Алюминий хлоридінің 15ºС кезінде ерігіштігі 35 грамм. 15ºС кезінде қаныққан ерітіндідегі алюминий хлоридінің массалық үлесін табу керек. (Жауабы 0,259)
Күні:
11-сынып
13-сабақ Ерігіштік.
Сабақтың мақсаты Ерігіштік, ерігіштік қисығы, ерігіштік коэффициенті кристалдану және ерігіштікке әсер ететін жағдайлар, ерітінді сұйылтқанда кристалдану ұғымдарына шолу жасап, есеп шығаруға дайындық жасау.
3 есеп Калий нитратының 60ºс кезінде қаныққан 200г ерітіндісі берілген оны 35ºс дейін салқындатқанда қанша грамм KNO3 тұнбаға түседі? Калий нитратының 60ºс кезіндегі ерігіштігі – 1100г/л ал 35ºс кезіндегі ерігіштігі – 570г/л
Шешуі: KNO3 – тің 60ºс және 35ºс кезіндегі қаныққан ерітінділеріндегі еріген заттың (KNO3) массалық үлестерін табамыз.
W60(KNO3) %
W35(KNO3) %
Ерітіндіні салқындатқанда х г KNO3 – тұнбаға түсті деп есептесек қалған ерітіндінің массасы mер=(200 – х)г.
Бастапқы 200г ерітіндідегі тұздың массасы
m1(KNO3)=200·0,5228=104,76г
қалған ерітіндідегі тұздың массасы:
m2(KNO3)=(104,76 – х)г бұндағы еріген заттың массалық үлесі 3631 – 0,3631
олай болса,
72,62 – 0,3631х=104,56 – х
х – 0,3631х=104,56 – 72,62
03,6369х=31,94
х=31,94 : 0,63,69; х=50г
2-тәсіл 60ºкезінде қаныққан ерітіндідегі еріген зат пен ерткіштің массасын
табамыз.
2100г ерітіндіде 1100г KNO3
200 г ерітіндіде Хг KNO3 болады
Х=104,76г
m(H2O)= 200г – 104,76г = 95,24г
Ерітінді суып, тұнба түскенде су массасы өзгермейді.
Енді, 35ºс кезінде 95,24г суда еритін тұз массасы
Х=54,29г Демек, бастапқы тұздың қалғаны тұнбаға түскен.
m(тұнба) = 104,76г – 54,29г = 50,47г
4. Есеп Күміс нитратының 80ºс кезінде қаныққан 10г ерітіндісі берілген оны 20ºс дейін салқындатқанда қанша грамм AgNO3 тұнбаға түседі?
Күміс нитратының 80ºс кезінде 100г судағы ерігіштігі 635г, ал 20ºс езінде 100г судағы ерігіштігі – 228г
Шешуі: Күміс нитратының 80ºс және 20ºс кезіндегі қаныққан ерітінділеріндегі еріген заттың (AgNO3) массалық үлестерін табамыз.
Ерітіндіні салқындатқанда х грамм AgNO3 тұнбаға түсті десек, қалған ерітіндінің массасы
mер=(10 – х)
Бастапқы 10г ерітіндідегі тұздық массасы
m1(KNO3)=10·0,864=8,64г
қалған (тұнбаның үстіндегі) ерітіндідегі тұздың массасы
m2(AgNO3)=(8,64 – х)г
; W2=69,5 0,695
6,95 – 0,695х=8,64 – х
х – 0,695х=1,69
0,305х=1,69 х=1,69:0,305; х = 5,54г
Оқушылар үшін
20ºС кезінде қаныққан ерітіндідегі мыс (ІІ) хлоридінің массалық үлесі 42,7%. Берілген температурадағы мыс (ІІ) хлоридінің ерігіштік коэффициентін есепте (Жауабы 74,5г)
Күні:
11-сынып
14-сабақ Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу.
Сабақтың мақсаты Химиялық реакция теңдеулері бойынша есер шығару біліктілігін тереңдету. Күрделенген есептерді оңайлатылған алгебралық әдістерді пайдалана отырып, әрі заттардың химиялық қасиеттерін, химиялық реакцияның жүру заңдылықтарын ескере отырып, жүзеге асыра білу.
Әдістемелі нұсқау Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің негізгі, әрекеттеуші және түзілген заттардың қасиетіне, стехиометриялық коэффициенттеріне заттың көптеген қасиеттерін (зат мөлшері) молекула саны ескеріліп, есептеу жүргізіледі. Есеп шығарудың ең оңай жолы – есеп шартында берілген заттың зат мөлшерін тауып алу керек, сонан соң, реакция теңдеуі бойынша қажетті заттың зат мөлшерін табу керек, басқа шамаларды (масса, көлем т.б) табу жеңіл болады.
Практикада әрекеттесуші реагенттердің бірі немесе бірнешеуі артық мөлшерде болуы мүмкін. Реакция өнімдерінің зат мөлшерін реакция кезіндегі толық пайдаланған реагент бойынша есептеу керек. Оны шектеуші реагент деп атайды. Әрекеттесуші реагенттердің зат мөлшерін салыстыру арқылы шектеуші реагентті тауып алу керек.
Тізбектес реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер.
Өндірістік үрдістерде өнім алу кезінде бастапқы заттан кейін бірнеше аралық өнімдер түзіледі. Өнім массасын анықтаудың соңғы кезде оңай жолы анықталды. Аралық өнімдердің массаларын есептемей-ақ арнайы формуламен анықтауға болады.
Мұнда бөлшектің алымында теңдеудің оң жақ бөлігінде тұрған аралық өнімдер мен соңғы заттың алдында тұрған коэффициенттер өнімінің мольдік массасы және бастапқы заттың массасының көбейтіндісін, ал бөлшектің бөлімінде теңдеудің сол жақ болігінде бастапқы зат пен аралық өнімдердің алдындағы коэффициенттер мен бастапқы заттың мольдік массасының көбейтіндісіне бөлгенге тең.
1-Есеп Массасы 5000 кг аммиактан өндірісте қанша азот қышқылын алуға болады?
Шешуі: Химиялық реакция теңдеуін жазамыз.
4NH3 + 5О2 = 4NO + 6H2O + 907 кДж
2NО + О2 = 2NО2
4NО2 + О2 + 2Н2О= 4НNО3 жоғарыдағы формуладан
2-есеп Күкірт қышқылының 1 тоннасын алу үшін контакт әдісімен өндіруде жұмсалатын пириттің массасын есепте.
Шешуі: Химияның реакция теңдеуін жазамыз.
4FeS2 + 11О2=2Fe2O3 + 8SO2
2SO2 + О2 = 2SO3 + 197кДж
SO3 + Н2О= Н2SO4
Ә) Параллель жүретін бірнеше реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Зертханада немесе өндірісте химиялық реацияға бірнеше заттардың қоспасы түседі. Олардың әрқайсысы қатар (паралель) жүретін бірнеше реакциялардың біріне қатысады. Түзілген өнімнің жалпы массасына сүйене отырып, бастапқы қоспадағы компоненттердің әрқайсысының массасын анықтау қажет болады. Химиялық есептеулер кезінде зат мөлшерін пайдаланған өте ыңғайлы.
1-Есеп Қоспа құрамы екі заттан тұрады. Темір мен мырыш ұнтақтарының 5,58г қоспасын тұз қышқылында еріткенде 0,09 моль сутек (қ.ж) бөлінген. Қоспа құрамын анықта.
Шешуі: 1-әдіс Екі белгісізі бар алгебралық теңдеу құру арқылы шешу.
(1)
(2)
Қоспадағы темір массасы – х г
Сонда мырыш массасы (5,58 – х/г болады.
реакция бойынша сутек көлемі – у л
реакция бойынша сутек көлемі (2,016 – у)
№1 химиялық реакция бойынша:
х г – у л у = 0,4х
56г – 22,4 л
№2 химиялық реакция теңдеуі бойынша
(5,58 – х)г – (2,016 –у)л 65г – 22,4л
22,4·(5,58 – х) = 65(2,016—у)
124,99 – 22,4х= 131,04 – 65у
124,99 – 22,4х – 131,04 + 65у=0
у – тің мәнін орнына қойсақ
124,99 – 22,4х – 131,04 + 26х = 0
3,6х = 6,05
х=6,05:3,6=1,68 х – тің мәнін орына қойсақ.
у=0,4·1,68
у=0,67 олай болса, темір(х) массасы
1,68г ал мырыш массасы
m(Zn)=mқоспа – m(Fe)=5,58г – 1,68г=3,9г
2-есеп Калий гидроксиді мен калий гидрокарбонатынан тұратын қоспаға тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 59,6г калий хлориді және 4,48л (қ.ж) газ бөлінді. Бастапқы қоспадағы калий гидрокарбонатының массалық үлесін тап.
Шешуі: Химиялық реакцияның теңдеуін жазайық.
KOH + НCl = KCl + H2O (1)
KHСO3 + HCl = KCl + H2O + CO2 ↑ (2)
(1,2) реакцияда түзілген KCl – нің жалпы зат
мөлшерін анықтайық.
(№2) теңдеуден СО2 – нің зат мөлшері KHСO3 – тің зат мөлшеріне тең.
0,2 моль оның массасын табуға болады.
m(KHСO3) моль·100г/моль=20г
№2 теңдеуде KCl – нің зат мөлшері СО2 – ге тең моль
№1 теңдеуден ν1(KCl)=ν(KOH)=0,6моль
m(KOH)=ν(KOH)·M(KOH)=0,6моль·56г/моль=33,6г
қоспа массасын табу үшін m(қоспа)=m(КОН)+ m(КНСО3)=33,6+20=53,6г
Оқушылар үшін.
Массасы 12,8г мыс пен алюминий құймасын тұз қышқылымен өңдеді қалдықты жуып, концентрлі азот қышқылымен ерітті. Ерітіндіні буландырғанда қалған құрғақ қалдықты кептіргенде 4г қатты зат қалды. Құймадағы мыстың массалық үлесін анықта. (Жауабы 0,25)
Массасы 1,5 мыс пен магний қоспасын артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 500мл (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспадағы мыстың массалық үлесін тап. (Жауабы 60%)
Күні:
11-сынып
15-сабақ Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу.
Сабақтың мақсаты Химиялық реакция теңдеулері бойынша есер шығару біліктілігін тереңдету. Күрделенген есептерді оңайлатылған алгебралық әдістерді пайдалана отырып, әрі заттардың химиялық қасиеттерін, химиялық реакцияның жүру заңдылықтарын ескере отырып, жүзеге асыра білу.
Әдістемелі нұсқау
3-есеп Натрий мен калий хлоридтерінің 0,325г қоспасын суда еріткен. Сол ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін құйғанда жалпы массасы 0,717 грамм күміс хлоридінің тұнбасы түзілген. Бастапқы қоспадағы әр тұздың массалық үлесін есепте.
Шешуі:
Химиялық реакция теңдеуін жазайық.
(1)
(2)
Қоспадағы NaCl – нің массасын – хг
KCl – нің массасын – (0,325 – х)г болады.
№1реакция бойынша түзілген AgCl массасы – уг
№2 реакция бойынша түзілген AgCl(0,717 – у)г болады.
№1және №2 реакция бойынша, белгісіз заттың (х) екінші белгісіз зат (у) арқылы өрнектейміз. Ол үшін, 1реакция бойынша
хг – уг
58,5г – 143,5г
у=2,44х
№2реакция бойынша
(0,325г)-хг – (0,717-у)г
74,5г – 143,5г
осы жерде у-тің орнына мәнін қойсақ
(0,717-2,44х)·74,5=(0,325-х)·143,5
53,42 – 181,2х=46,64 – 143,5х
өрнекті ықшамдасақ
53,42 – 46,64= 181,2х – 143,5х
6,75=37,7х
х=6,75: 37,7
х=0,179
х=mNaCl=0,179г ал KCl – дің табу үшін 0,325 – 0,179=0,146г
б) Әрекеттесуші заттар қоспасының құрамын анықтау.
1-Есеп Массасы 50г кальций фосфаты, кальций карбонаты, аммоний карбонатынан тұратын қоспаны кептіргенде, 25,2г қатты қалдық алынды. Оған су қосып, артық мөлшерде көмірқышқыл газын жіберді. Ерімей қалған массасы 14 г.
Бастапқы қоспадағы аммоний карбонатының массасын анықта.
Қоспа құрамындағы әр заттың ерекше қасиетін есепке алу керек.
Кальций фосфаты Ca3(PO4)2 қыздырғанда төзімді, суда ерімейді. Аммоний карбонаты қыздыруға тұрақсыз. Кальций карбонатын қыздырғанда айырылады.
Шешуі: Химиялық реакция теңдеулерін жазайық.
(1)
Кальций карбонатынан қалған қатты қалдық суда еріп, көмір қышқыл газының артық мөлшерімен әрекеттесіп, ерімтал кальций гидрокорбанаты түзіледі.
(2)
(3)
Қоспаны кептіргеннен кейінгі қалған қалдық кальций фосфатынан кальций оксидінен тұрады.
m(CaO)+m[Ca3(PO4)2]=25,2г
ал ерімей қалған қалдық – кальций фосфаты m [Ca3(PO4)2]=14г
m(CaO)=25,2-14=11,2г
№2 реакциядан ν(CaO)=ν(CaCO3)=0,2моль болса
m(CaCO3)=M(CaCO3)·ν(CaCO3)=100г/моль·0,2моль=20г
олай болса
m[(NH4)2CO3]=m(қоспа)-[m(CaCO3+m(Ca3(PO4)2]=
=50г- (20г+14г)=16г демек, (NH4)2CO3 массасы – 16г
В) 2-Есеп Қоспа құрамы – төрт түрлі заттан тұрады.
Массасы 40г мыс (ІІ), кремний оксиді, мырыш оксиді және мырыштан тұратын қоспаны сұйытылған күкірт қышқылымен өңдегенде 4,48л газ бөлінді. Қышқылда ерімеген қалған заттар кальций нирленген содамен қосып балқытылғанда 3,36 л газ бөлінді. Қорытпаны сумен өңдегенде ерімей қалған қалдықты концентрлі күкірт қышқылымен өңдегенде 2,24л газ бөлінді. Қоспадағы мырыш оксидінің массалық үлесін анықта.
Шешуі: Қатар реацияға түсетін әр заттың қасиетін еске түсіру арқылы есептеп шығаруға болады.
Қоспа құрамындағы төрт заттың екеуі сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттеседі.
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2 (1)
ZnO+H2SO4= ZnSO4+H2О (2)
№1 реакциядан бөлінген сутегі көлемі бойынша мырыш массасын анықтаймыз. болады m(Zn)=M(Zn)·ν(Zn)=65г/моль·0,2моль=13г
Қоспадағы қалған қалдықты содамен балқытқанда кремний оксиді әрекеттеседі.
SiО2 + Na2СO3=Na2SiO3+CO2 ↑ (3)
Бөлінген көмірқышқыл газының көлемі бойынша кремний оксидінің массасын есептейміз.
№3 реакция теңдеуі бойынша
ν(CO2) =ν(SiO2). m(SiO2)=M(SiO2)·ν(SiO2)=60г/моль·0,15моль=9г
Сумен өңдегенде натрий силикаты суда ериді, ал қалған қалдық мыс – концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеседі.
Cu+H2SO4=CuSO4+SO2 ↑ + 2H2O (4)
Бөлінген SO2 – нің көлемі бойынша мыстың массасын табамыз
№4 реакция теңдеуі бойынша ν(SO2)=ν(Cu)=0,1моль
m(Cu)=M(Cu)·ν(Cu)=64г/моль·0,1моль=6,4г
Қоспа құрамындағы үш заттың массасы белгілі болғандықтан, төртінші заттың массасын оңай табуға болады.
m(ZnO)=m(қоспа) - [m(Zn)+m(Cu)+m(SiO2)=40-(13+6,4+9)=11,6г
%
демек, қоспадағы ZnO-ның массалық үлесі 29%
г) Қоспадағы бастапқы заттарды кейбір қасиеттеріне қарай отырып, қоспа құрамына кіретін заттарды анықтауға болады.
Бір валентті екі металдың нитраттарын кептіргенде бөлінген газдың көлемі 8,96л болды. Қалған қатты қалдықты сумен өңдегенде біраз бөлігі ериді, ал ерімей қалған затқа концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде коңыр түсті, көлемі 4,48л газ бөлінді. Нитраттың біреуінің массасы 34г, екінші нитраттың массасы 20,2г. Химиялық реакция теңдеулерін жазып, қандай металдардың нитраттары екенін анықта.
Есепті шығаруға басшылыққа алатын мәлімет – қоңыр газ. Ол азот (IV) оксиді NO2. Ол концентрлі азот қышқылы активтігі төмен металдармен әрекеттескенде түзіледі.
(1)
Бөлінген NO2-нің көлемі бойынша металдың зат мөлшерін табуға болады.
Яғни, қоспадағы бір нитраттың зат мөлшерін білдік. Мольдік массасын анықтауға болады.
х1+14+48=170
х1=108 Ar(Me1)=108
M2(MeNO3)=101 г/моль Яғни
х2+14+48=101
х1=39 Ar(Me2)=39
Ar = 108 бұл активтілігі төмен күміс
Ar = 39 бұл активті калий
Концентрлі HNO3 – пен реакцияға түсетін күміс
Ag+2HNO3=AgNO3+NO2+H2O
Қыздырғанда тұрақсыз күміс нитратының ыдырауынан түзілді
2AgNO3 =2Ag+2NO2+O2
Екінші нитрат сілтілік металдың нитраты болуы керек, себебі ыдырау өнімі суда еритін өнім, ол – нитрит
2MeNO3=2MeNО2+O2 ↑ (3)
(№2 №3) реакция кезінде газдар бөлінеді
ол газдың зат мөлшерін тапсақ, ν(газ) =
№2 реакциядан ν(NO2)=ν(AgNO3)=0,2моль
ν(O2)= моль
бұдан n3(O2)=0,4-0,3=0,1моль
n3(MeNO3)=2·n3(O2)=2·0,1=0,2моль, яғни бұл KNO3 деген сөз.
Оқушылар үшін.
Түтікте көлемі 25мл болатын оттек пен сутек қоспасы бар, олар өзара әрекеттескенде 7мл оттек артық қалған. Бастапқы қоспадағы оттегінің көлемдік үлесін анықта. (Жауабы 52%)
Массасы 60г темір мен мыс қоспасын хлорлау үшін керекті галогеннің көлемін тап. Қоспадағы мыстың массалық үлесі 53,3% (Жауабы 28л)
Күні:
11-сынып
16-сабақ Металл мен ерітінді арасында жүретін орынбасу реакциялары бойынша берілген есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Металдардың активтік қатарына байланысты металл мен ерітінді арасындағы химиялық реакция негізінде есептеу жүргізудің мәнін түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау : «Стандарттық электродтық потенциялдар» қатары бойынша металдардың қасиетіне негізделген. Орынбасу реакциялары ерітінді мен металл арасында жүріп, пластинканың ауырлауы немесе жеңілдеуі бір-бірімен алмасатын металдардың атомдық массаларының айырмасына байланысты екенін есеп шығаруда басшылыққа алу.
1-Есеп Массасы 8г темір пластинка мыс сульфатының ерітіндісіне батырылған. Біраздан кейін пластинканы ерітіндіден шығарып алып, құрғатып, қайтадан алынғанда оның массасы 8,77г болған. Ерітіндіге ауысқан темірдің және пластинканың бетіне қонған мыстың массаларын табу.
Шешуі: Химиялық реакция теңдеуін жазайық.
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu
Пластинка массасының өзгеруі темірдің еруіне (пластинканың жеңілдеуі) және оның орнына мыстың қонуына (пластинка ауырлады) байланысты.
Мұнда ерітіндіге кететін металдың (Fe) атомдық массасынан пластинканың бетіне қонатын металдың (Cu) атомдық массасы үлкен болғандықтан реакция нәтижесінде пластинка ауырлайды. 64г/моль – 56г/моль = 8г/моль
есептің шарты бойынша реакция нәтижесінде пластиканың массасы
Δm=8,77 – 8 = 0,77г ауырлаған
Есепті ары қарай бірнеше тәсілмен шығаруға болады
Егер, 64г Cu бөлінгенде 8г ауырласа
х г Cu бөлінгенде 0,77г ауырлады.
(Cu)
ал, ерітіндіге ауысқан темір массасын табу үшін
егер, 56г Fe ауысқанда 8г ауырласа,
у г Fe ауысқанда 0,77г ауырлады.
реакция нәтижесінде 5,39г темір ерітіндіге ауысса, оның орнына 6,16г мыс пластиканың бетіне қонған.
2-әдіс. Реакцияға түсетін темірдің зат мөлшері – х моль, бөлінген мыстың да зат мөлшері – у моль болғаны.
Егер зат мөлшерінен (m=Mν) массаға көшсек, темір массасы 56х грамм, қонған мыстың массасы 64х грамм
Бастапқы пластиканың масасы 56х г азайып, бірақ, 64х г көбейгенін ескеріп, теңдеу құрамыз.
8 – 56 + 64х = 8,77 8х=0,77 х=0,096 (моль)
Ерітндіге ауысқан темір масасы.
m(Fe)=M(Fe)·ν(Fe)=56г/моль·0,096моль=5,39г
темірдің орнына қонған мыстың массасы
m(Cu)=M(Cu)·ν(Cu)= 64г/моль·0,096моль=6,16г
2- Есеп Массасы 100г мырыш пластинкасы күміс (І) нитраты ерітіндісіне батырылған. Біраздан соң пластинканы ерітіндіден шығарып алып құрғатып, қайтадан өлшегенде оның массасы 7 г артқан. Ерітіндіге ауысқан мырыштың және пластинканың бетіне қонған күмістің массасын табу керек.
Шешуі: Химиялық реакция теңдеуін жазамыз.
Zn + 2AgNO3 = Zn(NO3)2 + 2Ag
65г/моль 108г/моль
Пластинка массасының артуы мырыштың еруіне және оның орнына күмістің қонуына тікелей байланысты. Оған қосымша 1 моль мырыш 2 моль күмісті ығыстырып шығарып отыр. Егер, 65г мырыш еріп, күміспен алмасқанда пластинканың массасы 2·108-65=151 г артса, онда Хг мырыш еріп, күміспен алмасқанда пластинканың массасы 7г артады, олай болса
65г Zn бөлінгенде 151 г ауырласа,
Хг Zn бөлінгенде 7 г ауырлады.
216г күміс ауысқанда 151г ауырласа,
у г күміс ауысқанда 7г ауырлады
(күміс)
2-әдіс Мырыштың зат мөлшері х – моль
ал күмістің зат мөлшері 2х –моль болады
зат мөлшерінен массасына көшсек,
мырыш массасы – 65х грамм
күміс массасы – 216х грамм болады
Бастапқы пластиканың массасы 65х г азайып, бірақ 216х г көбейгенін ескеріп, теңдеу құрсақ.
100 – 65х + 216х=100 + 7
151х=7
х
Ерітіндіде ауысқан мырыштың массасы
m(Zn)=M(Zn)·ν(Zn)=65г/моль·0,0464моль=3г
m(Ag)=M(Ag)·ν(Ag)=108г/моль·0,0464моль=10г
3-Есеп Массасы 20г мыс пластинканы күміс нитратының ерітіндісінде реакция толық аяқталғанша батырып ұстағанда оның массасы 19%-ке артқан. Бастапқы ерітіндідегі күміс нитратының массасын есептеу.
Cu + 2AgNO3 = Cu(NO3)2 + 2Ag
64г/моль 108г/моль
Пластинканың ауырлауына мыстың еріп, ал оның орнына күмістің қонуына байланысты. Пластинканың массасы оның бастапқы массасының 19%-не артуы (100г – 19г)
100 – 19г
20 – хг грамға артқан.
Ерітіндіге ауысқан мыстың зат мөлшері х моль Бөлінген күмістің зат мөлшері 2х моль.
Зат мөлшерін массаға ауыстырсақ, ауысқан мыстың массасы
64х г, қонған күмістің массасы 216х г.
Теңдеу құрамыз.
20 – 64х+216х=20+3,8
152х=3,8
х
Реакция нәтижесінде 0,025 моль мыс ерітіндіге ауысқан химиялық реакция теңдеуі бойынша (2моль AgNO3) ν(AgNO3)=2·0,025=0,05
Оның массасы
m(AgNO3)=M(AgNO3)·ν(AgNO3)=170г/моль·0,005моль=8,5г
4-Есеп Күміс нитратының массасы 50г 6% - дың ерітіндісіне мыс фольгасы салынған. Біраз уақытттан кейін фольганың массасы 0,42г ауырлаған. Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массалық үлесін есептеу.
Шешуі: реакция теңдеуі бойынша
Бастапқы ерітіндідегі күміс нитратының массасын табамыз.
m(AgNO3)=mер·W(AgNO3)=50г·0,06=3г
Егер реакция нәтижесінде 2 моль күміс бөлінгенде фольга массасы
216г – 64г= 152г ауырласа
Х моль күміс бөлінгенде 0,42г ауырлайды
2моль – 152г
х моль – 0,12г
Реакция теңдеуі бойынша
m(AgNO3)= M(AgNO3)·ν(AgNO3)=170г/моль· 0,0055моль= 0,935г
Реакциядан кейінгі ерітіндідегі
m(AgNO3)=3 – 0,935=2,065г
ерітінді массасы:
m(ер)=50+
108г/моль=50г+0,176г – 0,594г=49,582г
Достарыңызбен бөлісу: |