Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры


ІІІ. Жаңа өнім алуға арналған есептер



бет40/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
ІІІ. Жаңа өнім алуға арналған есептер.
1-Есеп Мынадай заттар берілген: Натрий карбонаты, кальций гидроксиді, азот қышқылы. Осы заттарды пайдаланып, үш түрлі әдіспен кальций карбонатын ал.
Шешуі: Na2CO3 – тұз, Ca(OH)2 –негіз, HNO3 –қышқыл.
Берілген заттардың бір-бірімен әрекеттесу мүмкіндігін қарастырсақ;

  1. Na2CO3 + Ca(OH)2 = CaCO3 ↓ + 2NaOH

Na2CO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + CO2 + H2O
Ca(OH)2 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + 2H2O
Яғни, кальций карбонатын алудың бір ғана жолы анықталды.

  1. Бастапқы заттардың реакция өнімдерімен әрекеттесу мүмкіндігін қарасақ.

Ca(NO3)2 + Na2CO3 = CaCO3 ↓ + 2NaNO3
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 ↓ + H2O
Кальций карбонатын алудың үш жолы анықталды.
Берілген заттар бір-бірімен әрекеттеседі сол мүмкіндігін қарастырсақ ;
1) Nа2СО3 + Са(ОН)2 = СаСО3↓ + 2NаОН
2СО3 + 2НNО3 = 2NаNО3 + СО2 + Н2О
Са(ОН)2 + 2НNО3 = Са(NО3)2 + 2Н2О
Яғни, кальций карбонатын алудың бір ғана жолы анықталды.
2) Бастапқы заттардың реакция өнімдерімен әрекеттесу мүмкіндігін қарасақ,
Са(NО3)2 + Nа2СО3 = СаСО3↓ + 2NаNО3
Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + H2O
Кальций карбонатын алудың үш жолы анықталды.


Еесп - 2 Мыс(ІІ) оксиді берілген. Мыс(ІІ) гидроксидін ал.
Шешуі : (Қателеспе !) Мыс(ІІ) оксиді сумен әрекеттесе ме? деген сұрақтан кейін оқушылар қателік жібермеуге тырысады.
Суда ерімейтін негіздердің ерімтал тұздары сілтімен әрекеттескенде түзіледі.
СuО + Н24 CuSO4 + H2O
CuSO4 + 2NaOH = Cu(ОН)2↓ + Na2SO4
Тұнбаны сүзу арқылы бөліп аламыз.


ІV. Қоспаны бөлу арқылы жаңа өнім алу.


Мырыш нитраты мен қорғасын нитратының қоспасынан таза мырыш нитратын бөліп ал.
Берілген екі затта тұздарға жатады, әрі аниондары бірдей, катиондарының қасиетін ескереміз.
Ол үшін қоспаны суға салып ерітеміз, яғни мырыш түйірін салсақ (артық мөлшерде.)
Zn0 + Pb(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Pb0
Ерітіндіні сүзіп, кептіріп, таза мырыш нитратын алуға болады, ал қорғасын сүзгіде қалады.



    1. Химиялық құбылыстарды бақылау арқылы зерттеу.



Күнделікті өмірде, табиғатта, химиялық тәжірибелер жасау кезінде әртүрлі құбылыстар байқалады. Есептер шығару барысында олардың ерекшеліктерін анықтауға болады.
Есеп. Пробирканың жартысына дейін бром суы құйылған, оған мырыш ұнтағын салып, шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап қыздыру керек, тұнбаның тұнуын күту крек.
Егер, түссіз ерітінді пайда болса, теңдей екі пробиркаға бөліп, біреуіне хлор суын, екіншісіне күміс нитратының ерітіндісін құямыз, қандай өзгеріс болатынын бақылаңдар.
Шешуі: Есептің шартында реакцияға алынған заттар, тәжірибенің жүргізілу реті көрсетілген. Ары қарай оқушы химиялық құбылыстарды бақылай отырып, қорытынды жасауы керек.

  1. Бром – галоген, мырыш – белсенді металл. Бром мен мырыш әрекеттесіп, тұз түзеді. Егер мырыш жеткілікті алынса, реакция аяғына дейін жүріп, бром суы түссізденеді. Ал артығымен алынса, реакцияға түспеген бөлігі, пробирканың түбіне тұнбаға түседі. Түссіз сұйықтық – мырыш бромидінің ерітіндісі .

  2. Хлор суы қосылған пробиркада ерітінді түсі өзгереді, себебі: хлор (электр терістілігі жоғары) бромды ерітіндіден ығыстырады. Ерітінді – қоңыр түске өзгереді.

Cl2 + ZnBr2 = ZnCl2 + Br2

  1. Күміс нитраты қосылған пробиркада ашық сары тұнба пайда болады.

ZnBr2 + 2AgNO3 = 2AgBr ↓ + Zn(NO3)2 (ерігіштік таблицасына қара)


Оқушыларға қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер

1. Сборник задач по химии «для поступающих в вузы». Хомченко П.П., Хомченко И.Г., - Новая волна, 1998.


2. Самоучитель по решению химических задач. Егоров А.С., - Феникс, 2001.


3. Задачи химических олимпиад. Сорокин В.В., СвитанькоИ.В., - МГУ, 1989.


4. Методика решение задач по химиии. Ерыгин Д.Г.,


Шишкин Е.А. – Просвещение, 1989.

5. Задачи по химии для абитуриентов. Кузьменко Н.Е., Магдесиева Н.Н., Еремин В.В., -


Просвещение, 1992.

6. 500 задач по химии. Гудкова А.С., Ефремова К.М., Магдесиева Н.Н., Мельчакова Н.В.,


- Просвещение, 1981.

7. Химиядан олимпиада есептері. К.Бекішев., - Алматы: “Мектеп”, 2002.


8. Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға дағдыландыру. М.Ж. Жадрина., -


Рауан, 1990.

9. Химия есептері Қ.Бекішев,Алматы: «Білім баспасы»,2007


10 Практическая химия К.Сарманова «Білім баспасы»,2007


11.Шығарылған химия есептері Қ.Бекішев –Алматы: Қаржы –Қаражат,1997.




Пайдаланған негізгі әдебиеттер:

1. Қ.Бекішев «Химия есептері» Оқу құралы Алматы «Білім» 2005 жыл


2. М. Б.Усманова, К.Н. Сақариянова «Сандық есептер шығару әдістемесі» 8-11 Алматы «Атамұра» 2004 жыл
3. Ә.Темірболатова Н. Сағымбекова, С. Әлімжанова «Химия» тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007 жыл
4.Ә. Темірболатова «Химия» 9 есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы «Мектеп» 2005жыл
5. К.Н. Шабдаров «Химияны оқыту тәжірибесі» Алматы «Мектеп» баспасы 1996 жыл
6. И.Н. Чертков, П.Н.Жуков «Химиический эксперимент» с малыми реактивов Москва «Просвещение» 1989 год
7. Т.С.Назарова, А.А.Грабецкий, В.Н.Лаврова «Химический эксперимент в школе» Москва «Просвещение» 1987 год
8. В.И.Сушко под редакцией М.А.Прокофьева, И.Н.Черткова «Химия в школе» Москва «Просвещение» 1987 год
9. Ж.Шоқыбаев, Ж.Бегалиев «Жалпы химия практикумы» Алматы «Рауан» 1994 жыл
10. Ә. Шолақтегі «Жалпы химиядан есептер шығару үлгілері және есептер жинағы» тараз 2003жыл
11. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова «Химия» 9 сынып Алматы «Атамұра» 2005 жыл
12. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова «Химия» дидактикалық материалдар 9 сынып. Алматы»Атамұра» 2005 жыл
13.А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. 2004ж.
14.Қ. Бекішев. Химия есептері. 2007 ж
15.Г. П Хмченко. Химия. Жоғары оқу орындарына түсіушілерге арналған 1998ж
16.Г.М.Байназарова, Б.М. Бутин, С.Ж. Жайлау, Қ.М. Қуатбеков. Жалпы химия.2006ж
17. Сарбаева Г.Т. Баешов А. Баешова А.Қ. «Аналитикалық химия пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар мен лабораториялық жұмыстардың» жинағы.Шымкент2003ж.
18. Сарбаева Г.Т. «Аналитикалық химия» Кентау-2007жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет