім - Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!" (Ғалаттықтарға. 2:20). Иса Өзінің шәкірттеріне былай деген: "Осылай өздерің емес, сендер арқылы Көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады" (Матай. 10:20). Сонда өздеріңнің жүректеріңе әсер етуші Иса Мәсіхтің ықпалымен, Оның жан дүниесіндегі рухынан әсер алып, тақуалық, әділеттілік іс-амалдар жасайтын боласыңдар.

Сонымен біздің бойымызда, мақтануға тұрарлықтай жақсы қасиеттер жоқ. Өзімізді өзіміз жоғары көтеріп, мақтанарлық жайымыз жоқ. Жалғыз үмітіміз - Иса Мәсіхтің біздің жүрегімізге әсер ететін Оның Рухы арқылы ізгілікке, адамгершілікке Құтқарушымыз сияқты тақуалыққа ұмтылу болмақ.

Құдіреті күшті Құдайдың барлығы, Оның Сөздерінің ақиқи шындық екендігі - талқылауға жатпайтын деректер. Бұл жерде шайтанның және оның айналасындағылардың бұл деректер мен түсініктер жайлы таласуға қауқарлары жоқ. Киелі Кітапта: "Жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді" (Жақып. 2:19). Бұл Құдайдың бізден күтетініндей сенім емес. Өйткені нағыз ақиқи сенім адамның іс-амалдарында, сүйіспеншілік сезімдерінде айқындалып, оның жан дүниесін тазартады. Бұл Құдайдың Сөзін мойындау ғана емес, өзінің еркін Оның еркіне бағындыру болып табылады. Осындай сенім адамның жан дүниесінің жаңарып, Оның бойында Тәңірілік бейненің қалыптасуына жол ашады. Бұған дейін адамзат баласы Құдайдың Заңына мойын ұсынған жоқ. Оның мойын ұсынуға мүмкіндігі де жоқ еді. Ендігі жерде адамдар Құдайдың жарқын өсиеттеріне қуанып, бақытқа кенелуде. Бұл туралы Зәбүр жыршысы былай деп жыр толғайды:

"Тағылымыңды Сенің сондай қатты сүйемін!

Күні бойы ол жайлы ойланып та жүремін"
(Зәбур жырлары. 118:97).
Ендігі жерде Заңның ақиқи талаптары біз арқылы "Олар өздерінің ескі күнәлі болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді" (Римдіктерге. 8:1).

Иса Мәсіхтің аса кешірімшілдік сүйіспеншілігін өздері арқылы сезінгендер, Құдайдың ұлы немесе қызы болуға шынайы ниет білдіреді. Бірақ олар өздерінің кемшіліктері мен жетіспеушіліктерін сезініп қысылатындықтан, олардың Киелі Рух өздерінің жүректерін тазартып, жаңалады ма екен? деп күмәнданатын кездері де болады. Мұндай адамдарға: "Қапа болып түңілмеңіздер" дегім келеді. Біз әлі талай рет Иса Мәсіхтің аяғына жығылып, өзіміздің ағаттықтарымыз бен қателіктеріміз үшін көз жасымызды төгетін кездеріміз көп болары хақ. Сондай кездерде де біз қайғырып, түңілмеуіміз керек. Иса Мәсіх Жаратушы Иеміздің жанында біздің өтінішімізді Жақтаушы болуда. Исаның шәкірттерінің бірі Жохан Ол туралы былай деп жазған: " Сендер күнә жасамасын деп, осыны жазып отырмын. Алайда, егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдыңда әділ Қорғаушымыз - Иса Мәсіх бар" (Жохан. 2:1). Иса Мәсіхтің: "Өйткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді, өйткені сендер Мені сүйіп, Құдайдан келгеніме сенесіңдер" (Жохан. 16:27), - деген сөздерін ұмытушы болмаңдар. Өйткені Құдай Әке Өзінің киелілігі мен тазалығы сендердің бойларыңнан көрінуі үшін, сендердің бойларыңдағы өзінің кейпін, бейнесін қалыптастырғысы келеді. Егер сендер Оған мойын ұсынатын болсаңдар, онда сендердің бойларыңда қалыптасып жатқан ізгілікті істер, Иса Мәсіхтің Өзі келгенге дейін жалғасады. Ықыласты түрде сиынып, сенімдеріңді нығайта түсіңдер! Өздеріңнің мүмкіндіктеріңе сенбей, түңілетін кездерің болса, онда өзіміздің Құтқарушымызға сенім артып, біздің жан дүниемізді Емдеушіні ұлылап, мадақтайық.

Біз Мәсіхке жақындаған сайын, рухани көзқарасымыз тереңдей түсуіне байланысты, өзіміздің мінез-құлықтарымыздан көптеген кемшіліктерді көре бастаймыз. Құтқарушымыздың мінез-құлқының көркемділігімен жене кемелділігімен салыстырғанда, біздің бойымыздағы жетілмегендігіміз айқын көрініп тұрады. Осының өзі азғырушы шайтанның бізге деген билігі жоғалды, Құдайдың Киелі Рухының әсері біздің жанымызды жадыратып, ізгілікке, мінез-құлық көркемдігіне, жан тазалығына жетелейтіндігіне айқын айғақ бола алады.

Өзін күнәкар деп сезінбейтін адамның бойында Исаға деген терең сүйіспеншілік болмайды. Оның рахымы, ғибраты мол өнегесі арқылы, өзгеріп жаңарған жүрек әрқашан Оның Тәңірілік мінез-құлқына таңдана қарап, сүйсінетін болады. Егер біз өзіміздің ішкі жан дүниеміздің рухани деңгейі төмен екендігін көрмейтін болсақ, онда бұл Иса Мәсіхтің мінез- құлқының көркемдігін, толықтығын біз әлі де болса жете түсінбегендігіміздің куәсі екендігі шүбәсіз.

Біз неғүрлым өзімізді жоғары көтермей, мақтаныш сезімге бөленбейтін қарапайым болсақ, соғүрлым жанымыз таза болып, өзіміздің Құтқарушымыздың баға жетпес жан тазалығы мен тартымдылығын жоғары бағалайтын боламыз. Біз өзіміздің күнәкар екендігімізді сезінер болсақ, өзімізді әрқашанда кешіріп, ақиқи жолга сала алатын, жан дүниемізге жарық нұрлы сәуле беретін Құтқарушымызға бет бұрып, мойын ұсынатын боламыз. Біз жан дүниеміздің дәрменсіздігін сезінген жағдайда, Иса Мәсіхті іздейтін боламыз. Ол өзіне сенген жанға Өзінің даңқты сипатымен ашыла түседі. Құдайдың Сөзін және Мәсіхті неғүрлым көп қажет ететін болсақ, Оның мінез-құлқы туралы солғүрлым көтеріңкі әрі жоғары сезімді пікірде болып, Оның жарқын бейнесін толықтай көрсете алатын боламыз.


  1. Каталог: download -> bible
    download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
    download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
    download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
    download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
    download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
    download -> Абылай хан
    download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
    download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
    bible -> Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет