Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры



бет30/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Электролиз.
23, 24 - сабақ
Сабақтың мақсаты: Гальваникалық элементтерді химиялық реакциялар және металдардың табиғатта кездесуі туралы білім негізінде электролиз туралы, оның бағыты бойынша гальваникалық элементтерде жүзеге асатын тотығу-тотықсыздану үрдісі арқылы металл алу әдістеріне арналған есептерді шығару.


Әдістемелі нұсқау: Электролиз деп – электролит ерітіндісінің немесе балқымасының тұрақты электр тогының әсерінен айырылу үрдісін айтады. Электролиз кезінде тотығу-тотықсыздану үрдісі жүреді. Электролиттердің судағы ерітінділерінің электролизі кезінде электродта бөлінетін өнімдерді болжау үшін мынадай эмпирикалық ережелерді қолдануға болады.

  1. Металдардың актив қатарында басынан бастап, алюминийге дейін тұрған металдардың тұздарының судағы ерітінділерінің электролизі кезінде катодта алдымен сутек иондары (су молекуласы) тотықсызданады.

+ + 2е = Н20

  1. Активтік қатарда сутектен кейін тұрған металл тұздарының судағы ерітінділерінің электролизі кезінде катодта алдымен металл иондары тотықсызданады.

Cu2+ + 2e = Cu0

  1. Активтік қатарда алюминий мен сутектің аралығында тұрған металдардың тұздарының судағы ерітінділерінің электролизі кезінде катодта сутек пен металл иондары қатарласа тотықсызданады.

  2. Оттексіз қышқылдардың немесе олардың тұздарының судағы ерітінділерінің электролизі кезінде анодта алдымен оттексіз аниондар тотығады.

2F - – 2e = F20
Оттекті қышқылдардың немесе олардың тұздарының судағы электролизі кезінде анодта алдымен оттексіз аниондар тотығады, содан кейін су молекулалары тотығады.
4ОН- + 4е = О2 ↑ + 2Н2О


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет