Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры


-сабақ. Заттың химиялық формуласын электробейтараптық принципі бойынша табу



бет12/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Күні:
Сыныбы: 11

7-сабақ. Заттың химиялық формуласын электробейтараптық принципі бойынша табу

Сабақтың мақсаты: Заттың молекулалық формуласын табу үшін заттың құрамына кіретін бір немесе бірнеше элементтің массалық үлесі белгісіз болуы мүмкін кезде электробейтараптық принципін қолдану тәсілдерін меңгеру.


Әдістемелік нұсқау:
Электробейтараптық принципі, оның мәні. Химиялық элементтің тотығу дәрежесі туралы мәлімет.
Электробейтараптық принципі – химиялық қоспаның құрамына кіретін элементтердің зарядтарының қосындысы нольге тең, себебі заттың молекулалық заряды жоқ.
Заттың берілген үлгісіндегі әр элемент атомдарының бойындағы заряд сол элементтің атомдарының зат мөлшеріне (моль) тура пропорционал. Оны табу үшін белгісіз заттың 100г массасын қарастырады. Сонда заттың 100г үлгісіндегі әр элементтің массасы сан жағынан сол элементтің берілген заттың құрамындағы проценттік мөлшеріне тең. Табылған әр элементтің массаларын олардың атомдарының мольдік массасына бөлсек, зат мөлшері анықталады.
Электробейтараптық принципінің теңдеуі.

Мұнда: n(Э1) – бірінші элементтің тотығу дәрежесі.
m(Э1) – заттың 100г үлесіндегі бірінші элементтің массасы.
M(Э1) – бірінші элемент атомының мольдік массасы.
1 – Есеп. Белгісіз тұздың құрамында 31,8% калий, 39,2% оттек бар қалғаны қышқыл түзетін бір элемент. Тұздың формуласын табу керек.
Шешуі: Калийдің сыртқы қабатында 1 электрон ғана бар яғни, оң тотығу (+1) дәрежесін көрсетеді, ал оттек тұздардың құрамында (-2) тотығу дәрежесін көрсетеді.
Электробейтараптық теңдеуін құрсақ.

Оны шешу жолы:

Аr = 18096n/2549 = 7,1n Аr = 7,1n
Енді n – нің (тотығу дәрежесі) мүмкін болатын мәндерін қойып, оған сәйкес шығатын Ar мәнінің мағынасын салыстырсақ,
n=1 Ar=7,1 литий қышқыл түзбейді азотқа жақын (+2)-де азот
n=2 Ar=14,2 қышқыл түзе алмайды.
n=3 Ar=21,3 бұл неон, натрий қышқыл түзбейді. Бұл кремний (+4) те қышқыл түзеді. Оған K2SiO3 – сәйкес келеді. Бұл
n=4 Ar=28,4 жерде W(K)=51% есеп шартында W(K)=31,8%
n=5 Ar=35,5 бұл хлор хлор қышқыл түзсе HClO3 – оған КClO3
сәйкес келеді ж/е есептеу бойынша W(K)=31,8% ―
бұл есептің бойынша шешуі бола алады.
n=6 Ar=42,6 ― элемент жоқ.
n=7 Ar=49,6 титан мен ванадийге жақын, бірақ олар+7 тотығу дәрежесін көрсетпейді.
n=8 Ar=56,7 бұл темірге жақын, темірдің мұндай қосылысы әзірге табылған жоқ. Олай болса, есептің жауабы КClO3

2 – Есеп.
Тұрақсыз анорганикалық қышқылдың құрамында сутек, оттек және күкірт бар. Ондағы күкірттің массалық үлесі 56,14%. Қышқылдың формуласын табу керек.
Шешуі:
Заттың құрамына кіретін элементтер түрі белгілі. Қышқыл құрамына кіретін сутектің тотығу дәрежесі +1, оттектікі -2, ал күкірттің тотығу дәрежесі айнымалы болғандықтан оны “n” деп белгілейік.
Электробейтараптық теңдеуін құру үшін тағы бір элементтің массалық үлесін білуіміз керек. Сутектің массалық үлесін – “х” десек, онда оттектің массалық үлесі W(O)=100 – 5614-x=43.86x болады.
Электробейтараптық теңдеуін жазсақ,

[Ar(H)=1 Ar(S)=32 Ar(O)=16]
өрнекті ықшамдаймыз
32х+56,4n – 175,44+4х=0
36х=175,44 – 56,4n
х=4,87 – 1,56n.
Қоспадағы сутектің массалық үлесі теріс сан болуы мүмкін емес. Күкірттің тотығу дәрежесі +1, +3 болуы керек.
n=2 болса, онда сутектің массалық үлесі ал оттектің мссалық үлесі 4386 – х=42,1
Яғни, массаларының қатынасы
Енді зат мөлшерлерінің қатынасын табайық.
ең кішісіне бөлсек
1 : 1 : 1,5 екі еселесек,
2 : 2 : 3 H2S2O3 - тиокүкірт қышқылы.
3 – Мысал. Белгісіз зат оттектен, азоттан, фосфордан және сутектен тұрады. Оның құрамындағы оттектің массалық үлесі 52,83%. Оның формуласындағы азот пен фосфор атомдарының саны бірдей, ал сутек атомдарының саны азот пен фосфор атомдарының сандарының қосындысынан 2,5 есе көп. Заттың 1 молінің массасы 150г мен 300г аралығында. Белгісіз заттың формуласын табу керек.
Шешуі: Белгісіз заттың формуласын NxHYPzOk деп белгілеп, оның 100г үлгісін қарастырайық. Ондағы оттектің массасы сан жағынан проценттік мөлшеріне тең яғни, 52,83г. Оның зат мөлшері
Басқа элементтердің массаларының қосындысы
100 – 52,83=47,17г
Есеп шарты бойынша

Осы жағдайда есекере отырып, теңдеу құрсақ,

Енді ν(Н) пен ν(Р) мәндерін ν(N) арқылы өрнектейік.

бұдан, ν(N)=0,94=ν(P). ν(Н)=2,5[ν(N)+ν(P)]=2,5·2·0,94=4,72
одан. х:у:z:k=0,94:4,72:0,94:3,3=1:5:1:3,5=2:10:2:7
яғни, іздеп отырған формуламыз N2Н10Р2О7
M=212г/моль есеп шартына сай келеді. Бұл заттың аты аммоний дигидродифосфаты (NH4)2Н2Р2О7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет