Оқушылар үшін.
Массасы ІІ валентті металл сульфидін өртегенде бөлінген газ 80 грамм бромы бар ерітіндіні түссіздендірді. Өртелген қай металл сульфиді екенін анықта.
Массасы 58,6г белгісіз І валентті металдың сусыз тұзын кептіргенде су және көмір қышқыл газы бөлінеді. Бөлінген көмір қышқыл газын қыздырылған көмірдің үстінен өткізгенде газ көлемі 4,48л (қ.ж) артты. Қай металдың тұзы алынғанын анықта. (RbHCO3)
Массасы 60 грамм металл (ІІ А топшасында орналасқан) азотпен әрекеттесіп, нитрид түзеді, гидролизі кезінде металл гидроксиді және аммиак түзіледі. Түзілген аммиактың катализдік тотығуы кезінде 50%-дық шығыммен 11,2 литр азот (ІІ) оксиді түзілді. Бастапқы металды анықта. (Са)
Массасы 1 грамм сілтілік металл 100г сумен әрекеттескенде 287мл газ бөлінді. Қай металл екенін анықта. Түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табу керек. (1,42%)
Достарыңызбен бөлісу: |