Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры



бет28/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Күні:
11-сынып
20 – сабақ Химиялық тепе-теңдік. Ле – Шателье принципі.
Сабақтың мақсаты: Өндірістік мәні бар реакциялардың көпшілігі бір мезгілде тура және кері бағытта жүреді, ал өнім алу үшін қай реакцияның жылдамдығын өзгертуге болатынын анықтау жолдарын есептеу.
Әдістемелік нұсқау: Кез-келген тепе-теңдік тепе-теңдік константасымен сипатталады.
;
мұнда : p,q,m,n–стехиометриялық коэффициент
[А][В][С][D]–реакцияға қатынасушы заттардың тепе-теңдік кездегі мольдік концентрациясы.
[А][В]–тура реакцияда
[С][D]–кері реакцияда.
Тепе-теңдік константасының физикалық мәні егер әрекеттесуші заттар мен реакция өнімдерінің концентрациялары бірге тең болса, онда тепе-теңдік константасы тура реакцияның кері реакциядан неше есе жылдам жүретінін көрсетеді.
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына концентрация, қысым (газдары) әсер етеді.

  1. Қайтымды реакцияға қатынасатын реагенттердің біреуін толық пайдалану үшін оның екіншісін артық мөлшерде алу керек.

  2. Реакция өнімдері қайтадан әрекеттесіп, кері реакция жүрмес үшін, олардың біреуін реакция жүретін жүйеден шығарып отырса, тепе-теңдік сол шығарылған заттың орнын толтыратын бағытқа ауады.

Қысымның тепе-теңдікке әсері:
б) Қысым ұлғайғанда тепе-теңдік жалпы көлем (молекула саны) азаятын бағытқа қарай ығысады.
в) Температураның әсері, ол Вант-Гофф ережесімен болжанады.
Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік жылу сіңіре жүретін реакция бағытына, температураны төмендеткенде тепе-теңдік жылу бөле жүретін реакция бағытына қарай ығысады.
Химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын Ле-Шателье-Браун принципін қолданып, болжауға болады. Химиялық тепе-теңдік күйінде тұрған жүйенің жағдайын (концентрация, қысым, температура) өзгерткенде, тепе-теңдік сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығысады.
Есеп шығару:
1-Есеп. Сутек пен иодтың бастапқы концентрациялары 0,02моль/л, ал иодсутектің тепе-теңдік кезіндегі концентрациясы 0,03моль/л. Сутек пен иодтың тепе-теңдік кезіндегі концентрацияларын және тепе-теңдік константасын табу керек.
Шешуі:
Н2 + J2 = 2НJ
Химиялық реакция теңдеуі бойынша 1 моль сутек пен йод әрекетттескенде 2 моль йодсутек түзілді.
Теп-теңдік кезіндегі йод сутек концентрациясы (НJ)=0,03моль/л болса, онда йод пен сутектің мөлшері:

йод пен сутектің тепе-теңдік кезіндегі концентрациясы
моль/л
моль/л



Олай болса, Кmm=36
2-Есеп СО + Сl2 =СОСl2 жүйесіндегі заттардың теп-теңдік кезіндегі концентрациялары
[Сl2]=0,3моль/л [СОСl2]=1,2моль/л
[СО]=0,2моль/л
Тепе-теңдік константасын және хлор мен көміртек (ІІ) оксидінің бастапқы концентрациясын табу керек;
Шешуі:
Реакция теңдеуі бойынша:
1,2моль СОСl2 – түзілу үшін 1,2моль СО ж/е 1,2моль Cl2
яғни, [СО]баст=[СО] + [СОСl2]mm=0,2моль + 1,2моль=1,4моль
[Сl2]баст=[Сl2]mm + [СОСl2]mm=0,3+1,2=1,5моль/л

олай болса, Кmm=20
3-Есеп Қайтымды 2SO2 + O2 =2SO3 + Q
реакциясы тепе-теңдікке келген кездегі әр заттың концентрациясы мынадай;
моль/л =0,004 моль/л
[SO3] = 0,003моль/л
Оттек пен күкірт оксидінің (ІV) бастапқы концентрациясын есептеу.
Шешуі; Реакция теңдеуі бойынша 2 моль SО2 мен 1 моль О2 әрекетттескен- де 2 моль SO3 түзілді. Яғни, оттектің мөлшері екі есе аз екен.
[SО2 ]баст =[SО2 ]тт + [SО2 ]= 0,0002+ 0,003 = 0,0032
2 ]баст =
4 -Есеп Белгілі бір температурадағы Н2 + Вr2 = 2НВr реакциясының тепе-теңдік константасы Ктт = 1,0. Егер реакцияға 1 моль Н2 және 2моль Вr2 алынған болса, тепе-теңдік жүйедегі қоспаның құрамы қандай болғаны.
Шешуі:
Реакцияның тепе-теңдік константасы :

Ктт =


Тепе-теңдікке жеткенше әрекеттескен сутектің зат мөлшері х моль десек,
ν(Н2) = (1–х)моль
ν(Вr2) = (2–х)моль
ν(НВr) = 2х моль
сонда Ктт =
2 = (1–х)(2–х) = 2–2х–х+х2
Квадрат теңдеуі шешсек,
х1,2 =
ν(Н2) = 1–х = 1–0,45 = 0,55моль
ν(Вr2) = 2–х = 2–0,45 = 1,55моль
ν(НВr) = 2·0,45 = 0,9моль


5-Есеп. Ыдыста үш газдың қоспасы берілген. Олардың бастапқы концентрациялары [А]=1 моль/л [В] = 2моль/л және [С]=0,01моль/л. Біраз уақыт өткеннен кейін ыдыстың ішінде мынадай химиялық тепе-теңдік орнады.
3А + В < = > С Егер “А” затының концентрациясы 30%-ға кемісе, тепе-теңдік орнаған кездегі әр заттың концентрациясы және тепе-теңдік константасы қандай болғаны?
Шешуі: Егер тепе-теңдік орнағанға дейін “А” затының концентрациясы 30% кемісе, онда 1·0,3=0,3 моль/л. “А” заты реакцияға түскен. Реакцияға түскен “В” және “С” заттарының концентрацияларының өзгерістері.
[В]= және
[С]=2[В]=0,2моль/л
Олай болса, теп-теңдік арнаған кездегі әр заттың концентрациясы.
[А] = 1моль/л–0,3моль/л = 0,7моль/л
[В] = 2моль/л–0,1моль = 1,9моль/л
[С] = 0,01моль/л+2моль = 0,21моль/л
К =




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет