Күні:
Сыныбы: 11
4-сабақ. Белгісіз заттың формуласын табу.
Сабақтың мақсаты: типтік есептер шығару үлгілерін меңгеру үшін VIII-IX сыныпта алған теориялық білімдерінің негізінде күрделендірілген есептерді логикалық әдістер бойынша есептеуге үйрету және есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгерту.
Әдістемелі нұсқау:
Химиялық қосылыстардың формулаларына байланысты негізінен екі түрлі есептеулер жүргізуге болады. Егер, химиялық қосылыстың формуласы белгілі болса, онда оның құрамына кіретін әр атомның массалық үлесін табуға болады. Қосылыс құрамына кіретін элементтердің моль сандарының ең кіші қатынасын көрсететін ең қарапайым формуласын табуға болады. Заттың молекулалық формуласын табу үшін химиялық анализ мәліметіне қоса оның буының тығыздығы арқылы эмпирикалық формуланы нағыз химиялық формулаға ауыстыруға болады.
Есептер шығару:
Белгісіз заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша оның қарапайым эмпирикалық формуласын табу.
1. Құрамында 42,1% натрий, 39,0% оттек және 18,9% фосфоры бар белгісіз заттың ең қарапайым формуласын табу керек.
Шешуі: Берілген заттағы әр элементтің моль сандарының ең кіші қатынасын табуымыз керек. Белгісіз заттың массасын 100г деп аламыз. Сонда белгісіз заттың 100 грамында 42,1г натрий, 39,0 г оттек, 18,9г фосфор болғаны. Әр элементтің моль санын табу үшін
; бұдан химиялық формуласын пайдаланамыз.
Бұл сандардың қатынасын бүтін сандарға сәйкес келтіру үшін математикалық әдіс қолданады. Ең кіші мәнді (0,61) анықтап, табылған мәндердің әрқайсысын осы ең кіші мәнге бөледі.
Сонда
х:у:z=3:1:4 орнына қойсақ Na3PO4 болады
2. Газ тәрізді заттың буының тығыздығы бойынша оның формуласын табу.
Құрамында 54,55% көміртек (С), 9,09%, сутек (Н) және 36,36% оттек (О) бар белгісіз заттың сутек бойынша тығыздығы 22. Ол зат күміс оксидін оңай тотықсыздандырып, қышқылға айналады. Белгісіз заттың құрылымдық формуласын табу керек.
Шешуі Мұндай есептерді бірнеше әдіспен шығаруға болады.
1 - әдіс. Белгісіз заттың 100 грамын қарастырамыз. Сонда заттың құрамындағы әр элементтің массасы оның проценттік мөлшеріне сан жағынан тең болады. Демек, онда m(C)=54,55гр, m(Н)=9,09 , m(О)=36,36гр болғаны әр элементтің зат мөлшерін табамыз.Ол үшін әр элемент атомдарының массаларын оның атомдарының мольдік массасына бөлеміз.
бүтін санға айналдырсақ,
Белгісіз заттың эмпирикалық формуласы С2Н4О болғаны.
2-әдіс Әр элементтің массалық үлесі белгілі болғандықтан, массалық үлес табудың математикалық өрнегін пайдалануға болады.
(1)
W – белгісіз заттың құрамында берілген элементтің массалық үлесі (%)
Mr – белгісіз заттың салыстырмалы молекулалық массасы.
Аr – берілген элементтің салыстырмалы атомдық массасы.
n – белгісіз заттың молекуласындағы берілген элементтің атом саны.
Mr=2 Mr=2·22=44
Табылған мәнді формулаға қойып, әр элементтің моль санын есептейміз.
Белгісіз заттың формуласы С2Н4О .
3-әдіс Белгісіз заттың салыстырмалы молекулалық массасын тауып алсақ.
Mr=2·
Әр элементтің белгісіз зат молекуласындағы массалық үлесі және салыстырмалы молекулалық массасы бойынша белгісіз заттың 1 моль мөлшеріндегі әр элементтің массасын табамыз.
m(C)=Mr·W(C)=44·0,5455=24г
m(H)=Mr·W(H)=44·0,0909=4г
m(О)=Mr·W(О)=44·0,3636=16г
Енді әр элементтің атомдық массасын пайдалана отырып, зат мөлшерін табуға болады.
Белгісіз заттың формуласы С2Н4О .
4-әдіс Осындай есептерді шығару үшін бұрыннан пайдаланып келе жатқан классикалық әдіске тоқтасақ, белгісіз заттың 100 грамын қарастырамыз.
54,55г С - 9,09г Н.
12г С - х г Н.
54,55г С - 36,36г О.
12г С - у г О.
ал
Белгісіз заттың құрамындағы элементтің зат мөлшерінің қатынасы
бүтін сан қатынасына көшсек,
Белгісіз заттың эмпирикалық формуласы С2Н4О
Достарыңызбен бөлісу: |