Еритін және ерімейтін заттар
Ерігіштік шамаларына қарай заттарды:
- жақсы еритіндер - қаныққан ерітіндідегі массасы судың массасымен шамалас (мысалы, 20°-та КВr ерігіштігі 65,2 г/100 г Н2О; 4,6М ерітінді);
- аз еритіндер - қаныкқан ерітіндідегі массасы судың массасынан әлдеқайда аз (мысалы, 20°С-та CaSO4 ерігіштігі 0,206 г/100 г Н2О; 0,015M ерітінді);
- іс жүзінде ерімейтіндер - қаныққан ерітіндідегі массасы еріткіштің массасымен салыстыруға келмейтіндей аз (мысалы, 20°С-та AgCl ерігіштігі 0,00019 г /100 г Н2О, 0,0000134M ерітінді).
Сұйылтылған және концентрациялы ерітінділер
Еріген заттың мөлшері аз ерітінділерді сұйылтылған ерітінділер деп, ал еріген заттың мөлшері көп болса, олардыконцентрациялы деп атайды. Мәселен, 1%-ті және 0,1М КВr ерітінділері - сұйылтылған ерітінділер, ал 32%-ті және 4,ЗМ КВг ерітінділері концентрациялы ерітінділер болады. Осыған қарағанда концентрациялы ерітінділерді жақсы еритін заттар ғана түзе алады, ал сұйылтылған ерітінділерді кез келген ерігіштігі бар заттар түзе береді.
Зертханалық тәжірибелерде В затының сұйылтылған ерітінділерін массалық үлесі ω’в және массасы m'(ер) болатындай сол заттың концентрациялы ерітіндісінен (ω”в, m”(ер) сипатталатын) сумен сұйылту арқылы дайындайды.
Ерігіштік – бұл заттың суда немесе басқа еріткіште еру қасиеті.
Заттардың ерігіштігі берілген жағдайда (Р.Т) оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясымен сипатталады.
Заттың ерігіштігі оның берілген температурадағы қаныққан ерітіндісінің 100г массасындағы еріген заттың массасымен (W) немесе еріткіштің 100г массасында оның берілген температурада қаныққан ерітінді түзілгенше еритін массасымен анықталады. Ол ерігіштік коэффициенті (S) деп аталады.
Кез-келген заттың жоғарғы температурадағы қаныққан ерітіндісін суытқанда еріген заттың біразы кристалданып, тұнбаға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |