3. Еріген заттың моляльдық концентрациясын есептеу.
Күкірт қышқылының 15% – тік ерітіндісінің тығыздығы 1,105 г/мл. Осы ерітіндінің моляльдық концентрациясын есептеу.
Шешуі: Ерітіндінің 1л көлемін аламыз
mер=1000мл·1,105г/мл=1105г.
Проценттік концентрация шамасы бойынша
100г ерітіндіде 15г H2SO4 болса,
1105г ерітіндіде х г H2SO4 болады.
х=1105г·0,15=165,75г. (H2SO4)
1105г – 165,75=939,25г(Н2О)
Моляльдық концентрация шамасы бойынша,
939,25г суда 165,75г H2SO4 болса,
1000г суда х г H2SO4 болады.
(H2SO4)
Оның зат мөлшері:
ерітіндінің моляльдық концентрациясы 1,8моль/кг
4. Еріген заттың титрі.
Күкірт қышқылының 15% - тік ерітіндісінің тығыздығы 1,105г/мл. Осы ерітіндінің титрін есептеу керек.
Шешуі: Ерітіндінің 1 л көлемін аламыз. Оның массасы
mер=100мл·1,105г/мл=1105г
15% - тік ерітіндінің массалық үлесі 0,15 таза күкірт қышқылының массасын табамыз.
m(H2SO4)=mер·W=1105·0,15=165,75г
Титр ұғымы бойынша
Оқушылар үшін.
Көлемі 400мл, тығыздығы 1,1 г/мл массалық үлесі 0,15 болатын күкірт қышқылының ерітіндісіне 60г су құйғанда алынған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесін тап. (жауабы 13,2%)
Достарыңызбен бөлісу: |